1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі



бет7/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап
Boykova N N - Oftalmologia, биз талдау экз сурак жауап
4. Экономикалық талдау әдістерінің түсінігі.
Талдау  әдісі – бұл кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатымен экономикалық ақпараттар жүйесін арнайы тәсілдермен өңдеу арқылы кәсіпорын қызметінің нәтижесіне факторлардың әсерін кешенді, жүйелі оқу мен есептеу, жалпылау.

ШҚТ әдісі аналитикалық зерттеудің бірқатар  нақты әдістемелері арқылы көрініс табады. Әдістеме дегеніміз қандай да бір тапсырманы тиімді жүзеге асырудың тәсілдерінің, тәртіптерінің жиынтығы.

Кешенді талдау әдістемесі келесі кезеңдерді қамтиды:


    • талдау объектісін анықтау;

    • талдаудың мақсаттары мен міндеттерін айқындау, талдау жоспарын дайындау;

    • талдау объектісі сипатталатын көрсеткіштер жүйесін белгілеу;

    • қажетті ақпаратты жинау мен оны тексеру;

    • талдау объектісінің нәтижелік көрсеткіштерін жоспармен, өткен жылғы деңгеймен, басқа кәсіпорын көрсеткіштерімен, сала көрсеткіштерімен салыстыру;

    • нәтижелік көрсеткішке факторлардың әсерін есептеу;

    • өндіріс тиімділігін арттырудың пайдаланылмаған және басым резервтерін анықтау;

- анықталған резервтерді енгізудің нәтижелерін есептеу және оны жүзеге асыру шараларын қарастыру.

Теория мен тәжірибе тұрғысынан аналитикалық зерттеулерді осындай кезектілікпен жүргізу неғұрлым оңтайлы болып саналады. Талдаудың мақсаты мен ақпарат көзіне байланысты шаруашылық қызметін талдауда түрлі тәсілдер қолданылады. Олардың жіктелуі 1-суретте бейнеленген.



 

1 сурет.  Шаруашылық қызметін талдау әдістерінің жіктелуі


2. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері: дәстүрлік және математикалық 

 Салыстыру танымның ғылыми тәсілдерінің бірі ретінде ШҚТ да кеңінен қолданылады. Оның мәні -  бірдей объектілерді олардың арасындағы ұқсастықты не айырмашылықты анықтау үшін салыстыруда. Салыстыру көмегімен экономикалық құбылыстардағы ортақ және ерекше белгілер, олардың даму заңдылықтары анықталады.

Талдауда салыстырудың келесідей түрлері қолданылады:

1. Қол жеткізілген нәтижелерді өткен кезеңдер деңгейімен салыстыру. Бұл кезде бүгінгі күннің нәтижесі кешегі күнмен, өткен аймен, тоқсанмен, өткен жылғы деңгеймен салыстырылады. Бұл зерттелетін құбылыстардың өзгеру тенденцияларын анықтап, экономикалық үрдістердің даму заңдылықтарын бағалауға мүмкіндік береді.

2. Көрсеткіштердің нақты деңгейін жоспарлы деңгеймен салыстыру. Мұндай салыстыру жоспардың орындалу деңгейін анықтап, кәсіпорынның пайдаланылмаған мүмкіншіліктерін анықтау үшін қажет.

3. Ресурс шығындарының  (материал, шикізат, энергия, т.б.) бекітілген нормаларымен салыстыру. Мұндай талдау өндіріс процесінде ресурстардың артық  не үнемді пайдаланылғанын анықтау үшін, оларды пайдалану тиімділігін бағалау үшін және ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы өндіріс көлемін арттыру мен өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін анықтау үшін қажет.

4. Ең жақсы нәтижелермен, яғни ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен, үлгілі тәжірибемен салыстыру.

5. Зерттелетін кәсіпорын көрсеткіштерін сала бойынша орташа көрсеткіштермен, ұқсас кәсіпорындар жетістіктерімен салыстыру кәсіпорынның басқа шаруашылық субъектілері арасындағы рейтингін анықтау үшін, кәсіпорынның даму деңгейіне объективті баға беру үшін қажет.

6. Экономикалық шешімдердің түрлі нұсқаларын салыстыру. Мұндай салыстыру басқару шешімдерін қабылдау барысында экономикалық шешімдердің ең оңтайлысын таңдау үшін қажет.

7. Белгілі бір факторды енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі шаруашылық қызметінің нәтижелерін салыстыру.

Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау негiзiнен салыстырмалы көрсеткiштерге  негiзделедi, себебi талдау барысында қаржылық есептiң абсолюттi көрсеткiштерiн салыстырмалы түрге келтiру өте қиын.

         Талданып отырған кәсiпорынның салыстырмалы көрсеткiштерiн келесiлермен салыстыруға болады:

1. Тәуекел деңгейi мен банкроттылық ықтималдылығына баға беру үшiн жалпы қабылданған, ғылыми негiзделген нормалармен салыстыру.

2. Кәсiпорынның күштi және әлсiз жақтарына, оның мүмкiншiлiктерiне баға беру үшiн басқа кәсiпорындардың көрсеткiштерiмен салыстыру.

3. Қаржылық жағдайдың өзгерiсiн динамикада бағалау үшiн алдыңғы кезеңнiң көрсеткiштерiмен салыстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет