1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты



бет33/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

6. Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті (Кжар.):

                               Негізгі қорлардың қалдық құны/

 КТ  =                               

                              Негізгі қорлардың бастапқы құны

 

         Қорлардың қызмет мерзімі мен моральдық тозу деңгейіне баға беру үшін қорлар қызмет ету мерзімі бойынша топтастырылып (5 жылға дейін, 5-10 жыл, 10-20 жыл, т.б.), құралдардың орташа қызмет ету мерзімі анықталады.



         Кәсіпорынның құрал-жабдықтардың, механизмдердің, көлік құралдарының жеке түрлерімен қамтамасыз етілуі олардың нақты қолда барын жоспарлы қажеттілікпен салыстыру арқылы анықталады. Ал кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуінің жалпылаушы көрсеткіштері – еңбектің қормен қарулануы мен  еңбектің техникалық қарулануы.

         Еңбектің қормен қарулануы өндірістік қорлардың орташа жылдық құнын ең үлкен ауысымдағы орташа тізімдік жұмыскерлер  санына бөлу арқылы анықталады, яғни 1 жұмыскерге келетін негізгі өндірістік қорлар құны.

         Еңбектің техникалық қарулануы өндірістік құрал-жабдықтардың орташа жылдық құнын ең үлкен ауысымдағы орташа тізімдік жұмыскерлер  санына бөлу арқылы анықталады.

         Жұмыскерлерді қорлармен қамтамасыз етудің нәтижесіне баға беру үшін еңбектің қормен қарулануының арту қарқыны еңбек өнімділігінің өсуімен салыстырылады. Еңбек өнімділігінің өсуі қормен қаруландырудың өсу қарқынынан алда болғаны дұрыс.

 

5.2 Кесте Негізгі қорлардың қозғалысы мен жағдайының көрсеткіштері



 Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

+,-

Негізгі қорлардың жыл басындағы құны, мың тг

145610

140550

-5060

Келіп түскен қорлар құны, мың тг

8340

30800

+22460

Есептен шыққан қорлар құны, мың тг

13400

11120

-2280

Негізгі қорлардың жыл соңындағы құны, мың тг

140550

160230

+19680

Жинақталған тозу сомасы, мың тг:

-жыл басы

-жыл соңы


 

56740


68440

 

68440


77140

 

+11700


+8700

Негізгі қорлардың қалдық құны, мың тг:

- жыл басы

- жыл соңы


 

88870


72110

 

72110


83090

 

-16760


+10980

Жаңару коэффициенті, %

5,9

19,2

+13,3

Жаңару мерзімі, жыл

17,4

4,6

-12,8

Шығу коэффициенті, %

9,2

7,9

-1,3

Арту қарқыны, %

-3,5

+14,0

+17,5

Жарамдылық коэффициенті, %:

- жыл басы

- жыл соңы


 

61,0


51,3

 

51,3


51,9

 

-9,7


+0,6

Тозу коэффициенті, %:

- жыл басы

-жыл соңы


 

39,0


48,7

 

48,7


48,1

 

+9,7


-0,6

 

         5.2 кесте мәліметтері бойынша негізгі құралдардың нақты құнының 19,2 пайызы осы жылы өндіріске енгізілген, егер негізгі қорлар осы қарқынмен ауыстырылса, онда толықтай 4,6 жылда бір рет  жаңарып шығады. Жыл басымен салыстырғанда қорлар құны 14 % ға артқан, сонымен бірге  негізгі қорлар құнының жартысына жуығы өнімнің өзіндік құнына ауысып үлгерген, демек қорларды техникалық тозған деп айтуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет