Бағдарламасы бөлім. Экононикалық категория ретіндегі өнімдердің сапасы тақырып. «Сапаны басқару» курсының пәні мен міндеттері



бет13/37
Дата06.02.2023
өлшемі265,68 Kb.
#167543
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Байланысты:
Ба дарламасы 1 б лім. Экононикалы категория ретіндегі німдерді
Критериалды бағалау, Критериалды бағалау, Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция[1] (автовосстановление), Ернар срс 1 инклюзив, Сапаны статистикалық бақылау Скачать Курстық жұмыс, mendebaev-sapany (1), Квалиметрия, Жақсыбаева Шариза 22.02
Сапаны басқару жүйесіне :
1. Басшылықтың міндеттері (сапа саласындағы саясат, ұйымдастыру).
2. Құжаттама және жоспарлау жүйесі.
3. Талаптар құжаттамасы және олардың орындалуы.
4.Әзірлеу кезіндегі сапа (жоспарлау,құзырлылық, құжаттама, тексеру, нәтиже, өзгертулер).
5. Сатып алу барысындағы сапа (құжаттама, бақылау).
6. Бұйымдарды белгілеу және оларды бақылау мүкіндігі.
7.Өндіру барысындағы сапа(жоспарлау, нұсқаулықтар, біліктілік, бақылау).
8.Сапаны тексеру (бастапқы тексерулер,операцияаралық бақылау, соңғы бақылау,сынақтар құжаттамасы).
9. Сынақ құралдарын бақылау.
10. Ыңғайлау шаралары.
11. Сақтау, қозғау, орау, жөнелту барысындағы сапа.
12. Сапаны құжаттау.
13.Сапаны қолдау жүйесіне фирмаішілік бақылау.
14. Оқыту.
15. Статистикалық әдістерді қолдану.
16. Қолданылатын шаралардың сапасын және жүйелерін талдау.
Бақыланатын сапа көрсеткіштері өнімнің ерекшелігіне байланысты белгіленеді.
Мысал. Сапа көрсеткіштері жүйесі.
Машиналар сапасы. Техникалық көрсеткіштер(қуаты, дәлдігі, ресурстардың үлестік шығыны, сенімділігі және т.б.).
Еңбек сапасы. Ақаудың пайда болуы себептері.
Өнім сапасы. Өндірістік, тұтынушылық, экономикалық көрсеткіштер.
Жоба сапасы. Сату барысындағы түзетулер саны.
Технология сапасы. Бұзылыстар саны.

7 сур. Сапа деңгейлері

Сапа саласындағы саясаттың қызмет принципі түрінде немесе ұзақ мерзімді мақсат түрінде құрылуы мүмкін және оған


  • Өткізу нарықтарын кеңейту немесе жаңасын игеру;

  • Өнімнің жетекші фирмалардағы деңгейінен асатын техникалық деңгейіне қол жеткізу;

  • Белгілі бір салалардың немесе белгілі бір өңірлердің тұтынушылары талаптарын қанағаттандыруға бағдарлану;

  • Функционалдық мүмкіндіктері жаңа принциптермен жүзеге асырылатын бұйымдарды меңгеру;

  • Өнім сапасының маңызды көрсеткіштерін жақсарту;

  • Дайындалатын өнімнің ақаулылық деңгейін төмендету;

  • Өнімнің кепілді мерзімін ұлғайту;

  • Сервисті дамыту кіруі тиіс.

ИСО стандартына сәйкес өнімнің өмірлік циклы 11 кезеңнен тұрады:
1. Маркетинг, нарықты іздеу жәе зерттеу.
2. Техникалық талаптарды жобалау және әзірлеу, өнімді әзірлеу.
3. Материалдық-техникалық жабдықтау.
4. Өндірістік процесстерді дайындау және әзірлеу.
5. Өндіру.
6. Бақылау, сынақтар және зерттеулер өткізу.
7. Орау және сақтау.
8. Өнімді сату және тарату.
9. Монтаждау және пайдалану.
10.Техникалық көмек және қызмет көрсету.
11. Сынақтан кәдеге жарату.
Аталған кезеңдер менеджмент жөніндегі әдебиетте «сапа ілмегі» түрінде беріледі ( 8 сур).
Сонымен, өнім сапасын қамтамасыз ету дегеніміз өнім сапа талаптарына сай болуы үшін сапа ілмегінің әр кезеңін орындауға қажетті жағдай жасайтын жоспарланатын және жүйелі түрде жүргізілетін шаралар жиынтығы

8 сур. Сапаны қамтамасыз ету


Сапаны басқаруға алдымен бақылау, есепке алу, талдау арқылы шешім қабылдау кіреді.


Сапаны жақсарту дегеніміз өнімнің техникалық деңгейін, оны әзірлеу сапасын көтеруге, өндіріс элементтерін және сапа жүйесін жетілдіруге бағытталған тұрақты әрекет.
9 суретте сапаны басқару жүйесі шоғырландырылған түрде берілген. Мұнда алдымен кәсіпорынның сапа саласындағы саясаты, сапаны қамтамасыз етуден, басқарудан және сапаны жақсартудан тұратын сапа жүйесінің өзі бөлінген.
Қазіргі заманғы сапа менеджментінің тұғырлы 10 шарты белгіленген:

  1. Тұтынушыға осы процесстің ең маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарау.

  2. Басшылардың фирманы басқару жүйесін енгізуге қатысты ұзақ мерзімді міндеттемелер алуы.

  3. Жетілдірудің шегі болмайтынына сену.

  4. Проблема туындағаннан кейін шешуге қарағанда оның алдын алудың дұрыстығына сенімділік.

  5. Басшының мүдделілігі, жетекші ролі және тікелей қатысуы.

  6. «Нөл қате» ұстанымымен жұмыс істеу стандарты .

  7. Фирма қызметкерлерінің ұжымдасқан түрде және жекелей қатысулары.

  8. Негізгі назарды адамдарды емес, процесстерді жетілдіруге бөлу.

  9. Жеткізушілеріңіз Сіздің мақсаттарыңызды түсінгенде Сіздің серіктестеріңіз болатынына сену.

  10. Сіңірген еңбекті мойындау.

Тұтынушының тарапынан бұйым сапасы деген ол тұтынушы талаптарының қанағаттандырылу дәрежесі.
Ертеңгі күннің тұтынушысы:

  1. Сапаның басымдылығын мойындайды, ал баға екінші орында тұрады.

  2. Әр ақаудың рекламациясын ұсынады.

  3. Сапаның ұдайы жетілдірілуін талап етеді..

  4. Технологиялық процесстегі сапаның қамтамасыз етілуін талап етеді, соңғы бақылаудан бас тартады.

  5. Технологиялық процесстер өзгерген жағдайлардағы реакциясы сезгіш.

  6. Сапа қамтамасыз етілген жағдайда бірлеседі.

  7. Сапа қамтамасыз етілген жағдайда өнімнің жақтасы болады.

Өнім шығаруда нормативтік және техникалық құжаттамаға қойылатын негізгі талаптардың құрамы және өзара байланыстары 10 суретте көрсетілді.


Өндірістік процесстердің жағдайы және мүмкіндіктері туралы толық мәліметтері бар, сондай-ақ, оларды жетілдіру үшін басқарушылық ықпалын уақытында жасайтын кәсіпорындар бәсекеге қабілетті өнім жасауда және шығаруда барынша жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.

9 сурет. Өнім сапасын басқару

Отандық және шетелдік мамандардың пікірі бойынша өнім сапасы конструкторлық және технологиялық құжаттамада белгіленеді. Олардың екеуі де тиісті түрде бағалануы керек.
1) Сұранысқа ие тауар өндіруден бастау керек, яғни, біреу сатып алатындай, ал егер оның сапасын жақсартса сатып алушылар саны өсетіндей, кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері жақсаратындай және сапа мәселесін шешудің келесі кезеңдерін жүзеге асыру үшін қаражат табуға болатындай тауар өндіру керек.
Сұранысқа ие тауар дегеніміз, әдетте жаңа тауар. Яғни, нарықтағы сұранысты зерттеуден және жаңа өнімдер өндіруді меңгеру және жасау барысында осыны ескеруден бастау керек.
2) Сатудың, сонымен қатар тауарды және ол туралы ақпаратты таратудың дилерлік, сауда желісі болуы керек. Бұл болмаса ешқандай тауар сапасы кәсіпорынды құтқармайды.
3) Өндіріс шығындарын барынша азайту керек. Осы мақсатта кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын қайта санау, қайта қару керек, артықтан бас тартып, қайта құрылымдау өткізу керек. Мұны істемей тұрып, сапа үшін күресті бастаудың қажеті жоқ, себебі кәсіпорынның басқа аурудан құлдырауы мүмкін. Мұны дәлелдеу үшін ешқандай мысалдың қажеті жоқ, ресейлік кәсіпорынның әрқайсысының да орасан шығындары бар деуге болады. Шығындарының көптігі соншалық, кәсіпорындар тіпті есепті бұрмалауға мәжбүр болады. Нәтижесінде сапаға жұмасалатын шығынды дұрыс есептеу, сәйкесінше сапа экономикасын басқару мүмкін болмайды.
4) Қаржыны басқаруды үйрену керек, бұл өте күрделі өнер. Ең алдымен қаржыны қадағалауды жолға қою керек. Бақылаусыздық қаржының жоғалуына, ұрлануына және кәсіпорынның банкротқа ұшырауына апарып соқтырады. Бұған жол беретін басты фактор көптеген кәсіпорындардың іс жүзіндегі меншік иесінің болмауы. Мұндай кәсіпорындарда меншікті іс жүзінде жоғарғы менеджерлер басқаратындықтан көп нәрсе олардың тәртіптілігі мен адалдығына байланысты болады. Соған қарамастан көреген менеджерлер қаржылық бақылаудың жолға қойылуына мүдделі және сол бағытта жұмыс істейді.
Кәсіпорынның табысты жұмысының жоғарыда аталған міндетті барлық 4 шарты түрлі сапа концепцияларында қарастырылғанымен, оларда оны жақсарту туралы айтылады.

10 сур.Өнім өндіру процессіне нормативтік және техникалық құжаттамада қойылатын негізгі талаптар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет