К ырғақ =25+22+21+25=93 %
Кесте 4.10 Тоқсан бойынша өнім өндірудің ырғақтылығы
Тоқсан
|
өнімнің шығарылуы, мың, тг
|
өнімнің үлес салмағы, %
|
T0
|
T1
|
T0
|
T1
|
Бірінші
|
20000
|
24244
|
25,0
|
29
|
Екінші
|
20000
|
18392
|
25,0
|
22
|
Үшінші
|
20000
|
17566
|
25,0
|
21
|
Төртінші
|
20000
|
23408
|
25,0
|
28
|
Бір жылға барлығы
|
80000
|
83600
|
100
|
100
|
Вариация коэфиценті (Кв) тәулік ішіндегі жоспарлық тапсырмадан орташа квадраттық ауытқудың өнімді орташа тәуліктік (орташа декадалық, орташаайлық, орташа тоқсандық)жоспарлық өндіруге қатынасы арқылы анықталады:
√∑(Х-Х)2 \ n √ [(29-25)2+(22-25)2+(21-25)2+(28-25)2] / 4 3,54
Кв= ————— = —————————————————--- = —— = 0,14
хпл 25 25
Мұнда (х-х)2- орташатоқсандық (орташа айлық) тапсырмадан квадраттық ауытқу
n – кезең саны
хпл - орта тоқсандық жоспарланған өнім шығару
Біздің мысалда вариациялық коэффицент 0,14-ті құрайды. Бұл тоқсан бойынша өнім шығарудың графиктен шамамен 14 пайыз ауытқығанын көрсетеді.
Аритмитикалықтың себебі - өнімді өткізу қиындығы, ұйымдастырудың, өндірісті технологиялық және материалдық қамтамасыз етудің, сонымен қатар бақылау және жоспарлаудың төменгі деңгейі.
Өнімді өткізу мен тиеп жіберудің ырғақтылығы да осылай талданады.
18.Өнімді өндіру мен өткізуді арттырудың резервтері мен факторларын талдау.
Өнімді өндіру мен өткізу бойынша жоспар орындау мен динамиканы зерттей отырып, оның көлемінің өзгеруінің факторларын анықтау қажет (4.2 сурет).
Өнімнің сатылу көлемінің өзгерісі
Сурет 4.2 Өнімді өткізу көлемінің құрылымдық-логикалық факторлық үлгісі.
Өнімді өткізуді талдау әдістемесінің мынадай екі нұсқасы болуы мүмкін. Егер кәсіпорындағы түскен түсім тиелеген тауарлық өнімге байланысты анықталса, онда тауарлы өнім балансы келесі түрде болады:
ДӨб + ТӨ = ӨӨ + ДӨс
Бұдан
ӨӨ = ДӨб + ТӨ - ДӨс
Егер түсім өнім тиеліп жіберілгеннен түскен төлемнен кейін анықталса, онда тауарлық балансты мынадай түрде жазуға болады:
ДӨб + ТӨ + Тиб = ӨӨ + Тис + ДӨс
Бұдан
ӨӨ = ДӨб + ТӨ + Тиб - Тис - ДӨс
ДӨб, ДӨс - кезеңнің басы мен соңындағы қоймадағы дайын өнімнің қалдығы
ТӨ -тауарлы өнімді шығару құны
ӨӨ - есепті кезеңге өткізілген өнім көлемі
Тиб , Тис - кезең басына және соңына тиелген өнім қалдықтары
Өнімді сату көлеміне берілген факторлардың әсерін есептеу факторлық көрсеткіштердің нақты деңгейін базалық деректермен салыстыру және әрқайсысының абсолюттік және қатысты өсімдерін есептеу арқылы жүргізіледі. Бұл факторлардың әсерін зерттеу үшін, тауарлық өнім балансы талданады (4.11 кесте).
Кесте 4.11 Өнімнің сату көлемінің өзгерістерінің факторларын талдау
Көрсеткіш
|
Базалық бағадағы өнімнің құны, мың тг
|
Сату көлемінің өзгерісі
|
T0
|
T1
|
мың тг
|
%
|
Кезең басына дайын өнімнің қалдығы
|
4410
|
4500
|
+90
|
+4,6
|
Есепті кезеңге өнім шығару
|
80000
|
83600
|
+3600
|
+182,9
|
Кезең соңына дайын өнімнің қалдығы
|
2000
|
7658
|
-5658
|
-287,5
|
Өнімді сату
|
82410
|
80442
|
-1968
|
100
|
Әсіресе, өнімді өндіру және сату көлемін анықтайтын факторлардың әсерін зерттеуге үлкен көңіл бөлінеді. Оларды үш топқа біріктіруге болады:
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі және оларды қолданудың тиімділігі
ЖӨ = ЖС * ОЖӨ
ӨӨ = ЖС * ОЖӨ * Үөө
Мұнда ЖС - кәсіпорын жұмысшыларының орташа тізімдік саны
ОЖӨ - бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнім өндіру
Үөө - есепті кезеңде шығарылған өнім көлеміндегі өткізілген өнімнің үлесі
ЖӨ - жалпы шығарылған өнімнің құны
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі және оларды қолданудың тиімділігі
ЖӨ = НӨҚ * Ққ
ӨӨ = НӨҚ * Ққ * Үөө
Мұнда НӨҚ - кәсіпорнның негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық сомасы
Ққ - негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымдылығы
Өндірістің шикізатпен, материалдармен қамтамасыз етілуі және оларды қолданудың тиімділігі
ЖӨ = МШ * Мқ
ӨӨ = МШ * Мқ * Үөө
Мұнда МШ - өнімді өндіруге тұтынылған материалдық қорлардың сомасы.
Мқ - материал қайтарымдылығы (материалдық шығындардың бір теңгесіне шаққандағы өндірілген өнім )
Берілген факторлардың өнімді өндіру мен сату көлеміне әсерін детерминді факторлық талдаудың көмегімен есептеуге болады. Осыдан кейін өндірістің ұлғаюы мен өнімді сатудың резервтерін анықтайды.
4.3 сурет. Өнімнің көлемі мен өткізуді арттыру резервтерінің көздері.
Достарыңызбен бөлісу: |