1. Жоспарлы тапсырманың салыстырмалы көлемі жоспарланған деңгейдің (Уж) базисті жылғы (өткен жыл, соңғы 3-5 жылға орташа) деңгейге (У0) қатынасы:
ЖТСК = Уж/У0
Бұл көрсеткіш жоспар бойынша зерттелетін көрсеткіш көлемін өткен жылдармен салыстырғанда қанша есеге немесе неше пайызға өсіру қарастырылғандығын көрсетеді.
2. Жоспардың орындалуының салыстырмалы көлемі нақты деңгейдің (У1) жоспарлы деңгейге (Уж) қатынасы:
ЖОСК = У1/Уж
Бұл көрсеткіш жоспардың орындалу деңгейін сипаттайды.
3. Динамиканың салыстырмалы көлемі (өсу қарқыны) қол жеткізілген деңгейдің (У1) базисті деңгейге қатынасы (У0):
ДСК = У1 / У0
Бұл көрсеткіш құбылыстың уақыттағы өзгерісін сипаттайды.
4. Құрылымның көрсеткіші - жеке элементтердің жиынтықтағы үлесі.
Достарыңызбен бөлісу: |