Тақырыбы: Жалпы рецептура Жалпы рецептура Дәрілік заттар, дәрілік түрлер, препараттар туралы ұғым
Жалпы рецептура – дәрілердің жазылуы мен дайындалу және қабылдау тәсілдерін оқытатын фармакология тарауы
Қандай да бір ауруды емдеу үшін немесе алдын алу мақсатында белгілі мөлшерде қолданатын заттар емдік дәрі-дәрмектер деп аталады.
Дәрілік заттар– дегеніміз ағзаға емдік немесе профилактикалық әсер тигізетін дербес химиялық қосындылар немесе белсенді биологиялық заттар.
Дәрі – деп фармакологиялық комитеттің рұқсатымен әртүрлі ауруларды емдеу, алдын алу немесе диагнозын анықтау үшін қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардан құрамын айтамыз.
Дәрілік түр деп қажетті емдік немесе профилактикалық әсер алу үшін дәрілердің жасалатын іс жүзінде қолдануға ыңғайлы түрлерін айтамыз.
Емдік препарат деп – белгілі бір емдік дәрі-дәрмек түрінде шығатын немесе бірнеше емдік заттардан тұратын препаратты айтады.
Емдік дәрі-дәрмек түрі қолдануға қолайлы болу қажет, дайындау сипатына қарай дәрілер бірнеше топқа бөлінеді.
Қатты дәрілер -таблеткалар, ұнтақтар, домалақтар, қабық дәрілер
Сұйық дәрілер - ерітінділер, тұндырма, тұнбалар, қайнатпалар, сығындылар, қоймалжын сұйық қоспалар, тамшы және т.б. жатады.
Қолдану әдісіне байланысты дәрілер бөлінеді: Сыртқа қолданатын.
Ішке қолданатын.
Инъекцияға қолданатын дәрілер (еңгізетін)
Дәрі-дәрмектерді алу жолдары Дәрілер түрлі шикізаттан алынады.
Синтетикалық жолмен көп дәрілер алынады, (мысалы, антибиотиктер –цефазолин, ампициллин, оксациллин т.б.).
Өсімдіктерден 2 түрлі әдіспен алынады. а) қарапайым әдіс, өсімдіктерді кептіру, ұсақтау әдісімен, (шайды осы жолмен алып шығарады). б) күрделі әдіс бойынша (тұнба мен сығындыларды) алады.
Жануарлардан дәрілер алынады (инсулин дәрісі ірі қара малдың ұйқы безінен алынады т.б.).
Минералдық шикі заттарда дәрілер алынады (ас тұзын және ерітінділерін өзен-көл суынан алады).
Микробтардан антибиотиктерді алады (пенциллинді көгерткіш саңырауқұлағынан алған т.б.).
Фармакопея Дәрілерді дайындау әдістері, сапасын, әсерін тексеру және жоғарғы дозаларды тағайындау, арнаулы оқулықта жазылған, бұл оқулық фармокопея деп аталады. Фармокопея 2 латын сөзінен тұрады Pharmacon – “дәрі”, Poicca – “жасайтын”.
Бірінші фармакопея Ресейде 1866 жылы басылып шықты, ал совет фармакопеясы 1925 жылы шыққан. Казахстан Республикасыныңда фармакопеясы бар. Әр елдің өз алдына фармакопеясы бар, бірақ барлық елге ортақ халықаралық фармакопеясы бар.
Фармакопеяның өсіп жетілуі қарай, фармакопея қайталап басылып отырылады. Олардың бір – бірінен айырмашылығы бар, қазіргі кезде фармакопеяның 12-басылымы жарық көріп отыр міндетті түрде жаңа шыққан дәрі-дәрмектер еңгізіледі. Фармакопеяның міндеттері заң түрінде орындалады. Дәріні жасайтын, сақтайтын, сапасын тексеретін және пайдаланатын медициналық мекемелердің бәрінде фармакопея болу қажет.