А. Е. Алибеков, Е. М. Тұрғынов, А. А. Нұрбеков, А. М. Балықбаева, М. И. Құсаинов
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ХИРУРГИЯДАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ДАЙЫНДАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті №2 хирургиялық аурулар кафедрасы
__________________________________________________________
Медициналық жоғарғы оқу орындарында инновациялқ оқыту енгізілгеннен бері, келешек медициналық мамандарын дайындауға үлкен үлесін қосты. Студентердің білімі және клиникалық дағдыларды меңгеруі жоғарылап келеді, клиникалық дағдыларды оқыту мамандарды клиникалық дайындау сапасын көтеруге көмектеседі. Қазақ тілінде дәрігер маманын толыққанды дайындау үшін тіл туралы заңының студенттердің дәріс алатын емдеу мекемелерінде орындалуы керек.
Кілт сөздер: білім, инновация,клиникалық дайындық, клиникалық дағдырлар, мемлекеттік тілде хирургиядан мамандық дайындау
__________________________________________________________
Білім беру саласында қызмет көрсету нарығының ғаламдық даму үрдістеріне сай, медициналық жоғарғы оқу орындарының қызметінде білім берудің инновациялық технологияларын және халықаралық стандарттарын енгізу басым бағытқа айналып отыр [1]. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің мақсаты- халықаралық білім кеңістігіне жан-жақты ықпалдасу жолымен қарқынды түрде алға басу. Бұл бізге әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесін үйренуге мүмкіндік береді және болашақта біздің оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін медициналық көмектің сапасы берілген білімнің денгейінен асуы мүмкін емес, сондықтан дәрігерлерді оқытып, дайындаудың қазіргі жай-күйі – білім беру әдістерін жетілдіріп отыруды талап етеді. Жаңа ақпараттар ауқымы артты, кәсіби шеберлікке қойылатын талаптар және пациенттің құқығын сақтау мәселесіне қатысты талаптар күшейді. Осыған байланысты отандық медициналық жоғарғы оқу орындарының да, оның оның ішінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің де басты мақсаты – мамандарды дайындау сапасын арттыру.
Біздің университетімізден шығатын қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдардың сапасын арттыру мақсатында теориялық және клиникалық кафедраларға мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің мамандары әдістемелік көмек көрсетеді. Мемлекеттік тілде жазылған оқулықтар сапалы аударылып жазылғанда ғана қазақ топтарында оқитын студенттердің білім алу сапасы артатыны сөзсіз. Келешекте ғылыми зерттеулердің нәтижесін мемлекеттік тілде кеңінен жариялауды, магистранттық, PhD-докторлық диссертацияларды мемлекеттік тілде қорғау сапасын арттыруды үлкен мәселе етіп қойып отырмыз.
Жоғарғы медициналық оқу орындарында инновациялық оқыту жүйесі енгізілген және келешек медициналық мамандарды дайындауға қосатын үлесі зор. Қоғамның қазіргі дамуының кезеңіне сай үстірт ойламайтын, белсенді, жан-жақты ойлау қабілеті дамыған, техниканы құрастырып, бағалап, үнемдей білетін мамандардың, шығармашылық тұлғалардың әлеуметтік қажеттілігі артты. Бұл мәселенің шешуі жоғарғы оқу орындарындағы келешек мамандарды оқытудың технологиясына байланысты [2].
Қазіргі кездің технологиясы – кейде қымбат зерттеулердің көмегімен алынған білімнің күрделі жиынтығы. Білім беру саласындағы инновация деп оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, жаңалықты енгізуді, алдыңғы қатарлы педогогикалық көзқарастарды қолдануды айтады. Оқыту технологиясы – адамның басқаруымен жүретін белгілі бір оқыту әдісі. Мұнда негізгі рөл оқыту құралдарына беріледі: ұстаз студенттерді оқытудан гөрі, олардың жұмысын ынталандыру мен үйлестіру және оқыту құралдарын басқару қызметін атқарады. Оқытушының педогогикалық шеберлігі оқытудың қолайлы әдістері мен құралдарына бағдарламаға және қойылған педогогикалық талаптарға сай қолдануына, қажеттісін ғана дұрыс таңдауына байланысты. Оқытудың жетістігі студенттердің жеке белсенділігіне, мақсатқа ұмтылуына, олардың іскерлігіне, өз бетімен жұмыс жасау деңгейіне, шығармашылық қабілетінің білінуіне байланысты [3].
Жоғарғы курс студенттерін қазақ тілінде хирургиядан мамандық бойынша дайындау және тәрбиелеу принциптері де қолға алынып жатыр. Жоғары квалификациясы бар мамандар дайындау өте күрделі процесс. Хирургиялық аурулар кафедрасында емдеу факультетінің VI-VII курс студенттеріне сабақ белгілі бағдарлама бойынша беріледі. Қазақ топтарындағы сабақ ешбір өзгеріссіз барлық талаптарды қамтиды. Жиырма күн ішінде белгілі жиі кездесетін ауруларды оқып, солардың зерттеу әдістеріне машықтанып ем қолдану қағидаларын үйренеді. Сабақ жүргізгенде қолданылатын әдістің ең негізгісі – сабақты науқастың жанында өткізу болып саналады. Сабаққа берілген уақыттың ¾ бөлігі студент науқастың жанында болуы керек, сонда ғана, оқушы аурулармен жиі көрісіп мамандық тәжірибесін шыңдай алады және мамандығына деген ынтасы арта береді.
Сабақ өткізу барысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып саналады. Сабақ беруде оқытушының ойында тұратын мақсаттар мыналар болуы тиіс: 1) студенттерге тәжірибелік сабақты түсіндіру; 2) сол білімді бекітіп, талдап, есінде қалдыру; 3) алған білімін тексеріп отыру; 4) өздігінен толықтырған білімін күнделікті қажетке жұмсау. Сабақта оқытушы студенттің білімге деген ынтасы мен қызығушылығын арттырып отыру тиіс және сабақ барысында оқытушы мен студенттің ынтымағын нығайту мәселесі бірінші орында тұрады.
Тәжірибелік дағды қалыптастыру сабақтарына: тәжірибелік сабақ (ТС), студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ), студенттердің өзіндік жұмысы(СӨЖ), сынақ сабағы жатады. Тәжірибелік сабағында студенттердің күнделікті алған білімдерін нығайтып отыру үшін сабақ барысында түрлі ситуациялық жағдайлар мен бақылау жұмыстары беріледі. Осыларды орындау арқылы студент бүгінгі жаңа сабақты оқытушы көмегімен игеруге талпынады. Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы білім мен білік және дағдыны толықтыра түсу мақсатында жүргізіледі. Студенттер өзіндік жұмыстарын презентация және баяндама түрінде қорғайды. Бұл сабақтар студенттердің ой-дағдыларын ширату үшін өткізіледі. Аралық сынақ бақылаулар, бақылау жұмыстары, тесттік тапсырмалар кезінде алған білімдерін бір жүйеге түсіру мақсатында жүргізіледі.. Осылардың барлығы да күнбе-күн жетілдіріліп, жаңартылып отыруды қажет етеді. Бұл жерде оқытушының өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы өте маңызды, жоғарыда аталған сабақ түрлерінің белгілі бір түрі оқытушының әр сабағында көрініс табуы тиіс.
VI-VII курс интернатурада қазақ тілінде сабақ өткізуге қиыншылықтар баршылық. Бес жыл қазақша оқып алтыншы жылы емдеу процессі, құжаттар, конференция, мамандарының қарым-қатынасы – бәрі орыс тілінде жүргізетін ортаға түскенде оқушылар біразға дейін дағдарысқа ұшырайды. Осы жағдай оқу процессінің сапасын төмендеткенімен бірге қазақ медицина ғылыми тілінің дамуына бас кедергі болып тұр. Ал ғылыми тіл дамымаса қажетті әдебиет, кәсіптік шығармашылықтар да дамымайды.
Дегенмен, ана тілінде оқып жүрген субординаторлармен 15 жылдан астам жұмыс істегенде түйгеніміз: маман дәрігерлерді дайындауға әбден болады. Кафедрада әр тақырып бойынша тесттік тапсырмалар дайындау, олар студенттердің сабақты қалай меңгергенін бақылау үшін қолданып келеді. Әр студентпен жеке ауру қарап, оны талқылап, емдеу диагностикалық шараларды студентпен бірге өткізгенде мамандық шеберлігін шындауға көмектеседі. Хирургия мамандығының ерекшелігі қолөнердің басымдылығы. Осыған орай жоғарғы VI-VII курстардың студенттермен бірқатар тәжірибелік әдістерді игеру жүктелді. Кафедра мекендеген көп салалы клиникада хирургиялық қолөнер үйренуге мүмкіншілік жеткілікті.
Сонымен қатар ҚММУ-де практикалық дағдырлар орталық 2008 жылы ашылып, білім алушыларға клиникалық жете біліктілікті дамыту, қолдау және жақсарту мен өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін қалыптастырып, клиникалық дағдыларды оқитындарға қауіпсіз, тиімді білім беру ортасын қамтамасыз етуге арналады. Оқытудың әртүрлі әдістерін, оқыту мен клиникалық дағдыны үйретуде манекендер, үлгілер, муляждар, автоматтандырылған виртуальді үлгілер, интерактивті оқытушы компьютерлік бағдарламалар, аудио-бейне материалдар, клиникалық дағдылар мен оқыту бағалауға тарту үшін стандартталған пациенттерді қолдана отырып, клиникалық дағдыға интеграцияланған оқыту мен үйретуді ұйымдастырған және оқу барысына TBL-ұжыммен бағдарланған оқыту, CBL-клиникалық жағдай оқыту, PBL-проблемалық бағдарланған оқыту енгізілген. Клиникалық дағдыларды оқыту мамандарды клиникалық дайындау сапасын көтеруге көмектеседі.
VI-VII курстардың студенттеріне обьективтік құрылымды клиникалық емтиханды (ОҚКЕ) тапсыруға және тәжірибелік әдістерді игеруге көмектеседі. Студенттер өзіндік, өзіне керек клиникалық дағдыларды қалыптастырып, мамандық тәжірибеде іске асырады.
VI-VII курс хирург субординаторлар мен дәрігер- интерн хирургтардың тәжірибелік әдістерде игеру нәтижесі кестеде берілген.
1 кесте – Обьективті құрылымды-клиникалық емтихан тапсырған 1-жылдық хирург-субординаторлардың қорытындысы
Оқу жылы
|
Студенттердің саны
|
Тапсырғандардың бағалары
|
Орташа балы
|
өте жақсы
|
жақсы
|
қанағат-
танарлық
|
2008/2009
|
59
|
38
|
64,4%
|
21
|
36.6%
|
0
|
0.0%
|
90.2%
|
2009/2010
|
80
|
61
|
76.95%
|
18
|
25.5%
|
1
|
1.25%
|
91.32%
|
2010/2011
|
58
|
41
|
70.69%
|
17
|
29.3%
|
0
|
0.0%
|
91.65%
|
2011/2012
|
75
|
69
|
92%
|
6
|
8%
|
0
|
-
|
89,6%
|
2012/2013
|
34
|
30
|
88%
|
4
|
12%
|
0
|
-
|
89,4%
|
Барлығы
|
306
|
239
|
78,1%
|
66
|
21,6%
|
1
|
0,3%
|
90,4%
|
2008-2013 оқу жылы барсында жалпы саны – 306 хирург-субординаторлардың обьективті құрылымды-клиникалық емтихан тапсырды. Олардың 239 (78,1%) студент өте жақсы бағаға, 66 (21,6%) жақсы бағаға тапсырды, ал 1 (0,3%) қанағаттанарлық баға алды, орташа пайызы 90,4%. Қанағаттанарлықсыз бағаны ешқандай студент алған жоқ.
2 кесте – Обьективті құрылымды-клиникалық емтихан тапсырған 2-жылдық дәрігер-интерн хирургтардың қорытындысы
Оқу жылы
|
Студенттердің саны
|
Тапсырғандардың бағалары
|
Орташа балы
|
өте жақсы
|
жақсы
|
қанағат-
танарлық
|
2013/2014
|
82
|
25
|
30%
|
57
|
70%
|
-
|
-
|
86,5%
|
2014/2015
|
98
|
28
|
29%
|
68
|
69%
|
2
|
2%
|
84,6%
|
2015/2016
|
74
|
38
|
51%
|
36
|
49%
|
-
|
-
|
87,5%
|
Барлығы
|
254
|
91
|
36%
|
161
|
63,2%
|
2
|
0,8%
|
86,2%
|
2013-2016 оқу жылы барысында жалпы саны – 254 дәрігер-интерн хирургтар обьективті құрылымды-клиникалық емтихан тапсырды. Олардың 91 (36%) студент өте жақсы бағаға, 161 (36%) жақсы бағаға тапсырды, қанағаттанарлық 2 (0,8%). Орташа пайызы 86,2%. Қанағаттанарлықсыз бағаны ешқандай студент алған жоқ.
ОҚКЕ тапсырған және клиникалық дағдырларды менгеру бойынша 1-жылдық хирург-субординаторлардың орташа қорытындысы – 90,4%, ал 2-жылдық дәрігер-интерндердің орташа қорытындысы – 86,2%, салыстыра келгенде 1-жылдық хирург-субординаторлардың орташа балы жоғары. Содықтан клиникалық дағдыларды игеру бойынша 2-жылдық инетрнатураға қарағанда, 1-жылдық «субординатор-интерн» мамандығы бойынша игеру жақсы көрсеткіш көрсетеді. Өйткені емдеу ісі мамандығы бойынша хирургиялық аурулар дисциплинасына бөлінген сағат, «Жалпы медицина» 2-жылдық интернатураға салыстырғанда, 2 есе сағат көп бөлінген. Жылдан-жылға студенттердің клиникалық дағдыларды меңгеруі жоғарылап келеді.
Қазақ тілінде дәрігер маманын толыққанды дайындау үшін тіл туралы заңының студенттердің дәріс алатын емдеу мекемелерінде орындалуы керек.
ӘДЕБИЕТ
Байденко В. И. Болон процесі: проблемалар, тәжірибе, шешімдер. – М., 2006. – 84 б.
Кулекеев Ж.А., Пивень Г.Г., Нұргожин М.Р. Жоғарғы білім берудегі сапа менеджменті жүйесі /Ж. А. Кулекеев, Г. Г. Пивень, М. Р. Нұргожин. – Қарағанды, 2004. – 356 б.
Реформирование высшего образования в Казахстане и Болонский процесс: Инф. матер. для практических целей. – Алматы, 2009. – 7 с.
Достарыңызбен бөлісу: |