1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін талдау



бет34/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап
Boykova N N - Oftalmologia, биз талдау экз сурак жауап
20. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін талдау

          Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі – кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін анықтаушы негізгі факторлардың бірі. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне баға беру үшін келесідей көрсеткіштер жүйесі есептелінеді:

        Қор қайтарымы (жалпы өнім көлемі / негізгі өндірістік қорлардың

орташа жылдық қалдық құны ) – негізгі өндірістік қорлардың 1 теңгесіне неше теңгенің өнімі өндірілгендігін сипаттайды.

        Қор сыйымдылығы (негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық

қалдық құны / жалпы өнім көлемі) – 1 теңге өнім өндіру үшін неше теңгенің негізгі қорлары пайдаланылғанын сипаттайды.

         Қор қайтарымы (Н) мен қор сыйымдылығы (С) бір-біріне кері көрсеткіш болғандықтан, олардың арасында келесідей байланыс бар:

 Н =   немесе  С 

 

        Қорлардың рентабельділігі  (таза табыс / негізгі өндірістік



қорлардың орташа жылдық қалдық құны) – негізгі құралдардың 1 теңгесіне неше теңге пайда алынғанын сипаттайды.

        Негізгі қорлардың салыстырмалы үнемі  не артықшылығы:

 

+-Эн.ө.қ. = Ф1 – Ф*Iж.ө.



      Мұндағы: Ф– негізгі өндірістік қорлардың базисті (жоспарлы)

және есепті кезеңдегі орташа жылдық құны; Iж.ө. – жалпы өнім көлемінің индексі.

         Осы көрсеткіштердің динамикасы 5.3-кестеде келтірілген.

 

5.3 Кесте. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері



 Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Ауытқу, +-

абс.

%

Жалпы өнім құны, мың теңге

198135

193190

-4945

-2,5

Жалпы табыс, мың теңге

37541

29613

-7928

-21,1

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық қалдық құны, мың теңге

80490

77600

-2890

-3,6

Қор қайтарымы, тг

2,462

2,489

+0,027

+1,1

Қор сыйымдылығы, тг

0,406

0,402

-0,004

-1,0

Қорлардың рентабельділігі, %

46,64

38,16

-8,48

х

   Кесте мәліметтері бойынша қор қайтарымы өсіп отыр, ол негізгі қорларды пайдалану тиімділігі  артқанын сипаттайды. Сонымен бірге,  қор қайтарымының өсуі жалпы өнім көлемін арттырудың негізгі факторларының бірі. Оны сипаттау үшін жалпы өнім көлемін келесідей үлгімен бейнелеуге болады:

Q = Ф* Н


 Мұндағы: Ф – негізі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны; Н –қор қайтарымы.

5.3 кесте мәліметтері бойынша жалпы өнім құны 4945 мың теңгеге кеміп отыр, оның ішінде:

а) Негізгі қорлар құнының жоспарлы деңгейден 2890 мың теңгеге кемуінен жалпы өнім құны 7114   теңгеге кеміді:

– Ф0) * Н= (77600-80490)*2,4616 = - 7114 мың тг.

б) Қор қайтарымының  0,027 теңгеге жоғарылауынан  жалпы өнім құны 2169 мың   теңгеге өсті:

– Н0) * Ф= (2,4896– 2,4616)* 77600 = +2169  мың тг.

Яғни, сапалық фактордың  артуы  әсерінен болған жалпы өнім көлемінің өсімі сандық фактордың  кемуі әсерінен болған жалпы өнімнің кемуінен аз, сол себепті жалпы өнім көлемі кеміп отыр. 

Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін сипаттаушы негізгі көрсеткіш – қорлардың рентабельділігі. Талданып отырған кәсіпорында қор қайтарымы өсіп, өнімнің қор сыйымдылығы кемігенімен, қорлардың рентабельділігі төмендеп отыр. Оның себебін анықтау үшін қорлардың рентабельділігінің факторлық үлгісін құру қажет. Қорлардың рентабельділігі (RФ) қор қайтарымынан (Н) және өнімнің рентабельділігінен (RӨ) тәуелді:

 RФ = Н * RӨ

Жоғарыдағы екі фактордың қорлардың рентабельділігіне әсері 5.4 кестеде келтірілген.


5.4 Кесте. Қорлардың рентабельділігінің өзгерісіне  факторлардың әсері

 Көрсеткіштер

Жоспар

Нақты

Ауытқу, +-

абс.

%

Жалпы өнім құны, мың теңге

198135

193190

-4945

-2,5

Жалпы табыс, мың теңге

37541

29613

-7928

-21,1

Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық қалдық құны, мың теңге

80490

77600

-2890

-3,6

Қор қайтарымы, тг

2,462

2,489

+0,027

+1,1

Өнімнің рентабельділігі, %

18,94

15,33

-3,61

х

Қорлардың рентабельділігі, %

46,64

38,16

-8,48

х

Қорлардың рентабельділігінің өзгерісіне факторлардың әсері, %:

- қор қайтарымының өзгерісі

- өнім рентабельділігінің өзгерісі


 

 

х



х

 

 

х



х

 

 

+0,51



-8,99

 

 

х



х

5.4 –кесте мәліметтері бойынша қорлардың рентабельділігінің

нақты деңгейі жоспарлы деңгейден 8,48 пайыздық пунктке төмен, яғни қорлардың 100 теңгесіне шаққанда 8,48 теңге табыс кем алынған. Оның өзгерісіне қор қайтарымы мен өнімнің рентабельділігі қалайша әсер еткендігін анықтау үшін абсолютті айырмашылықтар әдісін қолдануға болады.

         Қор қайтарымының 0,027 теңгеге жоғарылауынан қорлардың рентабельділігі  0,51 пайыздық пунктке жоғарылады:

 (2,489 – 2,462) * 18,94 = +0,51 %.

       Өнімнің рентабельділігінің 3,61 пайыздық пунктке төмендеуінен қорлардың рентабельділігі  8,99 пайыздық пунктке төмендеді:

(15,33 – 18,94) * 2,489 = - 8,99 %.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет