Индекстік әдіс
Экономикалық құбылыстарды салыстырмалы талдаудың қуатты құралы – индекстер. Индекс – бұл қандай да бір құбылыстың екі жағдайының қатынасын бейнелейтін статистикалық көрсеткіш. Индекстер көмегімен көрсеткіштер жоспармен, динамикада салыстырылады.
Индекстер қарапайым (жеке) және аналитикалық (жалпы, агрегатты) болып бөлінеді. Қарапайын индекстер тек жеке құбылыстың өзгерісін сипаттайды және басқа құбылыстардан байланыссыз қарастырылады. Мысалы:
ip = p1/p0; iz = z1/z0; iq = q1/q0.
Аналитикалық индекстерде зерттелетін құбылыс басқа белгілермен байланыста алынады. Ол үнемі екі компоненттен тұрады: индекстелетін белгі және салмақтық белгі. Салмақтық белгілер көмегімен салыстыруға келмейтін экономикалық құбылыстардың динамикасын есепке алуға мүмкіндік туындайды. Мысалы:
Ip= немесе Ip=
Достарыңызбен бөлісу: |