Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау Лекцияның оқыту нәтижелері: Ғылыми мақала жазу әдіснамасын үйреніп, шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау жолдарымен танысады
№ 15 Лекция тақырыбы: Зерттеу жұмысын рәсімдеу және жариялау
Лекцияның оқыту нәтижелері: Ғылыми мақала жазу әдіснамасын үйреніп, шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау жолдарымен танысады.
Лекция мазмұны 15.1 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау 15.2 Ғылыми-зерттеу жобасын әзірлеу және рәсімдеу 15. 3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу 15.4 Ғылыми мақала жазу әдіснамасы және шетелдік рейтингтік журналдарда жариялау
Қазіргі таңда ең көп ғылыми зерттеулер ғылыми мақала ретінде әзірленіп отандық немесе шетелдік баспаларға жариялануда. Қазіргі ғылыми журналдарда жарияланымдардың келесі түрлерін кездестіруге болады: Тәжірибелік зерттеулер мен өндірістік тәжірибені сипаттауға арналған мақалалар. Оларда зерттеулердің әдістері мен нәтижелері қарастырылады және олардың физикалық түсініктемесі беріледі.
Қандай да бір технологиялық процестер, компоненттер, жабдықтар бойынша шолу мақалалар. Бұл мақалалар технологтар мен әзірлеушілерге арналған анықтамалық материалдар функциясын жиі орындайды.
3. Қандай да бір фирмалардың өнімдерін жарнамалайтын мақалалар.
4. Қысқа хабарламалар, редакцияға хаттар.
5. Ғылыми-танымал мақалалар.
Ғылыми басылымдарда бұл маұала түрлерінің ішінде Тәжірибелік зерттеулер мен өндірістік тәжірибені сипаттауға арналған және технологиялық процестер, компоненттер, жабдықтар бойынша шолу мақалалар. Олар өз эксперименталды зерттеулерінің нәтижелері, өндірістік тәжірибені жинақтау, сондай-ақ қарастырылып отырған саладағы ақпаратқа талдамалық шолу болуы мүмкін. Мақаланы жариялай отырып, автор екі негізгі мақсатты көздейді: 1. Олар орындайтын зерттеулер кезеңін аяқтау.
2. Қарастырылатын салада өзінің құзыреттілігі мен біліктілігін көрсету, ғылыми қоғамның мойындауын алу.
Мақала жазуға кіріспес бұрын автор екі сұраққа жауап беруі тиіс:
1. Ол алған нәтижелер өнертабыстың мәні болып табылмайды ма? Олай болған жағдайда автор мақаланың орнына өнертабысқа өтінімді ресімдеу бойынша жұмыс істеуі мүмкін.
2. Алынған нәтижеде құпиялылық элементтері жоқ па? Олай болған жағдайда мақаланы ашық баспада жариялау мүмкін емес.