21. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру резервтері
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру өндіріске жаңа құрал-жабдық енгізу, ауысымдық және тәулік бойы бос тұруларды қысқарту, ауысымдық коэффициентін жоғарылату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Өндіріске жаңа құрал-жабдықтар енгізу жолымен өндіріс көлемін арттыру резерві (Р↑Qқ) өндіріске тартылатын қосымша құралдардың санын (Р↑Ф) олардың жылдық өнімділігіне (qж) көбейту жолымен анықталады:
Р↑Qқ = Р↑Ф* qж
Күні бойы бос тұрулар санын қысқарту әр құралдың жұмыс істеген күндерін көбейтеді (Р↑К) . Бұл өсімді (Р↑К) құралдың тәуліктік өнімділігі (qт) мен құралдар санына (Ф) көбейту арқылы бос тұрулар санын кеміту жолымен өндіріс көлемін арттыру резервін (Р↑Qб.т.) анықтауға болады:
Р↑Qб.т. = Р↑К* qт *Ф
Өндіріс көлемін ауысымдық коэффициентін жоғарылату жолымен өсіру резервін (Р↑Qа.) анықтау үшін өндірісті ұтымды ұйымдастыру жолымен алынған ауысымдылық коэффициентін өсіру резервін (Р↑Ак) қолданылуы мүмкін құралдар санына (Ф), мүмкін жұмыс күндері (К) мен құралдардың ауысымдық өнімділігіне (qа) көбейту қажет :
Р↑Qа. = Р↑Ак*Ф *К* qа
Өндіріс көлемін жабдықтың сағаттық өнімділігін арттыру жолымен өсіру резервін (Р↑Qс) анықтау үшін, құрал-жабдықтарды жаңарту, еңбек үрдісін ұтымды ұйымдастыру жолымен қол жеткізілген сағаттық еңбек өнімділігінің өсімін (Р↑qс) құрал-жабдықтардың жұмыс істеу сағатына (∑t) көбейту қажет:
Р↑Qc. = Р↑qс * ∑t
Осылайша, барлық бағыттар бойынша өндіріс көлемін арттыру резервтері анықталғаннан кейін, қор қайтарымын арттыру резерві (Р↑Н) есептеледі:
Р↑Н = - = Нмүмкін - Ннақты
Мұндағы: Qн – нақты өндіріс көлемі; - өндіріс көлемін арттыру резерві; Фн – негізгі қорлардың нақты құны; Фқ - өндіріске қосымша тартылған қорлар құны; Р↓Ф- қорлар көлемін азайту резервтері (қажетсіз қорларды сату, жалға беру, есептен шығару, т.б.);
Қорлардың рентабельділігін арттыру резервін анықтау үшін қор қайтарымын арттыру резервін (Р↑Н) өнімнің нақты рентабельділігіне (RӨ) көбейту керек:
Р↑Rф= Р↑Н * RӨ
Талдау нәтижелері бойынша кәсіпорын басшылығы анықталған резервтерді игеру мен олардың жүзеге асырылуын бақылаудың нақты шараларын дайындауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |