Ситуациялық есеп№11



Дата18.05.2020
өлшемі18,51 Kb.
#69480
Байланысты:
f9abbdb2-7952-4590-a89c-2b7d56925b2f-Сестринское дело в терапии (кәсіптік практика)-113159


Ситуациялық есеп№11
48 жастағы әйел, клиникаға келесi шағымдармен түстi: жалпы әлсiздiк, шөлдеу, аузының құрғауы, тәбетiнiң нашарлауы, басының ауруы мен айналуы, ентiгу, бетi мен аяқ-қолдарының iсiнуi.

20 жылдан бері өзiн қантты диабетпен науқас санайды. Эндокринологта инсулиннiң инъекциялық түрлерімен емделедi, қандағы қант деңгейi 6,2-7,0 ммоль/л деңгейiнде қадағаланған, соңғы 3 жылда несебiнде белок табылып жүрген. 6-8 ай көлемiнде жалпы жағдайы ауырлап, көңіл-күйі төмендеген, басы ауырып, қол аяқтарындағы өтпелi iсiнулердi, АҚ жоғарылауын, көз көруiнiң нашарлауын байқаған. Қанттың қандағы және несептегi деңгейi жоғарылап, инсулинмен ем жүргiзу қиындаған.

Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, құрғақ. Бетiнде, аяқ басында iсiну. Өкпесiнде везикулалық тыныс, тыныс жиiлiгi 20 мин. Жүрек тондары тұйықтау, ырғақты. Пульсi 88 мин., толуы мен кернеуi қанағаттанарлық. АҚ 155/90 мм сын. бағ. lшi жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 4см төмен, жұмсақ консистенциялы, шетi доғал, ауырмайды.

Қан глюкозасы 7,2 ммоль/л, мочевинасы 8,3 ммоль/л, креатининi 134 мкмоль/л.




  1. Негізгі ауруы қандай? Қандай жедел жағдай орын алған?

  2. Дәрігерге дейінгі жедел көмек




Науқастың мәселесі

Мақсаты

Жоспарлау

Жоспарды іске асыру

Нәтижені бағалау





Тәуелсіз:

1

2



3

4

5



......

Тәуелді:

1

2

3

.....

.


Ситуациялық есеп№12

4.Мектеп фельдшері 18 жастағы инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын науқасқа, сыныпқа шақырылды. Сыныптастарының сөздеріне қарағанда ол бірнеше минут бұрын қарынының ашқанына, қалтырауға, терлегіштікке шағымданыпты, содан соң ол талып қалады. Терісі бозарған, ылғалды. Бұлшық етінің гипертонусы, қарашығының үлкейгені анықталды. Тыныс алуы қалыпты. Пульсі мин. 100 рет, АҚҚ 130/90 мм с.б.





  1. Негізгі ауруы қандай? Қандай жедел жағдай орын алған?

  2. Дәрігерге дейінгі жедел көмек




Науқастың мәселесі

Мақсаты

Жоспарлау

Жоспарды іске асыру

Нәтижені бағалау





Тәуелсіз:

1

2



3

4

5



......

Тәуелді:

1

2

3

.....



.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет