Бағдарламасы бөлім. Экононикалық категория ретіндегі өнімдердің сапасы тақырып. «Сапаны басқару» курсының пәні мен міндеттері



бет1/37
Дата06.02.2023
өлшемі265,68 Kb.
#167543
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Ба дарламасы 1 б лім. Экононикалы категория ретіндегі німдерді


Курстың бағдарламасы
1 бөлім. Экононикалық категория ретіндегі өнімдердің сапасы
1 тақырып. «Сапаны басқару» курсының пәні мен міндеттері.
Өнім сапасының негізгі түсініктері. Сапа нарықтық экономикадағы кәсіпорындардың коммерциялық жетістігіне ықпалы ретінде: сапаны басқару терминологиясы мен методологиясы. Экономиканың қазіргі даму деңгейінде өнімнің сапасын оқып білудің әдістері мен пәні. Өнім сапасы мен тиімділігінің өзара байланысы. Сапа көрсеткіштері. Өнімнің сапасын қамтамасыз ету мен қалыптастырудың сатылары.


2 тақырып. Өнім сапасын мемлекеттік ретттеу.
Өнім сапасын басқару процесін қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері. Сапаны басқару мәселелерімен байланысты нормативтік құжаттар мен заңнамалық актілер. Өнімді тұтынушылар мен қызмет көрсетушілердің құқығын қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралар. Өнімді пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау.


3 тақырып. Өнім сапасын бағалау әдістері.
Квалиметрия- қызмет көрсету мен өнім сапасын өлшеу ғылымы. Өнім сапасының деңгейін бағалау: инструментальдық және эксперименттік әдістер. Өнімнің техникалық деңгейін бағалау сатылары. Өзінің параметрлері негізінде өнім сапасының деңгейін есептеу. Сапаның классификациялық және бағалық көрсеткіштері. Аналогтық және базалық үлгілері. Өнім сапасын бағалаудың дифференциалдық, компекстік және араласқан әдістері. Өнім сапасының универсальдық өлшемі. Тауар сапасын және техникалық үрдістердің сапасын бағалау тәсілдері.


4 тақырып. Өнім сапасы мен техникалық үрдістерін бақылау.
Өнім сапасын, оның түрлерін бақылау. Өнімнің ақаулары: көрінетін (анық), жасырын, жөнге келетін және жөндеуге болмайтын. Сапа бойынша өнімнің градациясы: жарамсыз және жарамды өнім. Өнімнің сорттылығы, оның анализі. Дайын өнімнің бақылау сынағы. Өнім сапасы анализінің статистикалық әдістері. Техникалық үрдістерді реттеу. Бақылау картасы. Өнім сапасын статистикалық тәсілдік бақылау. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет