Бағдарламасы бөлім. Экононикалық категория ретіндегі өнімдердің сапасы тақырып. «Сапаны басқару» курсының пәні мен міндеттері



бет11/37
Дата06.02.2023
өлшемі265,68 Kb.
#167543
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
Ба дарламасы 1 б лім. Экононикалы категория ретіндегі німдерді

Қорытынды
Сапа дегеніміз адамның және қоғамның дамуы үшін өмір салтын, әлеуметтік және экономикалық негізін анықтайтын тұғырлы ктегориялардың бірі.
Сапа проблемасының ғалымдардың, инженерлердің, менеджерлердің қатысуынсыз шешілуі мүмкін емес.
Сапа -өткізу нарығы үшін күрестің маңызды құралы.
Сапа көптеген кездейсоқ, жергілікті және субъективті факторлардың әсерімен анықталады. Осы факторлардың сапа деңгейіне әсерінің алдын алу үшін сапаны басқару жүйесі қажет.
Құжатталған сапа жүйелерінің даму тарихында бес кезең бөлінген: өнім сапасы стандарттарға сәйкестік ретінде,өнім сапасы стандарттарға сәйкестік және процесстердің тұрақтылығы ретінде, өнімнің, процесстердің, қызметтің сапасы нарық талаптарына сәйкестік ретінде, сапа тұтынушылар мен қызметшілердің талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру ретінде, сапа қоғамның, (акция) иеленушілердің, тұтынушыларды және қызметшілердің талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру ретінде.
Менеджмент нысаны ретінде сапаға менеджменттің барлық құрамдас бөлшектері: жоспарлау, талдау, бақылау тән.


3 тақырып. Сапаны басқарудың методологиялық негіздері.
Өнім сапасының аспектілері

Сапаны басқарудың қазіргі заманғы теориясы мен практикасында негізгі бес кезең бөлінген:


1. «Не өндіру» туралы шешім қабылдау және техникалық шарттарын даярлау.
2. Өндірістік дайындығын тексеру және ұйымдастырушылық жауапкершілікті бөлу.
3.Өнім шығару немесе қызмет көрсету процессі.
4. Өндіру және бақылау процесіне анықталған кемшіліктерге болашақта жол бермеуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу мақсатында ақауларды анықтау және кері байланыс ақпаратымен қатмамасыз ету
5. Сапаға қатысты ұзақ мерзімді жоспарлар әзірлеу
Фирманың барлық бөлімдерінің, басқару органдарының өзара қимыл үйлестіруінсіз аталған кезеңдерді жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай әрекеттестік сапаны басқарудың бірыңғай жүйесі деп аталады. Бұл сапаны басқаруға жүйелі қозқарасты қамтамасыз етеді.
Сапаны басқару кезеңдерінің мазмұнын егжей-тегжейлі қарастырайық.
Бірінші кезеңде сапа фирманың тауарлары мен қызметтері оның ішкі техникалық жағдайларына сәйкес болатын дәрежені білдіреді.Сапаның бұл аспектісі техникалық жағдайларға сәйкестік сапасы деп аталады.

Екінші кезеңде конструкция сапасы бағаланады. Сапа фирманың бұйым конструкциясына қоятын техникалық талаптарына сәйкес болуы мүмкін, бірақ, конструкцияның өз сапасы жоғары да, төмен де болуы мүмкін.


Үшінші кезеңде сапа фирманың жұмысы немесе қызметтерінің көрсетілуі тұтынушылардың шынайы қажеттіліктерін қанағаттандыратын дәрежені білдіреді.
Фирманың тауарлары ішкі техникалық жағдайларға сәйкес болуы мүмкін (бірінші кезең), бұйым конструкциясының өзі керемет болуы мүмкін (екінші кезең), қызмет немесе бұйым тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға жарамауы мүмкін. Біз барлығы бірдей маңызды негізгі үш кезеңнің мазмұнын қарастырдық. Олардың кез келгеніндегі кез келген олқылық сапа мәселесін туғызуы мүмкін.
Өнім сапасын басқару жүйесі өзара байланысты мынадай басқару категорияларына сүйенеді: нысан, мақсаттар, факторлар, субъект, әдістер, функциялар, құралдар, принцип, критерийлер түрі, типі және бс.
Өнім сапасын басқару деп оңтайлы сапалы өнім шығаруды және оның толыққанды пайдаланылуын қамтамасыз ететін факторлар мен шарттарға барлық деңгейлерде ықпал етудің тұрақты , жоспарлы , мақсатты процесін түсінеміз.
Өнім сапасын басқару жүйесіне мынадай функциялар кіреді:
1. Стратегиялық, тактикалық және шұғыл басқару функциялары.
2. Шешім қабылдау, басқарушылық ықпал ету, талдау және есепке алу, ақпараттық-бақылау функциялары
3. Арнаулы және өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдеріне ортақ функцииялар
4.Ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік факторлар мен жағдайлар бойынша басқару функциялары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет