1. Азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз не



бет3/6
Дата14.03.2023
өлшемі48,17 Kb.
#172386
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
дәрістер
sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, Дене 1 реферат-1, Плацента
Бекіту сұрақтары:
1.Тағам өнімдерінің маңызын түсіндіріңіз
2.Тағам өнімдері топтарында бақыланатын ластағыштарға нақты мысал келтіріңіз
3.Тағам өнімдерін суреттеңіз
4.Тағамдық заттардың контамиациясын түсіндіріңіз
5.Ластанудың негізгі көздерін сипаттаңыз
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.5.Тақырыбы: Тағамның табиғи компоненттері және олардың адам ағзасына әсер етуі
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Тағам компоненттерінің потенциалды қауіптілігі
2.Олардың адам ағзасына әсері
3.Липидтердің потенциалы
4.Көмірсулар
5.Микроэлементтер
Дәріс тезисі
Өсімдік жəне жануар текті өнімдердің тағамдық құндылығы – оның құрамдас бөліктерінің тағамдық қасиеті жəне сіңімділігіне байланысты. Белок, май жəне көмірсулардың 1 : 1 : 4 арақатынасы, өсімдік жəне жануар майының 1 : 3, кальций жəне фосфор 1 : (0,5- 1,8), кальций жəне магний 1 : 0,6 арақатынасы қолайлы болып есептеледі. Жекелей алғанда тағамдық компоненттер (макро жəне микро- нутриенттер) потенциалды қауіпті болуы мүмкін, жəне тек белгілі бір шарттарда, яғни туа пайда болған метаболикалық процестердің бұзылыстарында немесе рациондағы тағамдық компоненттердің сандық жəне сапалық бұзылысының айқын көрінісінде ғана жанама əсер көрсетуі мүмкін.
Белоктар барлық тірі жасушаларда болады жəне күрделі аминқышқылдар жиынтығынан тұрады; өсу жəне тіндердің қайта қалпына келтіруіне қажетті алмастырылмайтын аминқышқылдарын ағзаға жеткізеді. Белок, сондай-ақ алмасу реакцияларына қажетті ферменттердің негізгі компоненті болып табылады жəне май жəне көмірсуларға қосымша энергия көзі қызметін атқарады. Əдетте, тағам қауіпсіздігі мəселесі – жоғары сезімталдық жəне аллергиялық реакциялардан басқа, табиғи белок көздері жекелеген аминқышқылдарын шектен тыс мөлшерде қабылдау мəселесімен байланыстырылмайды. Белокты шектен тыс мөлшерде қабылдау барысында ағзадан кальцийдің жоғары мөлшерде шығарылуы байқалады, ал дене салмағын төмендету мақсатында бірқатар белок препараттарын қабылдау-жүрек айну, құсу, жүрек аритмиясы, миокард инфаркты, қан кету, жəне тіпті, өлімге əкеліп соқтыруы мүмкін
Бекіту сұрақтары:
1.Тағамның табиғи компоненттеріне мысалдар келтіріп, маңызын түсіндіріңіз
2.Тамақтанудың балластты компоненттерінің рөліне нақты мысалын келтіріңіз
3.Антиалиментарлы заттардың тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне әсерін суреттеңіз
4. Тағам өнімдерінің уытты компоненттерін анықтаңыз
5.Тнңіз токсиндеріне тоқталыңыз
Әдебиет
Негізгі әдебиет 1-7
Электронды ресурстар 1-6


9.1.6.Тақырыбы: Тағамның генетикалық модификацияланған көздерінің қауіпсіздігі
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.ГМО немесе ГМК
2.Трансгенді модификация
3.Интеграцияланған гендер
4.Микроағзалардың гендік инженериясы
Дәріс тезисі
Қазіргі уақытта əлемдік азық-түлік ресурстарын ұлғайту мақсатында биотехнология жəне гендік инженерия жетістіктері кеңінен қолданылуда. Гендік-инженерлік биотехнология көмегімен алынған өсімдіктер, жануарлар жəне микроағзалар генетикалық өзгеріске ұшыраған, ал олардан өңделген өнімдер трансгенді тағам өнімдері немесе генетикалық модификацияланған көздер деп атала- ды (ГМК).
Дəстүрлі ауылшаруашылық өсімдіктері, жануарлар жəне құстардың генетикалық модификациясы оларға адам əзірлеген жаңа қасиеттерді береді. Сол уақытта ГМК-ді кеңінен ендіру, азық- түліктің жекелеген түрлерінің тағамдық құндылығының өзгерісі, аллергиялық жəне уытты реакциялар, зардаптар жəне басқа да бо- луы мүмкін берілмеген əсерлерді бағалаумен байланысты нақты проблемаларды шешуді талап етеді.
Гендік инженерия əдісі бір ағза гендерінің басқа ағзалардың – реципиенттердің жасушаларына тасымалдануына, сонымен қатар рекомбинантты рибонуклеинді немесе дезоксирибонуклеин қышқылдарын, яғни нуклеотидтер тізбегі жарым-жартылай өзгерген нуклеин қышқылын алуға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет