24. Еңбек өнімділігін талдау.
Еңбек өнімділігі – бұл жұмыс күшінің уақыт бірлігінде пайдалы өнім көлемін өндіру қабілеті. Персоналды қолдану интенсивтілігінің деңгейін бағалау үшін еңбек өнімділігінің жалпылама, жеке және қосалқы көрсеткіштері жүйесі қолданылады. Жалпылама көрсеткіштер - бір жұмысшының орташажылдық, орташакүндік және орташасағаттық өндірген өнімі және де құндық өлшеммен бір қызметкердің орташажылдық өндірген өнімі.
Жеке көрсеткіштер – өнімнің белгілі бір түрінің бір данасын өндіруге жұмсалған уақыт шығыны немесе табиғи өлшеммен бір адам-күн немесе адам-сағатта өнімнің белгілі бір түрін өндіру.
Қосалқы көрсеткіштер – жұмыстың белгілі бір түрінің бірлігіне жұмсалған уақыт шығыны немесе уақыт бірлігінде жасалған жұмыс көлемі.
Еңбек өнімділігінің неғұрлым жалпылама көрсеткіші – бір қызметкердің орташажылдық өндірген өнімі. Оның көлемі жұмысшылардың өндіруіне ғана емес, сондай-ақ персоналдың жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағына және олардың жұмыс жасаған күндері мен жұмыс күнінің ұзақтығына тәуелді.(6.1 сурет)
Бір жұмысшының өндірген орташажылдық өнімін келесі факторлардың көбейтіндісі ретінде көрсетуге болады:
Бір қызметкердің орташажылдық өндірген өнімі (ОЖӨөөп)
|
Персоналдың жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағы (Үс )
|
|
Біржұмысшының орташажылдық өндірген өнімі (ОЖӨ)
|
Бір жылда бір жұмысшының жұмыс жасаған күндерінің саны (К)
|
|
Бір жұмысшының(ОКӨ) орташакүндік өндірген өнімі
|
Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы, сағат (Ұ)
|
|
Бір жұмысшының(ОСӨ) орташасағаттық өндірген өнімі
|
6.1 сурет. Еңбек өнімділігінің факторлық жүйесінің құрылымдық-логикалық моделі.
Достарыңызбен бөлісу: |