1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты



бет28/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

Өзқ0 және Өзқ1- сәйкесінше сапасының өзгерісіне дейінгі және кейінгі бұйымның өзіндік құнының деңгейі;

VӨШ1 – жоғары сапамен өндірілген өнімнің көлемі;

VӨӨ1 – жоғары сапалы өнімнің өткізілу көлемі.

Егер кәсіпорын өнімді сорт бойынша шығарып және сорттылық құрамында өзгеріс болған болса, онда алғашында өнім бірлігінің орташа салмақталған бағасы мен орташа салмақталған өзіндік құнының қалай өзгергенін есептеп алу керек.Содан соң жоғарыда келтірілген алгоритмдер бойынша сорттылық құрамының тауарлық өнімнің шығарылымына, оны сатудан түсетін түсімге және пайдаға әсерін анықтау қажет.

Өнімнің сорттылық құрамының өндіріс көлеміне әсерін есептеуді абсолюттік айырмашылық әдісімен көрсетуге болады: әрбір сорт бойынша үлес салмақтың өзгерісін (∆Үсі) сәйкесінше сорттылық бағасына (Бі) көбейтіп, нәтижені қосып және оны табиғи өлшеммен берілген өнім түрінің жалпы нақты шығарылымына (VӨШжалпы1) көбейту керек:

ӨШсорт = ∑ (∆Үсі * Бі0) * VӨШжалпы1

Кесте 4.7 Сорттылық құрамының А бұйымы бағасының орташа деңгейінің өзгерісіне әсері

өнім сорты

Бағасы, тг

өнім құрылымы

Орташа бағаның өзгерісі

T0

T1

+,-

1- ші сорт

5400

0,70

0,75

+0,05

(+0,05) * 5400 = +270

2 – сорт

4000

0,30

0,25

-0,05

(-0,05) * 4000 = -200

Барлығы

-

1,00

1,00

-

+70

4.7 кестеден көріп отырғандай, өнім сапасының жақсаруымен байланысты (1 сорттың үлесінің көбейіп, сәйкесінше 2 сорттың үлесінің азаюы) А бұйымы бойынша сатудың орташа бағасы жоспардан 70 тг/ге жоғары. Берілген бұйымның барлық нақты шығарылымының құны 931 мың тг/ге ұлғайған (70тг * 13300шт (7.4.кестені қара)), ал түсім сомасы 878,22 мың тг/ге ұлғайған (70тг * 12546шт).

Бұйымның өзіндік құнының орташа деңгейінің өзгерісін сорттылық құрамының өзгерісі арқылы анықтайды.

Кесте 4.8 Сорттылық құрамының А бұйымының өзіндік құнының орташа деңгей өзгерісіне әсері



өнім сорты

Бұйымның өзіндік құны, тг

өнім құрылымы

Сорттылық құрамы есебінен өзіндік құнның орташа деңгейіндегі өзгеріс, тг

T0

T1

+,-

1- ші сорт

4200

0,70

0,75

+0,05

(+0,05) * 4200 = +210

2 – сорт

3500

0,30

0,25

-0,05

(-0,05) * 3500 = -175

барлығы

-

1,00

1,00

-

+35

Бұдан кейін сорттылық құрамы өзгерісінің пайда сомасына әсерін анықтауға болады:

Псорт = (∆Бсорт - ∆Өзқ.сорт ) * VӨӨжалпы1 = (70 - 35) * 12546шт = 439110 тг;

Мұнда, ∆Бсорт – сорттылық құрамы есебінен бағаның орташа деңгейінің өзгерісі;

Өзқ.сорт - сорттылық құрамы есебінен бұйымның өзіндік құнының орташа деңгейінің өзгерісі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет