Байланысты: Ба дарламасы 1 б лім. Экононикалы категория ретіндегі німдерді
Стандарттаудың мәні Жоғарыда айтылғандай, қазіргі жағдайда сапаны басқару көбінесе стандарттауға негізделеді. Стандарттау дегеніміз басқарудың нормативтік әдісі. Оның нысанға ықпалы нормативтік құжат түрінде ресімделген және заңдық күші бар нормалар мен ережелерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Стандарт дегеніміз өнім сапасына қойылатын негізгі талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжат.
Техникалық шарттардың сапаны басқарудағы ролі зор.(ТШ).
Техникалық шарттар дегеніміз мемлекеттік стандарттарға қосымша талаптарды белгілейтін, ал олар болмаған жағдайда өнімнің сапалық көрсеткіштеріне дербес талаптарды белгілейтін нормативтік-техникалық құжат, сонымен қатар осы құжатқа теңестірілетін суреттеме, рецептура, үлгі-эталон. Техникалық шартта қарастырылған талаптар мемлекеттік стандарт талаптарынан төмен болмайды.
Өнім сапасын басқару жүйесі кешенді стандарттауға негізделеді.
Стандарттар өмірлік циклдың барлық кезеңдерінда өнім сапасын көтеруді жоспарлау тәртібін және әдістерін белгілейді, өнім сапасын бақылау және бағалау құралдары мен әдістеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Өнім сапасын басқару мемлекеттік, халықаралық, салалық стандарттар және кәсіпорын стандарттары негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік стандарттау қоғам, нақты тұтынушы мүдделерін қорғау құралы ретінде қолданылады және басқарудың барлық деңгейіне таралады.
9000 сериялы ИСО тұтынушыға өнім сапасына барынша белсенді ықпал етуге құқық береді, сапалы өнімді даярлау процессіндегі тұтынушының белсенді ролін қарастыратын заңнамалық базаны қамтамасыз етеді.
ИСО 9000 сапа саласындағы негізгі ұғымдар арасындағы айырмалар мен өзара байланыстарды анықтау үшін және сапаны басқару міндеттерін шешу барысында фирманың ішкі пайдалануына қолданылатын сапа жүйелеріне ИСО стандарттарын таңдау және қолдану жөніндегі жетекші ережелерді ұсыну ретінде пайдаланылады. (ИСО 9004).
Біздің елімізде құрамына негізгі бес стандарт енген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі құрылды:
1. ГОСТ Р 1.0-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер.
2. ГОСТ Р 1.2-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі.
3. ГОСТ Р 1.3-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі.Техникалық шарттарды мақұлдау, бекіту және тіркеу тәртібі.
4. ГОСТ Р 1.4-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жүйесі. Кәсіпорындар стандарттары .Жалпы ережелер
5. ГОСТ Р 1.5-92 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жүйесі. Стандарттарды құруға, баяндауға, ресімдеуге және мазмұнына қойылатын жалпы талаптары.
Қорытынды Сапаны басқаруға жүйелі қөзқарас керек.
Сапаны басқару жүйесі өнім сапасының жоғары деңгейін белгілеуге, қамтамасыз етуге және қолдауға бағытталған басқару органдары мен басқару нысандарының, шаралардың, әдістер мен құралдардың жиынтығы.
Сапаны басқару жүйелері ИСО 9000 стандарттарына сай болуы керек..
Сапаны бақылау ақаулы бұйымдарды анықтауды білдіреді.
ИСО 9000 стандарттарында сапа менеджменті жүйелерін бағалау барысында қолданылуы талап етілетін сатистикалық әдістердің сапаны бақылаудағы ролі зор.
Сапаны бақылауда бақылау карталары табысты қолданылады. Бақылау картасы орталық сызықтан, екі бақылау шегінен (орталық сызықтың астынан және үстінен) және процесс жағдайын көрсету үшін картаға жазылған сипатттама мәндерінен (сапа көрсеткіші) тұрады.Бақылау карталары белгілі бір (кездейсоқ емес) себептерді анықтауға қажет.
Исикава схемасы (себептер мен нәтижелер диаграммасы) нәтижені сипаттайтын сапа көрсеткішінен және факторлық көрсеткіштерден тұрады.
Парето диаграммасы аздаған айтарлықтай маңызды ақауларды және олардың туындау себептерін анықтау үшін пайдаланылады.