Кас = есепке алынған өнім көлемі / өнімді өндірудің (өткізудің) базалық көлемі
Бұл коэффициенттің есептелуіне есепті кезеңдегі өнімнің әрбір түрінің нақты шығарылымы алынады. Бірақ бұл нақты шығарылым базалықтан (жоспарлы, өткен кезеңдегі) аспауы тиіс. Оның деңгейін 2 кесте мәліметтері бойынша есептейік.
Кас = 5000+17100 / 80000 = 0,84
Осы коэффициенттің деңгейіне қарап, кәсіпорынның ассортименттік саясатында өзгерістер болғанын көруге болады: бірінші бұйымның шығарылымы айтарлықтай ұлғайды, ал екінші бұйымның шығарылымы кеміді.
Өнімнің бір түрі бойынша өндіріс (сату) көлемінің ұлғаюы және өнімнің басқа түрі бойынша кемуі оның құрылымының өзгеруіне әкеледі, яғни бір өнім түрінде үлес салмағы ұлғайып отырса, ал басқасында кеміп отырады.
Кәсіпорындағы құрылымдық қалыптасудың интенсивтілігін сипаттау үшін белсенділіктің құрылымдық коэффициентін қолдануға болады. Ол келесідей анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |