Жіктеу белгісі | | Табиғаты бойынша |
Табиғи климаттық
|
Әлеуметтік – экономикалық
|
Өндірістік – экономикалық
|
Нәтижеге әсер ету дәрежесі бойынша
|
Негізгі
|
Қосалқы
|
Зерттеу объектісіне қатысы бойынша
|
Ішкі
|
Сыртқы
|
Зерттеу объектісіне тәуелділігіне байланысты
|
Объективті
|
Субъективті
|
Әсер ету ұзақтығына байланысты
|
Тұрақты
|
Өзгермелі
|
Әсер ету сипаты бойынша
|
Экстенсивті
|
Интенсивті
|
Бейнелейтін құбылысына байланысты
|
Сандық
|
Сапалық
|
Құрамы бойынша
|
Қарапайым
|
Күрделі
|
Тәуелділік деңгейі бойынша
|
Бірінші деңгейлі
|
Екінші деңгейлі, т.с.с.
|
Әсері есепке алыну мүмкіндігі бойынша
|
Өлшенетін (есепке алынатын)
|
Есепке алынбайтын
|
Таралу деңгейі бойынша
|
Жалпы
|
Арнайы
|
Негізгі факторлар нәтижелік көрсеткішке шешуші әсер етеді, ал қосалқы факторлар шешуші әсер етпейді. Бірақ бір фактор нақты қалыптасқан жағдайға байланысты негізгі де, кейде қосалқы да болуы мүмкін. Сол себепті көптеген факторлар арасынан негізгісін бөліп ала білуден талдау нәтижесі тәуелді болады.
Экономикалық құбылыстарды зерттеу кезінде ішкі және сыртқы, яғни кәсіпорын қызметінен тәуелді және тәуелді емес факторлаға бөлу үлкен маңызға ие. Талдау барысында негізгі назар кәсіпорын әсер ете алатын ішкі факторларға аударылуы қажет.
Дегенмен, қазіргі өндірістік қатынастардың дамуы жағдайында әр кәсіпорынның қызмет нәтижесі басқа кәсіпорындардың іс-әрекетінен де тәуелді, мысалы шикізат жеткізудің тұрақтылығы, оның сапасы, бағасы, нарық конъюнктурасы. Бұл факторлар сыртқы болып саналады. Олар зерттеліп отырған ұжымның әрекетін сипаттамағанымен, оларды зерттеу ішкі факторларды тереңірек зерттеп, өндірістің ішкі резервтерін толығырақ анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қызметіне оң баға беру үшін факторларды объективті және субъективті деп ажырату қажет.Объективті факторлар, мысалы табиғи апат, адамдардың әрекеті мен мақсатынан тәуелсіз. Ал субъективті факторларзаңды және жеке тұлғалардың іс-әрекетінен тәуелді.
Таралу деңгейі бойынша факторлар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы факторлар экономиканың барлық салалары үшін ортақ, барлық салаларға тән факторлар. Арнайы факторлар экономиканың жеке саласы не бір кәсіпорын жағдайында әрекет ететін факторлар. Факторларды мұндай жіктеу жеке кәсіпорындар мен өндіріс салаларының ерекшеліктерін толығырақ ескеруге, қызмет нәтижесіне объективті баға беруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ету ұзақтығына байланысты факторлар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді. Тұрақты факторлар зерттелетін құбылысқа үнемі, үздіксіз әсер етеді. Ал өзгермелі факторлардың әсері кезең сайын, уақытша болады, мысалы жаңа техника игеру, жаңа өнім шығару, жаңа технология енгізу, т.б.
Кәсіпорын қызметіне баға беруде факторларды экстенсивті және интенсивті деп бөлу үлкен мәнге ие.Экстенсивті факторлар өндіріске пайдаланылатын ресурстар көлемін көбейтумен байланысты, мысалы өндіріс көлемін егістік ауданын, мал басын, жұмыскерлер санын өсіру жолымен арттыру. Интенсивті факторлар ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылатумен, еңбек өнімділігін арттырумен байланысты, мысалы дақыл өнімділігін жоғарылату, мал өнімділігін арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату.
Талдау барысында нәтижелік белгіге әр фактордың әсерін сандық бейнелеу мақсаты қойылса, онда факторларды алдымен сандық және сапалық, қарапайым және күрделі, есепке алынатын не есепке алынбайтын деп бөліп алу қажет.
Сандық факторлар құбылыстардың сандық сипатын бейнелейді (жұмыскерлер, құрал-жабдық саны, егістік алқабы, т.б.), ал сапалық факторлар құбылыстың ішкі сапасын, белгілерін, ерекшеліктерін көрсетеді (еңбек өнімділігі, өнім бағасы, сапа, дақыл өнімділігі, т.б.).
Экономикадағы факторлардың көпшілігі құрамы бойынша күрделі факторлар, яғни бірнеше элементтерге жіктелетін факторлар, мысалы жылдық еңбек өнімділігі. Қарапайым факторлар құрамдас бөліктерге бөлінбейді, тек бір элементтен тұрады, мысалы жұмыскерлер саны, жылдағы жұмыс күндері, жұмыс күнінің ұзақтығы.
Кейбір факторлардың нәтижелік көрсеткішке әсері сандық бейнеленіп, есептеуге келсе, кейбір факторлардың әсері есепке алуға келмейді, мысалы жұмыскерлердің тұрғын үймен, балалар бақшасымен қамтамасыз етілуі, кадрлардың дайындық деңгейі, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |