1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Өнімнің  бір теңгесіне жұмсалған шығындарды талдау



бет45/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап
Boykova N N - Oftalmologia, биз талдау экз сурак жауап
32. Өнімнің  бір теңгесіне жұмсалған шығындарды талдау

Өнімнің бір теңгесіне жұмсалған шығындар – кәсіпорын бойынша өнімнің өзіндік құнының деңгейін сипаттаушы маңызды көрсеткіш. Біріншіден, ол экономиканың кез-келген саласында есептеліне алады;  екіншіден, ол өзіндік құн мен пайда арасындағы байланысты бейнелей алады.

       Кәсіпорын бойынша  өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған шығын (Ш1тг.) деңгейін анықтау үшін өнім өндірісі мен оны сатуға кеткен шығындар сомасын (Шжалпы) ағымдық бағадағы жалпы өнім құнына (Q) бөлу керек:

 

Ш1тг 

       Мұндағы: Ш1тг - өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған шығын; Шжалпы - өнім өндірісіне жұмсалған жалпы шығындар сомасы; Q – ағымдық бағадағы жалпы өнім құны; Vжалпы – натуралды өлшемдегі жалпы өнім көлемі; Yi – жеке өнім түрінің жалпы өнім көлеміндегі үлес салмағы;  - өнім бірлігіне айнымалы шығындар; Бі - өнім бірлігінің бағасы; А- тұрақты шығындар сомасы.

       Егер осы көрсеткіштің деңгейі жеке өнім түрі бойынша есептелсе, онда келесі үлгі қолданылады:

 

           Ш1тг =                



       Өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған шығын деңгейін факторлық талдау нәтижесі 9.8-кестеде келтірілген.

 

9.8-Кесте. Өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған шығын деңгейін факторлық талдау



 

Деңгей

Факторлар

Өнімнің 1 теңгесіне шығын, тг

Алдыңғы есептеуден ауытқу,

+- тг


Ауытқу себебі

 

V,

дана


А,

мың тг.


в,

тг.


Б,

 тг


 

Жоспар

5000

9095

2521

6000

0,723

-

-

Шартты1

6056

9095

2521

6000

0,670

-0,053

Өндіріс көлемінің артуы

Шартты2

6056

12000

2521

6000

0,750

+0,080

Тұрақты шығынның өсуі

Шартты3

6056

12000

3018

6000

0,833

+0,083

Айнымалы шығынның өсуі

нақты

6056

12000

3018

6100

0,819

-0,014

Бағаның өсуі

Барлығы: 0,819 -0,723:

+0,096

х



33. Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері      
        Өнеркәсіп саласының өнімінің өзіндік құнын төмендету резервтерінің (Р↓z) негізгі көздері болып келесілер табылады:

1) кәсіпорынның өндірістік қуатын толығырақ пайдалану жолымен өндіріс көлемін арттыру (Р↑V);

2) еңбек өнімділігін жоғарылату, шикізат пен материалдарды үнемді пайдалану, өндірістік ақауды кеміту жолымен өндірістік шығындарды кеміту.

       Осы бағыттар бойынша өнім бірлігінің өзіндік құнын төмендету резерві келесідей есептелінуі мүмкін:

 

Р↓z= zм  - zн           



 Мұндағы: zм , zн  - өнім бірлігінің мүмкін және нақты өзіндік құны; Шн  - өндіріске жұмсалған нақты шығындар;  Р↓Ш- шығындарды кеміту резерві; ШҚ - өндіріс көлемін арттырумен байланысты қосымша шығындар; Vн- нақты өндіріс көлемі;  Р↑V- өндіріс көлемін арттыру резерві.

       Өндіріс көлемін арттыру резерві өндірістік бағдарлама жасау негізінде қосымша сату каналдарын анықтау жолымен есептелінеді.  Өндіріс көлемін қолда бар өндірістік қуат шегінде көбейткенде тек айнымалы шығындар ғана өседі, әдетте, тұрақты шығындар сомасы өзгеріссіз қалады, нәтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендейді.    Шығындарды кеміту резервтері әр шығын бабы бойынша есептелінеді (жаңа техника мен технология енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру, сапалы материалдар тұтыну, т.б.).

       Инновациялық шараларды енгізгеннен кейін болатын жалақы шығынының үнемі (Р↓Ж) тиісті шараларды енгізгеннен кейінгі өнімнің еңбек сыйымдылығы (ЕСж) мен оған дейінгі еңбек сыйымдылық (ЕС0) арасындағы айырманы жоспарланған  сағаттық жалақы (Жж) мен жоспарлы өндіріс көлеміне (Vж) көбейту жолымен анықталады:

 Р↓Ж = (ЕСж - ЕС0) * Жж * Vж             

        Сонымен бірге үнемделген жалақы сомасы төленуі тиіс әлеуметтік салық сомасына көбейтілуі тиіс.

       Материалдық шығындарды төмендету резерві (Р↓М):

 Р↓М = (Мж - М0) * Vж  * Бж                

 Мұндағы: Мж 0 - өнім бірлігінің жоспарлы және нақты (базисті) материал сыйымдылығы; Бж  - материал бірлігінің жоспарланған бағасы.

       Негізгі қорларды ұстау шығындарын кеміту резерві (Р↓А)  - қажетсіз негізгі құралдарды сату, ұзақ мерзімге жалға беру, есептен шығару жолымен қол жеткізілген негізгі қорлардың бастапқы құнын кеміту резервін (Р↓НҚ) олардың амортизация нормасына (На) көбейту жолымен анықталады:

                 Р↓АР↓НҚ * На                  

       Негізгі құралдар құнының кемуіне байланысты  төленетін мүлік  салығының сомасы  да кемитіндігін ескеру қажет.

       Өндіріс көлемін арттырумен байланысты қосымша шығындар (ШҚ) көлемін анықтау үшін өндіріс көлемін арттыру резервін (Р↑V) өнім бірлігіне жұмсалатын айнымалы шығындарға көбейту қажет (в):

                    ШҚР↑V * в                    

       Мұндай есептеулер әр өнім түрі бойынша, қажет болса әр инновациялық шара бойынша жасалынуы тиіс.

       Өндірістік шығындарды кеміту мен пайда сомасын арттыру резервтерін іздестірудің бір жолы - өндіріске қажетті құрал-жабдықты дұрыс таңдау.  Мысалы, қандай да бір өнім түрін құрал-жабдықтың түрлі нұсқаларын пайдалану арқылы өндіруге болады және олардың сипаттамасы 9.9-кестеде келтірілген.

 

9.9-Кесте. Құрал-жабдықты таңдау нұсқалары



 

Нұсқа

Тұрақты шығындар сомасы, мың тг.

Өнім бірлігіне айнымалы шығындар, тг.

Барлық шығын, мың тг.

А

9000

4000

9000+4х

В

14000

3500

14000+3,5х

С

20000

3000

20000+3х

      

       Шешім қабылдаушы тұлға құрал-жабдықтың қай нұсқасы қандай өндіріс көлемінде тиімді болатындығын анықтауы керек. Ол үшін критикалық өндіріс көлемі анықталады, яғни екі нұсқа бойынша шығындар сомасы теңестіріледі:

9000 + 4х = 14000 + 3,5х

х=10000 бірлік

       Осылайша В мен С нұсқалары үшін де критикалық өндіріс көлемі анықталады:

14000 + 3,5х = 20000 +3х

х=12000 бірлік

       Яғни, өндіріс көлемі 10000 бірлікке дейін құрал-жабдықтың А нұсқасы, 10000-12000 бірлік аралығында В нұсқасы, 12000 бірліктен асқаннан бастап С нұсқасы тиімді.   

       Айталық, өндіріс көлемі 20000  бірлік кезінде жабдықтың А нұсқасы таңдалды делік, осы шешімнің экономикалық негізділігіне баға беру үшін үш нұсқа бойынша жалпы шығын сомасын  салыстырамыз:

 

А нұсқасы : 9000 + 4* 20000  = 89 000  мың тг. 



В нұсқасы:  14000 +3,5*20000=84 000  мың тг. 

С нұсқасы:  20000 + 3*20000 = 80000   мың тг.

 

       Сонда, оңтайлы емес басқару шешімін қабылдау салдарынан кәсіпорынның шеккен зияны 9 млн. теңгені құрайды (80000 -89000), демек шешім қабылдаушы тұлға жабдықтың С нұсқасын таңдауы керек еді. Бұл жоғарыдағы есептеу нәтижесінің дұрыстығын көрсетеді.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет