1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты



бет29/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап

VӨӨжалпы1 – есепті кезеңдегі табиғи нысандағы өнім шығарылымының жалпы көлемі.
16. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.

Бәсекеге қабілеттілік деп өнімнің оны бәсекелес тауардан нақты қоғамдық қажеттілікке сәйкестік деңгейі бойынша да, сондай – ақ оны қанағаттандыруға кеткен шығындар бойынша да ерекшілендіретін сипаттамасын түсінеді.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұтынушының қажеттілігін және нарық талаптарын зерттеу негізінде жасалады. Тауар тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін ол белгілі бір параметрлерге сәйкес келуі керек:


  • техникалық (тауардың қасиеті, оның қолданылу аумағы);

  • эстетикалық (тауардың сыртқы түрі);

  • эргономикалық (тауардың адам ағзасының қасиеттеріне сәйкес келуі);

  • нормативтік (тауардың әрекет етіп отырған нормаларға және стандарттарға сай келуі);

  • экономикалық (тауарға баға деңгейі, оның сервистік қызмет көрсетуі т.б.).

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау әдістемесі 4.1 суретте қарастырылған.

Осы әдістеме бойынша өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін талданатын бұйымның және бәсекелес тауардың параметрлерін салыстыру керек. Осы мақсатпен бәсекеге қабілетті өнімнің жекелеген, топтық және интегралдық көрсеткіштері есептеледі.



Сурет 4.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдаудың сызба – блогы.

Жекелеген көрсеткіштер (g) техникалық немесе экономикалық параметрдің (р) қандай да бір деңгейінің бәсекелес тауардың сол параметрінің деңгейіне пайыздық қатынасын білдіреді:

G = p / p100 * 100

Топтық көрсеткіш (G) экспертті жолмен анықталатын салмақталған коэффициент арқылы (аі) біртекті топ параметрлері бойынша (техникалық, экономикалық, эстетикалық) бірлік көрсеткіштерді біріктіреді.

G = ∑ аі * gі

Интегралды көрсеткіш (I) техникалық параметрлер бойынша (Gт) топтық көрсеткіштердің экономикалық параметрлер бойынша (Gэ) топтық көрсеткіштерге қатынасын білдіреді.

I = Gт / Gэ

Егер I < 1 болса, онда талданып отырған бұйымнан үлгілік бұйым жақсы, ал егер I > 1 болса, онда ол үлгілік бұйымнан немесе бәсекелестің бұйымынан өз көрсеткіштері бойынша жақсырақ.

Кесте 4.9 Тоңазытқыштардың бәсекеге қабілетті жекелеген және топтық көрсеткіштері

Көрсеткіш



Бағаланатын нұсқа

Үлгі

g

a

G

Техникалық параметрлер

Жалпы көлем, дм3

315

325

0,97

0,15

0,1455

Тоңазытқыш камерасының пайдалы көлемі, дм3

190

202

0,94

0,25

0,235

Мұздатқыш камерасының пайдалы көлемі, дм3

70

70

1,0

0,20

0,20

Мұздатқыш қабілеті, кг\ тәуілік

4,3

4,5

0,95

0,22

0,20

Қызметінің орташа уақыты, жыл

16

15

1,06

0,10

0,106

Мұздатқыш камераның температурасы, С

-15

-18

0,83

0,08

0,0664

Барлығы

-

-

-

-

-

Экономикалық параметрлер

Баға, ш.а.б.

350

400

0,875

0,6

0,525

Электроқуат шығыны тәуілікке, кВт-сағ

1,40

1,45

0,965

0,4

0,386

Барлығы

-

-

-

-

0,911

Қарастырылған мысалда бағаланып отырған тоңазытқыш техникалық параметрлері бойынша базалық үлгіге жол бергенімен, бірақ экономикалық параметрлері бойынша асып түсіп, оның бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді:

I = 0,962 / 0,911= 1,056

Бұйымның белгілі бір нарықтағы нақты жағдайын анықтау үшін тауардың бәсекеге қабілеттілігінің рейтингтік бағасынан басқа, осы фирманың нарықта бақылайтын үлесін анықтауға болады. Егер үлес жоғары болса фирма тауарларының нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болады және керісінше. Осы мақсатпен келесідей көрсеткіш те есептелінеді, фирманың нарықтағы үлесінің ірі бәсекелестің үлесіне қатынасы, егер бұл қатынас 1-ден үлкен болса, фирма үлесі жоғары, егер 1-ден аз болса – төмен.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың басты бағыты - сауданы ұйымдастыруды жетілдіру, тұтынушыларға сервистік қызмет көрсету, өнімге жарнама жасау сұранысты ынталандырудағы басты құрал болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет