Бағдарламасы бөлім. Экононикалық категория ретіндегі өнімдердің сапасы тақырып. «Сапаны басқару» курсының пәні мен міндеттері



бет6/37
Дата06.02.2023
өлшемі265,68 Kb.
#167543
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Ба дарламасы 1 б лім. Экононикалы категория ретіндегі німдерді

Басқару нысаны ретіндегі сапа.


Сапаны басқару теориясына құруда негізін салушылар шетелдік және отандық ғалымдар болды. П.Л. Чебышев пен А.М. Ляпунов орыс ғалымдарының жұмысы сапаның таңдаулық бақылауының теориялық негізі болды. Қазіргі уақытта қолданылатын сапаны басқару жүйесінің негізін салушы отандық ғалымдар И.Г. Венецкий, А.М. Длин, американдық ғалымдар У.А. Шухарт, Э. Дэминг , А. Фейгенбаум болды.
Қазіргі сапаны басқару сапаны басқару қызметінің өнім шығарылғаннан кейін тиімді болмайтыны, бұл қызмет өнім өндірісінің барысында жүзеге асу керек екендігінен шығады. Өндірістің процесін алдын алатын, сапаны қамтамасыз ету бойынша қызметтер маңызды.
Сапа көптеген кездейсоқ, аймақтық және субъективті факторлардың әсерімен анықталады. Сапа деңгейін осы факторлардың әсерін ескерту үшін сапаны басқару жүйесі қажет. Сонымен қатар бөлектеніп жекеленген және эпизодтық күш қажет емес, керісінше тиісті сапа деңгейін қолдау мақсатымен өнімді құру процесіне күнделікті әсерін өлшеу жиынтығы қажет.
Сапаны басқаруға түсініктер пайдаланылады: жүйе, орта, мақсат, бағдарлама және т.б.
Басқаратын мен басқарылатын жүйені бөліп қарастырады. Басқарылатын жүйе ұйымдарды ( фирмамен және т.б. құрылымдармен) басқарудың әртүрлі деңгейімен көрсетіледі. Басқаратын жүйе сапа менеджментін қамтамасыз етеді және құрады. Қазіргі әдебиеттерде және тәжірибелерде сапа менеджментінің келесі тұжырымдамалары қолданылады:

  • Сапа жүйесі (Quality System);

  • Сапаны басқаруға негізделген менеджмент жүйесі (Quality Driven Management System);

  • Сапаны жалпы басқару (Total Quality Management);

  • Сапаны қамтамасыз ету (Quality Assurance);

  • Сапаны басқару (Quality Control);

  • Сапаны статистикалық бақылау (Statistical Quality Control);

  • Сапаны қамтамасыз ету жүйесі (Quality Assurance System);

  • Өнімнің кепілдемесі (Product Assurance);

  • Жалпы өндірістік менеджмент (Total Manufacturing Management);

  • Озық өндірістік тәжірибе (Good Manufacturing Practices);

  • Өндірістік шығарылуды басқару жүйесі (Environmental Management System);

  • « біз алаңдаулымыз» жүйесі (We Care);

  • «жауапты тұлғалардың алаңдаушылық» жүйесі (Responsible Care);

  • Қоршаған ортаны қорғау аймағындағы жалпы сапа менеджменті (Environmental TQM );

  • Өндірісті жалпы қамтамасыз ету (Total Manufacturing Assurance);

  • Үрдістердің біріктірілген менеджменті (Integrated Process Management);

  • Сапаны жақсарту мақсатындағы менеджмент (Management for Quality Improvement);

  • Өнімділік пен сапаны толық ( толассыз, жаппай) басқару (Total Quality and Productivity Management);

  • Сапаның біріктірілген менеджменті (Integrated Management);

  • Үзіліссіз жақсартуды енгізу жүйесі (Continuos Improvement Implementation System);

  • Сапаның толық өзгеруі (Total Quality Transformation);

  • Сапа жүйесінің менеджменті (Quality System Management).

Сапа менеджментінің басқа да тұжырымдары бар. Біз тек олардың аздаған бөлігін келтірдік, бірақ басқару нысаны ретінде сапаны түсіну үшін маңызды. Аталған тұжырымдар сапаның әртүрлі мәселесін шешу үшін TQM методогиясында қолданылатын, әртүрлі әдістердің маңызын білдіреді.
TQM қазіргі фирмаларды басқаруда үлкен мәнге ие.
Басқару жүйесі жоғары буынның басқаруымен басталады. Жоғары буынның басқаруы стратегияға негізделуі керек, яғни фирма өткенмен салыстырғанда көпке қабілетті. Фирмалардың ұйымдастырушылық құрылымында сапаны басқару бойынша үйлесімді жұмыспен айналысатын, арнайы бөлімдер қарастырылуы мүмкін. Бөлімдер арасынан сапаны басқарудың арнайы функцияларына бөлінген.
Менеджменттің нысаны ретінде сапа үшін менеджменттің барлық құрылымдық бөлігі тән: жоспарлау, анализ, бақылау.
Сапаның қазіргі менеджменті сапаны басқару бойынша кеңесшілердің бағдарламасымен, ірі шетелдік бірлестіктермен орындалған, зерттеудің нәтижесіне негізделеді. Бұл “Хьюллет-Паккард” және т.б. белгілі фирмалардың тәжірибесі. 80-шы жылдары саясатқа өсы және басқа фирмалардың қатары .Б. Кросби, У.Э. Деминга, А.В. Фейгенбаума, К. Исикавы, Дж.М. Джурана. Өндірулеріне әсерін көрсетті. Бастаушы фирмалардың негізгі қызметі жұмысты жақсартудың келесі бағыттары болды:

  • Жоғары буындағы басқарушының қызығушылығы;

  • Жұмыс сапасын жақсарту бойынша кеңес алу

  • Жұмысты жақсарту үрдісінде барлық басқарушы топты қатыстыру;

  • Ұжымдық қатысушылықты қамтамасыз ету;

  • Дара қатысушылықты қамтамасыз ету;

  • Арттыру жүйесі бойынша топтар құру (процестерді қадағалайтын топтар);

  • Толықтай жеткізушілерді қызықтыру;

  • Басқару жүйесінің функционирленген сапасын қамтамасыз ету;

  • Жұмысты жақсарту үшін қысқамерзімді жоспарларды және ұзақмерзімді стратегияларды құру, жүзеге асыру.

  • Еңбекті мойындау жүйесін құру.

Әсіресе басқару жүйесінің функционирленген сапасын басқару ретінде бағыттарды айта кету керек. Сапаны басқару бойынша кеңесшілер сапаны басқарудағы жұмыстарға және сенімділікпен бағытталған күшке және мәселелерді анықтаудағы ресурстар мен қателіктерді түзетуге көңіл бөлді. Нәтижесінде ауытқушылық бойынша басқару жүйесі құрылды. Бұл жүйе қателіктерге әсері тиді және профилактикалық шаралардың ролін бағаламады, сонымен қатар өндіріс процестерімен байланыспаған бөлімшелердің ролі болды. Сапаны қамтамасыз ету фирманың өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін басқару жүйесіне байланысты деген қорытынды шықты.
Қазір сапаны басқаруда сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің фирмаларда болуы маңызды мәнге ие болғандықтан, жоғары тұрақтылықтың кепілі және өнім сапасының төзімділігі болып табылады. Сапа жүйесіне сертификат нарықта бәсекелестік қабілетті сақтауға мүмкіндік береді.
Сапа жүйесінде сертификаттың пайда болуы толықтай тоқталу мақсатымен, сапа менеджментіне жақындау эволюциясына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет