19. Кәсіпорынның негізгі құралдарының құрамы мен көрсеткіштері
Өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс көлемін арттырудың негізгі факторларының бірі – олардың өндірістік негізгі қорлармен қажетті көлемде қамтамасыз етілуі және оларды неғұрлым тиімді пайдалану. Сол себепті талдау барысында келесі міндеттер шешілуі керек:
кәсіпорынның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі мен оларды пайдалану тиімділігін талдау;
негізгі қорларды пайдалану деңгейіне факторлардың әсерін анықтау;
негізгі қорларды пайдалану деңгейінің өндіріс көлемінің өзгерісіне факторлардың әсерін анықтау;
негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.
Негізгі құралдарды пайдалануды талдау негізгі құралдардың
құрамы мен құрылымын талдаудан басталады (5.1-кесте).
5.1 Кесте Негізгі құралдардың құрамы мен құрылымы, жыл соңына бастапқы құнмен
Негізгі құралдар түрлері
|
Құны,
мың тг.
|
Құрылымы,
|
Өзгеріс, +-
|
жоспар
|
нақты
|
жоспар
|
нақты
|
мың тг
|
%
|
пункт
|
Ғимараттар мен құрылыстар
|
29797
|
38776
|
21,2
|
24,2
|
+8979
|
+30,1
|
+3,0
|
Беріліс құралдары
|
19396
|
26278
|
13,8
|
16,4
|
+6882
|
+35,5
|
+2,6
|
Көлік құралдары
|
21926
|
29803
|
15,6
|
18,6
|
+7877
|
+35,9
|
+3,0
|
Машиналар мен жабдықтар
|
34575
|
43582
|
24,6
|
27,2
|
+9007
|
+26,1
|
+2,6
|
Басқа да
|
34856
|
31791
|
24,8
|
13,6
|
-3065
|
-8,8
|
-11,6
|
Барлығы:
- өндірістік
- өндірістік емес
|
140550
120310
20240
|
160230
131246
28984
|
100,0
85,6
14,4
|
100,0
81,9
18,1
|
+19680
+10936
+8744
|
+14,0
+9,1
+43,2
|
х
-3,7
+3,7
|
Негізгі құралдарды пайдалануды талдауда олардың қозғалысы мен жағдайын талдау үлкен мәнге ие. Оларды талдау үшін келесідей көрсеткіштер есептеледі:
1. Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті (КЖ) – негізгі құралдардың жыл соңындағы құнындағы осы жылы келіп түскен қорлардың үлесін сипаттайды:
Жыл ішінде келіп түскен негізгі қорлар құны/
КЖ =
Негізгі қорлардың жыл соңындағы құны
2. Қорлардың жаңару мерзімі (Жм) :
Негізгі қорлардың жыл басындағы құны/
ЖМ =
Жыл ішінде келіп түскен негізгі қорлар құны
3. Шығу коэффициенті (Кш) – негізгі құралдардың жыл басындағы құнының қай бөлігі жыл ішінде есептен шығарылғанын сипатайды:
Жыл ішінде есептен шыққан қорлар құны/
Кш =
Негізгі қорлардың жыл басындағы құны
4. Қорлар құнының арту қарқыны (+-%) – негізгі қорлар құны жыл ішінде неше пайызға өзгергендігін сипаттайды:
Негізгі қорлардың жыл соңындағы құны/
+-% =
Негізгі қорлардың жыл басындағы құны
5. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті (КТ) – негізгі құралдардың бастапқы құнының қанша бөлігі өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударымдар түрінде ауысқандығын сипаттайды:
Негізгі қорлардың тозу сомасы/
КТ =
Негізгі қорлардың бастапқы құны
Достарыңызбен бөлісу: |