Кесте 62 — Акша каражаттар шығыстарының қүрамы мен қүрылммм
1.Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты.
1. Табиғаттың және қоғамдық өмірдің құбылыстарын зерделеу талдаусыз мүмкін емес. Талдау термині - грек сөзінің «анализ», яғни аударғанда «бөлу», «бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді. Осыған орай, талдау - қысқартып айтқанда құбылыстарды бөлшектеу немесе қатты толық зерделеу үшін, олардың бөліктерін, элементтерін құрамдарға бөлшектеу. Бұл жағдай экономикалық құбылыстар мен процестерге тікелей қатысты. Мысалы: Пайданың мәнін түсіну, оның алудың көздерін білуді, сонымен қатар оның ауқымын анықтайтын факторларды анықтауды қажет етеді. Бірақ, талдау зерттеліп жатқан затты синтезсіз, толық ашып, көрсете алмайды. Яғни, байланыс пен тәуелділікті оның бөліктерімен алмасу, яғни оның толық бөлінуге болмайды. Мысалы: Пайданы зерттеген кезде, оған әсер ететін факторлардың өзара байланысын, қарым-қатынасын бірге зерттеу керек. Тек, талдау мен синтез бірге болғанда ғана заттар мен құбылыстарды ғылыми зерттеу қамтамасыз етіледі.
Экономикалық талдау жеке ғылым болып XX ғасырдың I-жартысында пайда болды.
Экономикалық талдаудың мақсаттары:
Объектінің жағдайларына нақты баға беру
Қойылған талаптан айырмашылығын көрсету
Активтер мен міндеттемелердің өзгерістеріне әсер ететін факторларды зерттеу
Экономикалық талдаудың негізгі объектісі болып шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері табылады.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық талдау басқарушылық және қаржылық болып екіге бөлінеді.
Экономикалық талдау Басқарушылық талдау
Ішкі талдау Қаржылық талдау Сыртқы талдау
Мұндай бөлу коммериялық құпияларды сақтау заңы іс-ірекетіменен негізделген және тәжірибе жүзінде бухгалтерлік есеп жүйесінің кәсіпорын көлемінде басқару және қаржылық есепке бөлуіне байланысты, ал есеп беру басқарушылықжәне қаржылық есеп беру болып бөлінеді. Басқарушылық есеп беру өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құны жайлы немесе өтпей қалған тауарлар төменгі сападағы тауарлар туралы сыртқы тұлғалардан қатал құпияда ұсталынатын деректері бар есеп қисап.
Ал қаржылық есеп беру - бұл кәсіпорын жағдайын білу үшін оның қаржы жағдайы мен шаруашылық қызметінің есеп беру жылындағы нәтижесімен танысу үшін акционерлерге, банктерге, сақтандыру компанияларына, мемлекеттік ұйымдарға арналған арнайы анықтама және қаржы газеттерінде, бухгалтерлік бюллетеньдерінде жарияланатынесеп беру. Басқаруды талдау тек ішкі ғана болып бөлінбейді. Ол өндірістік және қаржылық талдауға бөлінеді және барлық экономикалық ақпараттарды қолданады. Тек қана осындай талдау кәсіпорынның жағдайын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Сол кәсіпорынның басшылары талдау жүргізгенде өндірістік талдаумен бірге бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтеріне негізделген қаржылық талдау да жүргізіледі.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;