1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Факторлық талдаудың түсінігі, мақсаты және типтері



бет13/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

7.Факторлық талдаудың түсінігі, мақсаты және типтері.
1.Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық құбылыстары мен үрдістері өзара  байланыс пен тәуелділіктен тұрады. Олардың біреулері өзара тікелей байланыста болса, екіншілері оларға жанама ықпал етеді.

Талданатын әрбір құбылысты себеп ретінде де, нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Мысалы, жылдық еңбек өнімділігін өндіріс көлемін өзгертудің себебі ретінде қарауға болады, ал екінші жағынан, оны еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудің, еңбек үрдісін  автоматтандырудың нәтижесі ретінде де бағалауға болады. Егер белгілі бір көрсеткіш бір не бірнеше себептердің салдары ретінде бағаланса, онда байланыстарды оқу кезінде оны нәтижелік көрсеткіш деп алады. Ал нәтижелік көрсеткішті анықтаушы белгілер факторлық көрсеткіштер деп аталады.

Әрбір нәтижелік көрсеткіш сан алуан факторлардан тәуелді. Нәтижелік көрсеткіш деңгейіне  факторлардың әсері терең зерттелген сайын, талдау нәтижесі де нақты болады. Осы себепті шаруашылық қызметін талдаудың маңызды әдістемелік сұрағы – экономикалық құбылыстардың деңгейіне факторлардың әсерін оқу мен анықтау болып табылады. Факторларды терең, әрі жан-жақты зерттеусіз қызмет нәтижесі туралы негізделген қорытындылар жасап, өндірістік резервтерді анықтап, басқарушылық шешімдерін қабылдау мүмкін емес.

Факторлық талдау дегеніміз – нәтижелік көрсеткіштер деңгейіне факторлардың әсерін кешенді және жүйелі зерттеудің әдістемесі.

Факторлық талдаудың келесідей түрлері ажыратылады:


    • детерминирленген (функционалдық) және стохастикалық (корреляциялық);

    • тікелей (дедуктивтік) және кері (индуктивті);

    • бір сатылы және көп сатылы;

    • статикалық және динамикалық;

    • ретроперспективалық және перспективалық.

  Детерминирленген факторлық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткішпен байланысы функционалды, яғни факторлар нәтижеге тікелей әсер ететін жағдайларда қолданылады.

Стохастикалық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткішпен байланысы толық емес, мүмкін, ықтималды жағдайларда қолданылады.

Тікелей факторлық талдауда зерттеу дедуктивті әдіспен – жалпыдан жекеге, ол кері факторлық талдауда зерттеу логикалық индукция әдісімен – жеке факторлардан жалпылаушы факторларға қарай жүргізіледі.

Факторлық талдау бір сатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Бір сатылы талдау кезінде факторлар жіктелмейді, мысалы, у = а * в. Көп сатылы факторлық талдау барысында а мен в факторлары құрамдас бөліктерге жіктелуі мүмкін, мысалы, а = с *d,  сонда  y = c * d * b.

Статикалық факторлық талдау нәтижелік көрсеткішке факторлардың ықпалын белгілі бір мерзімге анықтауды көрсетсединамикалық талдауда себеп салдарлық байланыстар динамикада зерттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет