1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


    Материалдық ресурстарды басқару



бет42/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап
Boykova N N - Oftalmologia, биз талдау экз сурак жауап
29.    Материалдық ресурстарды басқару

        Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі  кәсіпорынның материалдық қорларын басқарудан да тәуелді, сол себепті  запастарды басқару – кәсіпорын қызметінің маңызды және өте жауапты бөлігі. Запастар көлемінің оңтайлылығынан кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесі тікелей тәуелді. Запастарды ұтымды басқару капиталдың айналымдылығын жоғарылатып, оның табыстылығын арттырады, оларды сақтау шығындарын кемітеді, қаражаттың бір бөлігін айналыстан босатып, оны басқа активтерге салуға мүмкіндік береді.

          Запастарды басқару келесілерді қамтиды:

                   тауарлы-материалдық қорлардың жалпы көлемі мен құрылымын оңтайландыру;

                   запастарды сақтау мен тасымалдау шығындарын кеміту;

                   запастардың қозғалысын тиімді бақылау жүйесін қалыптастыру.

Шет мемлекеттерде ағымдық запастар көлемін оңтайландыру үшін бірнеше үлгілер қолданылады, олардың ішінде ең кең тарағаны Тапсырыстың экономикалық негізделген үлгісі (EOQ-model).

         Бұл үлгі кәсіпорындағы запастарды күту бойынша жалпы шығындарды минималдауға негізделеді.  Ол шығындар екі топқа бөлінеді:

         а) тауарларды тасымалдау бойынша шығындар;

         б) тауарларды кәсіпорын қоймасында сақтау бойынша шығындар (қойма ғимараты мен жабдықтарын ұстау шығындары, жұмыскерлердің жалақысы, запастарға тартылған капиталдың бағасы, т.б.) .

         Тапсырыс көлемі үлкен болған сайын материалдарды тасымалдау саны кеміп, материалдарды тасымалдауға кететін жалпы шығын сомасы кемиді. Оны келесі формуламен есептеуге болады:

 Zт =             

 мұндағы: Zт - материалдарды тасымалдау бойынша шығындар; V - шикізат не материал түріне жылдық қажеттілік; q - 1 тапсырыстың орташа көлемі; Б - 1 тапсырысты орналастырудың орташа шығыны.

         Формула бойынша кәсіпорын үшін материалдарды үлкен көлемде тасымалдаған тиімді.

         Екінші жағынан, 1 тапсырыс көлемінің үлкен болуы қоймадағы запастар қалдығының көлемін көбейтіп, оларды күту бойынша шығындарды өсіреді.  Мысалы, материал 1 айда бір рет сатып алынса, онда оны сақтаудың орташа ұзақтығы 15 күнді құрайды, ал 2 айда бір рет сатып алынса – 30 күн, т.с. Осы байланысты ескере отырып , қоймадағы материалдарды сақтау шығындарын (Zс) келесідей анықтауға болады:

           Zс =              

мұндағы с – талданып отырған кезеңде өнім бірлігін сақтау шығыны.

         Ал екінші формула бойынша 1 тапсырыстың көлемі аз болған сайын, материалды қоймада сақтау шығындары кемиді.

         EOQ үлгісі шығындардың екі тобы арасындағы қатынасты жалпы шығындар сомасы минималды болатындай етіп оңтайландыруға мүмкіндік береді.  EOQ  математикалық түрде келесідей бейнеленеді:

 

EOQ =             

  мұндағы EOQ- 1 тапсырыстың оңтайлы орташа көлемі.

         Осы формула бойынша запастардың орташа оңтайлы көлемі (Зо.) келесідей анықталады:

       Зо. =                  

         Мысал:

         Кәсіпорынның шикізатқа жылдық  қажеттілігі  - 60 000  тонна; бір тапсырысты орналастырудың орташа құны - 850 000 тг; 1 т шикізатты сақтаудың орташа құны  - 1020 тг.

 

EOQ == 10 000 тонна

 

Зо. = тонна

         Тапсырыстың орташа көлемі 10 000 тонна болғанда кәсіпорынның материалдық ресурстарды тасымалдау мен сақтауға кететін шығындары минималды болады.

         Материалдық ресурстарды басқару облысында басқарушылық шешімдер қабылдауда АВС-талдаудың орны ерекше.  Бұл жүйеде запастардың барлық түрлері құны, қажеттілігі, жетіспеушілік жағдайында туындайтын салдарлары бойынша  үш топқа біріктіріледі.

         Запастардың А тобына қымбат бағалы, тапсырыс кезеңі ұзаққа созылатын материалдық ресурстар жатады. Материалдардың бұл түрінің жетіспеушілігі кәсіпорын қызметінің  қаржылық нәтижесіне елеулі ықпал етеді, сол себепті олардың жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отыру қажет.



Запастардың В тобына  өндіріс үрдісін үздіксіз жүргізу мен қаржылық нәтижеге әсері көп емес тауарлы-материалдық құндылықтар жатады. Бұл топтың запастары айына бір рет бақыланып отыруы тиіс.

Запастардың С тобына       құны төмен, қаржылық нәтижені қалыптастыруда маңызды орын алмайтын тауарлы-материалдық құндылықтар жатады. Бұл топтың запастары тоқсан сайын бір рет бақыланып отыруы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет