28. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау
Материалдық ресурстар өндіріс шығындарының елеулі үлесін алады, сол себепті оларды пайдалану тиімділігін талдау мен оны арттыру жолдарын іздестіру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды мәселе. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігіне сипаттама беру үшін жалпылаушы және жеке көрсеткіштердің жүйесі қолданылады.
Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттаушы жалпылама көрсеткіштерге келесілер жатады:
Материал қайтарымы - бұл көрсеткіш тұтынылған материалдық ресурстардың әрбір теңгесіне неше теңгенің өнімі өндірілгенін сипаттайды . Оны анықтау үшін өндірілген өнім құнын материалдық шығындарға бөлу керек.
Материал сыйымдылығы – бұл көрсеткіш өнімнің бір теңгесін өндіруге неше теңгенің материалдық ресурстары тұтынылғанын сипаттайды, яғни материалдық шығындар / өндірілген өнім құны.
Өндіріс көлемі мен материалдық шығындардың арту қарқындарының қатынасының коэффициенті - бұл көрсеткіш материал қайтарымының динамикасына салыстырмалы баға беруге мүмкіндік береді. Оны анықтау үшін жалпы өнім көлемінің индексін материалдық шығындар индексіне бөлу қажет.
Өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлесі – бұл көрсеткіштің динамикасы өнімнің материал сыйымдылығының өзгерісін сипаттайды.
Материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда – материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипааттаушы негізгі көрсеткіш, оны есептеу үшін негізгі қызметтен алынған пайда сомасын материалдық шығындарға бөлу қажет.
Материал сыйымдылығының жеке көрсеткіштері материалдық ресурстардың жеке түрлерін пайдалану тиімділігін (шикізат сыйымдылығы, металл сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, отын сыйымдылығы, т.б.) сипаттау үшін қолданылады.
Материал сыйымдылығының жеке көрсеткіштері құндық, натуралды не шартты-натуралды өлшем бірліктерінде есептелінуі мүмкін. Талдау барысында материалды пайдалану тиімділігінің жеке көрсеткіштері жоспарлы, базисті көрсеткіштермен салыстырылып, олардың ауытқу себептері анықталады.
Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттаушы негізі көрсеткіш – материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда(r).Оның деңгейінің жоғарылауы кәсіпорын қызметінің оң бағытқа өзгергенін көрсетеді. Оның деңгейі мен оған әсер еткен факторларды анықтау үшін келесі факторлық үлгіні пайдалануға болады:
r = R * d * m
мұндағы: П - өнім өткізуден алынған пайда (жалпы табыс); МШ -өндіріске жұмсалған материалдық шығындар сомасы; Т - өнім өткізуден алынған түсім; Q- жалпы өнім құны; R – сатудың рентабельділігі; d - жалпы өнімдегі түсімнің үлесі, m - материал қайтарымы.
7.4-Кесте. Материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайданы факторлық талдау
Көрсеткіштер
|
Жоспар
|
Нақты
|
Ауытқу, +-
|
Жалпы өнім құны, мың тг
|
198135
|
193190
|
-4945
|
Өнім өткізуден түскен түсім, мың тг
|
180303
|
181599
|
+1296
|
Жалпы табыс, мың тг
|
37541
|
29613
|
-7928
|
Материалдық шығындар сомасы, мың тг
|
56412
|
58644
|
+2232
|
Сатудың рентабельділігі, %
|
20,82
|
16,31
|
-4,51
|
Түсімнің жалпы өнімдегі үлесі
|
0,91
|
0,94
|
+0,03
|
Материал қайтарымы, тг
|
3,512
|
3,294
|
-0,218
|
Материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда, тиын
|
66,55
|
50,50
|
-16,05
|
Материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайданың өзгерісіне факторлар әсері, тиын:
- материал қайтарымы
- түсімнің жалпы өнімдегі үлесі
- сатудың рентабельділігі
|
х
х
х
|
х
х
х
|
-4,14
+2,06
-13,97
|
7.4 – кесте мәліметтері бойынша материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда сомасы жоспарланғаннан 16,05 тиынға төмен. Мұндай нәтижеге келесі факторлар әсер етті:
а) Материал қайтарымының 21,8 тиынға немесе 6,2 % ға төмендеуінен материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда 4,13 тиынға төмендеді:
(m1 – m0) * d0 * R0 = (3,294 -3,512)*0,91*20,82 = - 4.14 тиын
б) Жалпы өнімдегі түсімнің үлес салмағының 3 пайыздық пунктке өсуінен материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда 2,06 тиынға өсті :
m1 * (d 1 – d 0) * R0 = 3,294 * (0,94 -0,91)*20,82 = + 2,06 тиын
в) Сатудың рентабельділігінің 4,51 пайыздық пунктке төмендеуінен материалдық шығындардың 1 теңгесіне келетін пайда 13,96 тиынға кеміді :
m1 * d 1 * (R 1 – R0) * = 3,294 * 0,94*(16,31 -20,82) = -13,97 тиын
Достарыңызбен бөлісу: |