1. а алғашқы функция және интеграл бөлімінің «Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шығаруда қолданылуы»



Дата11.01.2022
өлшемі19,03 Kb.
#129217
түріСабақ
Байланысты:
сөзі Бердалы Н
Көшбасшы22, Талдау Нурымбетова

Қайырлы күн құрметті әріптестер! Мен Бердалы Нұрәлем Сырғабайұлы сіздерге 11- сыныптың 11.1 А Алғашқы функция және интеграл бөлімінің «Анықталған интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шығаруда қолданылуы» тақырыбындағы сабағымның қысқа мерзімді жоспарын ұсынамын. Осы сабақтағы қол жеткізетін оқу мақсаты 11.3.1.1 – алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамасын білу. 11.3.1.8 – берлген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептеу. Енді осы оқу мақсатымен келістіре отырып, пәннің ерекшеліктерін бағдарлай отырып оқушылардың жеке қажеттіліктерін, жеке қабілеттерін ескере отырып smart форматында сабақтың мақсаттарын құрастырдым. сабақ мақсаты бойынша

Барлық оқушылар: Берілген қисықтарды координаталық жазықтыққа салады. Фигураны Ох осі бойымен шектелген кесіндінің шеткі нүктелерін, яғни а және в-ның мәндерін анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі: функциясының алғашқы функциясын табады, берлген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын табады.

Кейбір оқушылар: Анықталған интегралдың көмегімен берлген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын табу формуласын талдай отырып қолданбалы есептер шығарады

есептейді



Оқушылардың осы сабақта қол жеткізетін жетістігі яғны бағалау критерий мынадай: Берілген қисықтарды координаталық жазықтыққа салады; функциясының алғашқы функциясын табады; анықталған интегралдың көмегімен берлген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептейді

Оқушыларды оқу мақсатына толық жеткізу үшін сабағымда «Жалғасын тап» ,



«Бинго» , «А;В;С:» әдісі және .«Кім жылдам» әдістерін таңдадым. Осының ішінде үй жұмысын тексеру, өткенді қайталау мақсатында «Жалғасын тап» және «Бинго» ойынын таңдадым:

Екі топқа таратпа қағазы беріледі. Бір топқа Функция беріледі екіншісі сол функцияның алғашқы функциясын табады. (А;В;С) әдісін - жаңа тақырыпты игеруге қолдандым

Жаңа тақырыпты оқуға 6 минут беріледі. Сынып оқушылары «шағын» топтарға А,В,С деп топтасады.

А оқушылары сұрақ қоюшы, С оқушылары жауап беруші, В оқушылары жазып алушы

Мұғалім тексереді. (В оқушы жауап береді)

Қай топ неше сұрақ берді, нешеуі дұрыс болды , нешеуі жазылды.

Сабақтың осы кезеңінде оқушылар Анықтамасымен, S=Ғ(в) - F(а) қисықсызықты трапецияның ауданын есептеу формуласымен, қисықсызықты трапецияның ауданын табу үшін қолданылатын алгоритмдермен танысады:

Тақырыпты қаншалықты менгергенін анықтау мақсатында сабақты «тақтамен жұмыс» әдісімен есептер шығарады.

Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай ілгерілеген тапсырмалар болып табылады. Оқушылар тапсырманы орындау барысында жеке, жұппен және топтық жұмыстарға кезең кезеңімен өтеді.

мысалы: 1 тапсырма ол оқушылардың барлығы толыққанды орындай алатын жұмыс болғандықтан оқушылар жеке жұмыс жасайды.

ал 2-тапсырма біріншіге қарағанда күрделене түседі бұл жерде оқушылар топтың ішінде өзара жұптық жұмыс орындай бастайды. 3-тапсырмада шағын топтық жұмыс орын алады. Келесі тапсырмада есеп күрделене түсетіндіктен оқушылар топпен талқылап бір бірімен ақылдасу арқылы шығарады. осылайша барлық оқушы өздеңгейінде жеке қажеттіліктері ескеріле отырып оқу мақсатына жетеді.

Бұл жерде менің тапсырмаларым оқушылардың жеке қажеттіліктері ескеріліп, сараланып ұсынылған. Тапсырмалар жеңілден күрделіге ілгеріленіп құрастырылған.



Сабақтың өн бойында критерийалды бағалаудың қалыптастырушы бағалауын жүргізіп отырамын. Әр кезең сайын кері байланыс алып, кері баиланыс беріп отыруға тырысамын. Мысалы сабақтың соңында оқушылардың қаншалықты оқу мақсатына жету деңгейін анықтап, өлшеу үшін қалыптастырушы бағалауға арналған «Кім жылдам?» әдісімен тапсырманы ұсынамын. осы тапсырманың бағалау критерийі мақсатқа сәйкес құрастырылды. Тапсырмаға сәйкес дескрипторларды да құрастырдым.

Дескриптор:

  • функциялардың графиктерін салады;

  • формуланы дұрыс пайдаланады;

  • фигураның ауданын анықтайды;


енді оқушылар осы дескрипторларды талдай отырып бағалау критерийларына сәйкес «плюс,минус» әдісіарқылы оқушылар бірін бір бағалайды, және өзін өзі бағалайды. Енді осындай сабағыма смарт фарматында құрастырылған мақсаттар бойынша белсенді әдістермен саралау тәсілдерін қолдана отырып критерийалды бағалаудың қалыптастырушы бағалауын іске асыра отырып жүргізетін сабағым сәтті болады, оқушылардың барлығын оқу мақсатына жеткізеді деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет