1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Өткізу нарығында тауарлардың орналасуын талдау



бет26/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

14.Өткізу нарығында тауарлардың орналасуын талдау.

Сату көлемі, бағаның орташа деңгейі, өнімді сатудан түскен табыс, алынған табыс сомасы және т.б. өткізу нарығына тәуелді. Ең алдымен соңғы 3 – 5 жылдағы өткізу нарығындағы әрбір өнім түрінің динамикасын білу керек.

4.5 кестеден көріп отырғанымыздай, соңғы 2 жылда Б өніміне деген сұраныс және оның рентабельділік деңгейі төмендей бастаған, ал ішкі нарықтағы секілді, сыртқы нарықта да А бұйымы бойынша табыстылық және сату көлемі ұлғайған.

Кесте 4.5 Өнімді өткізу нарығының динамикасын талдау



Көрсеткіштер

Ішкі нарық

Экспорт (сыртқы нарық)

жылдар

жылдар




ХХХ1

ХХХ2

ХХХ3

ХХХ1

ХХХ2

ХХХ3

А бұйымы

Өнімді өткізу көлемі, дана

7000

6000

6900

3000

4000

5646

Өнім бірлігінің бағасы, мың тг

3,4

4,4

5,8

3,7

5,2

6,5

Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың тг

2,8

3,6

4,6

3,2

4,2

5,0

Түсім, мың тг

4200

4800

8280

1500

4000

8470

Рентабельділік,%

21,4

22,2

26,1

15,6

23,8

30,0

Б бұйымы

Өнімді өткізу көлемі, дана

10200

9000

5904

-

-

-

Өнім бірлігінің бағасы, мың тг

2,2

2,7

3,5

-

-

-

Өнім бірлігінің өзіндік құны, мың тг

1,9

2,4

3,1

-

-

-

Түсім, мың тг

3060

3000

2360

-

-

-

Рентабельділік,%

15,8

12,5

12,9

-

-

-

Талдау қорытындысына сүйене отырып, 4 категориялы тауарды ажыратуға болады:

«Жұлдыз», кәсіпорынға негізгі пайда әкеледі және экономикалық өсуіне ықпал етеді.

«Сауынды сиыр» - жетіліп кемелденген сатыда, экономикалық өсуге болар болмас ықпал етеді, инвестицияға мұқтаж емес және «қиын балаларды» қаржыландыру кезінде қолданылатын пайда әкеледі.

«Қиын балалар» - әдетте бұл жаңа тауарлар, жарнаманы нарыққа шығаруды қажет ететін, бірақ уақытша табыс әкелмейтін, болашақта «жұлдыз» болуы мүмкін тауарлар.

«өлі жүк» немесе «жолы болмағандар» өмір сүру қабілеті төмен тауарлар, экономикалық өсуге ықпал тигізбейді және пайда әкелмейді.

Кәсіпорынның өнімдерді бұлай топтастыруы жақын арада «жұлдыз» болуы әбден мүмкін «қиын балаларға» бағытталған қаржыландыруды қолдауға, кәсіпорынның ұзақ өміршеңдігін қамтамасыз ететін жұлдыз категориясының жеткілікті санын нақты қолдауға және «қиын балаларды» қаржыландыруға ықпал ететін «сауын сиырларды» қолдауға бағытталған дұрыс стратегияны таңдауға мүмкіндік береді. Әр нарықтық сегменттерде орналасқан тауарлар қандай өмірлік цикл кезеңінде тұрғанын ескеру керек:

А) нольдік саты- жаңа тауарды жасаудың идеясын және содан кейін сол тауарды зерттеу мен сынау.

Б) бірінші саты-( тауарларды нарыққа шығару және енгізу) - тауар нарықта жетістікке ие болатын мүмкіндікті анықтау, бұл сатыда пайда жоғары болмайды, өйткені жарнамаға айтарлықтай қаржы жұмсалады.

В) екінші саты- (сатудың өсуі мен дамуы) - нарықта жоғары жылжу үшін жарнамаға үлкен шығынды қажет етеді, бірақ ол барлық шығындарды жауып пайда көзіне айнала бастайды және тауар табыс әкеле бастайды.

Г) үшінші саты- тауардың тұрақты нарығы бар, оған деген сұраныс көбейіп және үнемі табыс әкеледі, яғни тек өзінің атағын жарнамалық қолдап отыру үшін ғана шығынды қажет етеді.

Д) төртінші саты- сату деңгейі бастапқы кезеңде байқалмай, бірақ соңынан күрт төмендеп кетуі мүмкін, ол алдын ала болжалған және болжанбаған себептерге байланысты. Бұйымға сұраныстың төмендеуін уақытында анықтай білу, бұйымды жетілдіру немесе басқамен алмастыру арқылы алдын алу қабілеттілігі белгілі бір шеберлікті талап етеді.

Талдаудың нәтижелері нарықтық конъюнктураның талаптары мен оның стратегиясына сәйкес келетін тауарлар ассортиментін жасауға кәсіпорын басшылығына көмек беруі тиіс.

Сараптама процесі кезінде сонымен қатар нақты және потенциалды бәсекелестерді анықтау керек, олардың қызметінің көрсеткіштерін талдау, олардың бизнестерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтау, қаржылық мүмкіндіктерін, нарықтық экспансия төңірегінде мақсаты мен стратегиясын, өндіріс технологиясын, өнім сапасын және баға саясатын талдау керек. Осылардың барлығы бәсекелестердің іс әрекетін және бәсекелестік күрестің неғұрлым тиімді тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет