2.Экономикалық талдаудың негізгі түрлері
2. Экономикалық әдебиет беттерінде шаруашылық қызметін талдау түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Олардың ішінде жиі кездесетіндері мен терең зерттелгендері келесілер:
1. Салалық белгісі бойынша ШҚТ екі түрге бөлінеді:
- Салалық (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, құрылыс, сауда, т.б.), яғни жеке саланың ерекшелігін ескеретін талдау.
- Салалық емес (экономикалық талдау теориясы), яғни талдаудың ортақ теориялық және әдістемелік негізі.
2. Уақыт белгісі бойынша:
- Алдын-ала талдау (перспективалық) – шаруашылық іс-әрекеттерін жүргізбестен бұрын, жоспарлар мен басқару шешімдерін негіздеу үшін жүргізіледі.
- Кейінгі талдау (ретроперспективалық, тарихи) – кәсіпорын қызметінің нәтижесіне баға беру үшін жүргізіледі.
Перспективалық және ретроперспективалық талдаулар бір-бірімен тығыз байланысты. Ретроперспективалық талдаусыз перспективалық талдау жүргізу мүмкін емес. Өткен кезеңдерде кол жеткізілген жетістіктерді талдау кәсіпорын қызметінің тенденциясын, заңдылықтарын, пайдаланылмаған мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ал олар болашақта экономикалық көрсеткіштер деңгейін негіздеу үшін қажет.
Өз кезегінде ретроперспективалық талдау оперативті және қорытынды талдау болып бөлінеді. Оперативті талдау шаруашылық іс-әрекеті жүзеге асырылғаннан кейін немесе қысқа уақыт аралығында нақты жағдай өзгергеннен кейін бірден жүргізіледі. Оның мақсаты – кемшіліктерді жылдам анықтап, оны өзгертуге ықпал ету.
Қорытынды талдау есепті мерзім үшін (ай, тоқсан, жыл) жүргізіледі. Оның құндылығы талдаудың есепті мәліметтерге сүйеніп кешенді және жан-жақты жүргізілуінде.
Перспективалық талдау уақытына байланысты қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді талдау бір жылға дейінгі мерзімді , ал ұзақ мерзімді талдау – бір жылдан үзақ мерзімді қамтиды. Қысқа мерзімді талдау кәсіпорынның тактикалық, ол ұзақ мерзімді - стратегиялық саясатын қалыптастыру үшін пайдаланылады. Бұл жерде екінші түрінің маңызы зор, себебі егер кәсіпорынның стратегиялық дамуы дұрыс айқындалса, тактикалық шешімдер қабылдау жеңіл болады.
Достарыңызбен бөлісу: |