Сапаны бақылау
Сапаны бақылау дегеніміз бұл үшін қолданылатын әдістемелердің жетілдірілгеніне қарамастан бірінші кезекте жақсы бұйымды жаманынан айыруды білдіреді. Сапасыз бұйымдарды алып тастағаннан бұйым сапасының жақсармайтыны белгілі. Мысалы, электронды өнеркәсіп кәсіпорындарында бұйымдардың өлшемі өте кішкентай болғандықтан ақауды жөндеу мүлдем мүмкін емес. Сондықтан қазіргі фирмалар ақауды табуға емес, оның алдын алуға, өндірістік процессті мұқият бақылауға көп көңіл бөледі, және өз қызметін «сапаны реттеу» тұжырымдамасына сәйкес жүргізеді.
Сапаны қамтамасыз етуде статистикалық әдістер маңызды роль атқарады.
Статистикалық бақылау әдістерінің мақсаты- өнім сапасының кездейсоқ өзгеруіне жол бермеу. Мұндай өзгерістер анықталып, жойылуы тиіс нақты себептерден болады. Сапаны бақылаудың сатистикалық әдістері
Балама белгісі бойынша статистикалық қабылдау бақылауы;
Статистикалық бақылау мен өнім сапасын реттеудің біздің елімізде белгілі екенін айта кету керек. Бұл салада біздің ғалымдарымыз сөзсіз басымдыққа ие.
Жақсы және жаман өнімнің арасындағы шекара партиядағы ақаудың рұқсат етілген үлесі деп аталады. Сапаны бақылаудың статистикалық әдістерінің кең тараған түрлерін кеңірек қарастырайық.
Балама сипаты бойынша статистикалық қабылдау бақылауы
Ақаулы бұйымдардың бас үлесі бұйым партияларының балама сипаты бойынша негізгі сипаттамасы болып табылады.
Статистикалық бақылау жоспары дегеніміз бұйымдарды тексеруге іріктеп алу әдістерін және партиясы жабылуы, ақаулыға шағарылуы немесе бақылаудың жалғастырылуы тиіс шарттарды көрсететін ережелер жүйесі.
Өнім партиясын балама сипаты бойынша сатистикалық бақылау жоспарларының мынадай түрлері ажыратылады:
бір сатылы жоспарлар,
екі сатылы жоспарлар,
көпсатылы жоспарлар екі сатылылардың логикалық жалғасы болып табылады.
біртіндеп бақылау, мұнда бақыланатын партия туралы шешім жалпы саны алдын ала белгіленбеген және процесс барысында алдыңғы іріктеулердің нәтижесі бойынша анықталатын іріктеулердің сапасын бағалағаннан кейін қабылданады.
Бір сатылы жоспарлар өндірісте бақылауды ұйымдастыруға оңай. Екі сатылы, көп сатылы біртіндеп бақылау жоспарлары іріктеу көлемі сол күйінде қалғанда қабылданатын шешімінің дәлдігін қамтамасыз етеді, бірақ, олар ұйымдастыру жағынан күрделірек.
Статистикалық бақылау жоспарын дұрыс таңдаудың міндеті бірінші және екінші түрдегі қателіктерінің мүмкіндігін азайту.
Достарыңызбен бөлісу: |