1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Координацияның салыстырмалы көлемдері –



бет11/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

5. Координацияның салыстырмалы көлемдері – жиынтық элементтерінің өзара қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер. Мысалы,  меншікті және тартылған капиталдың, негізгі және айналыс қорларының қатынасы.

6. Интенсивтіліктің салыстырмалы көлемдері -  қандай да бір құбылыстың белгілі бір ортада таралу, даму деңгейін сипаттаушы көрсеткіштер, мысалы, жоғары дәрежелі жұмыскерлер үлесі, жоғары сапалы өнім үлесі, т.б.

7. Тиімділіктің салыстырмалы көлемдері – бұл нәтижені пайдаланылған ресурстармен не шығынмен салыстыру арқылы анықталатын көрсеткіштер, мысалы, 1 тг. шығынға пайда, 1 жұмыскерге пайда, т.б.

Экономиалық талдау тәжірибесінде абсолютті және салыстырмалы көлемдермен қатар, орташа көлемдер де жиі қолданылады. Олар бірегей құбылыстардың жиынтығына жалпылама ортақ сипаттама беру үшін пайдаланылады. Орташа көлемдер көмегімен түрлі объектілерді бір-бірімен салыстыруға болады, мысалы кәсіпорындарды орташа айлық жалақы деңгейі бойынша, аймақтарды орташа дақыл өнімділігі бойынша, т.б.

Экономикалық талдауда орташа көлемдердің түрлі типтері

 (қарапайым және өлшенген арифметикалық, орташа гармоникалық, орташа геометриялық, орташа хронологиялық, орташа квадраттық, т.б.) пайдаланылады, оларды есептеу әдістемесі статистиканың жалпы теориясы курсында терең қарастырылады.

Шаруашылық қызметін талдау барысында орташа көлемдер жаппай мәліметтерге сүйене отырып, құбылыстарға жалпылама сипаттама беретіндігін ескеру қажет. Осыған байланысты нашар көрсеткіштер мен оң жетістіктер орташа көрсеткіштің тасасында байқалмай қалуы  мүмкін. Сол себепті талдау барысында орташа көрсеткіштерді ең нашар және ең жақсы көрсеткіштермен де салыстырып отыру қажет.

 Мәліметтерді топтау әдісі

 Шаруашылық қызметін талдауда ақпараттарды топтау – зерттелетін объектілер жиынтығын тиісті белгілері бойынша сандық жағынан бірегей топтарға бөлуді сипаттайды. Талдаудың мақсатына қарай типологиялық, құрылымдық және аналитикалық топтаулар қолданылады.

Типологиялық топтаулардың мысалына кәсіпорындарды меншік түрлері бойынша топтастыруды, тұрғындарды қызмет түрі бойынша топтастыруларды жатқызуға болады.

Құрылымдық топтастыру көмегімен көрсеткіштердің ішкі құрылымы, олардың элементтерінің арақатынасы зерттеледі. Олардың көмегімен жұмыскерлердің мамандығы, жасы, еңбек өтілі бойынша құрамы; өндірістің арту қарқыны бойынша кәсіпорындар тобы талданады.

Аналитикалық топтастырулар зерттелетін көрсеткіштер арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды оқу үшін пайдаланылады. Топтастыру белгісі сандық не сапалық болуы мүмкін.

Топтау жүргізу кезектілігікелесідей:

1.     талдаудың мақсатын анықтау;

2.     объектілер жиынтығы бойынша қажетті ақпараттар жинау;

3.     топтау белгісі бойынша жиынтықты ранжирлеу;

4.     бөлу интервалын анықтау және жиынтықты топтарға бөлу;

5.     топтау және факторлық белгілер бойынша орташа топтық көрсеткіштерді анықтау;

6.     алынған орташа көрсеткіштерді талдау,  көрсеткіштер арасындағы байланысты оқу.

Осылайша, ақпараттарды топтастыру көрсеткіштер арасындағы байланысты оқуға, талдау мағлұматтарын жүйелеуге, негізгі және барлығына ортақ құбылысты анықтауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет