9.1 Дәрістер 9.1.1.Тақырыбы: Азық - түлік шикізаты және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Сағат саны:1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1.Азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз не?
2.Сапаның құрамдас бөліктерінің негізгі қағидалары
3.Азық – үлік шикізаты
Дәріс тезисі Азық-түлік шикізаты жəне олардан өңделген өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мəселесін шешу проблемасы – Қазақстан халқының салауатты тамақтану саласындағы мемлекет саясатының концепци- ясын іске асыру жөніндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.
Азық – түлік тауарларының сапасын қалыптастырудың негізгі ұстанымдарының ішінде олардың қауіпсіздігін, адамға тағайындалатын тағамға сəйкес өнімнің тағамдық құндылығын атап кеткен жөн. Өнімнің сыртқы түріне, органолептикалық көрсеткіштері, қаптамасы, сапасы туралы тұтынушыға арналған ақпаратқа жəне өнімнің қолданылу бағытына үлкен мəн беріледі.
Экономикасы дамыған елдерде өнім сапасы:
өнеркəсіп кəсіпорындарының ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктерін жеделдетіп қолдануға қабілеттілігі;
ішкі жəне халықаралық нарықтың талаптарын, тұтыну- шылардың түрлі категорияларының қажеттілігін мұқият зерттеу;
«адам факторын» пайдалану: жұмысшылар жəне жетекшілерді оқыту, тəрбиелеу, біліктілігін жүйелі түрде жоғарылату, материалды жəне моральды ынталандыруды қолдану сияқты негізге алынатын факторлардың əсерімен қалыптасады.
Бекіту сұрақтары: 1.Азық-түлік шикізатына тоқталып өтіңіз.
2.Азықтүлік тауарларының сапасына нақты мысал келтіріңіз
3.Экономикасы дамыған елдерде өнім сапасы бойынша суреттеңіз
4.Сапасыз тауар өнімдерін кәсіпорындары туралы түсіндіріңіз
Әдебиет Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6
9.1.2.Тақырыбы: Халықаралық деңгейдегі азық - түлік қауіпсіздігінің проблемасы
Сағат саны:1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1.Азық-түлік қауіпсіздігі проблемасы дегеніміз не?
2.БҰҰ негізгі қағидалары
3.Бүкіләлемдік азық-түлік жағдайы бойынша қатынастар
Дәріс тезисі Азық-түлік қауіпсіздігі проблемасының бірнеше онжылдықтар- мен өлшенетін тарихы бар. Əлемдік қауымдастық бұл сұрақпен Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген елдерді азық- түлікпен қамтамасыз ету проблемасының өткірлігі өскен кезде саналы түрде айналыса бастады. Осы кезеңде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өз Жарғысында басқа да кезек күттірмейтін міндеттердің арасында адам тамағының тапшылығын жеңуді қадап көрсетті. Азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларымен жүйелі түрде БҰҰ жəне оның атқарушы органдары, соның ішінде бүкілəлемдік азық-түлік қауіпсіздігі Комитеті айналысады
БҰҰ азық-түлік қауіпсіздігі ең біріншіден ғаламдық деңгейде қарастырылады. Басты мақсат 2015 жылға дейін ашыққандардың санын қазіргі деңгеймен салыстырғанда екі есеге төмендету бо- лып отыр. Қазіргі уақытта бүкіл əлем бойынша 800 млн адам тағам өнімдерінің тапшылығын бастан кешіруде
Бекіту сұрақтары: 1.Азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларына жалпы тоқталып өтіңіз.
2.БҰҰ жарғысына нақты мысал келтіріңіз