Факторлық талдаудың міндеттері :
1. зерттелетін көрсеткіштерді талдау үшін факторларды бөліп алу;
2. факторларды жіктеу мен жүйелеу;
3. нәтижелік және факторлық көрсеткіштер арасындағы байланыстарды үлгілеу;
4. нәтижелік көрсеткішке факторлардың әсерін есептеу және оның орнын бағалау;
5. факторлық үлгімен жұмыс жасау (оны экономикалық үрдістерді басқару үшін пайдалану).
8.Экономикалық талдаудың факторларын жіктеу және жүйелеу.
Факторлық талдаудың нәтижелілігі белгілі бір деңгейде факторларды дұрыс жіктей алуға да байланысты. Себебі ол нәтижелік көрсеткішті қалыптастырудағы әр фактордың орны мен рөлін бағалауға мүмкіндік береді. Талдаудағы факторлар түрлері белгілері бойынша жіктеледі (3.1-кесте).
Табиғи – климаттық факторлар ауыл шаруашылығында, орман, балық шаруашылығында шаруашылық қызметінің нәтижесіне елеулі ықпал етеді. Олардың әсерін есепке алу шаруашылық субъектілерінің қызмет нәтижесіне нақты баға беруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік – экономикалық факторларға жұмыскерлердің тұрмыстық жағдайы, кәсіпорындағы мәдени – спорт шараларды ұйымдастыру деңгейі, кадрлардың білім деңгейі, т.б. жатады. Өндірістік – экономикалық факторлар кәсіпорынның орналасқан жерімен байланысты (жол, байланыс, өткізу нарығы, т.б.).
Шаруашылық қызметінің нәтижесіне әсер ету деңгейі бойынша факторлар негізгі және қосалқы болып бөлінеді.
3.1. кесте Шаруашылық қызметін талдаудағы факторлардың жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |