1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау



бет49/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап
Boykova N N - Oftalmologia, биз талдау экз сурак жауап
37. Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау
Қорлар мен шығындардың өзіндік және қарызға алынған көздермен қамсыздану көрсеткіштеріне сәйкес қаржылық тұрақтылықтың келесі типтерін ажыратады:

  • қаржылық күйдің абсолюттік тұрақтылығы (өте сирек кездеседі) - өзіндік айналым қаражаттары қорлар мен шығындарды қамтамасыз етеді;

  • қалыпты тұрақты қаржылық күй – қорлар мен шығындар өзіндік айналым құралдары мен ұзақ мерзімді қарыз көздерімен қамтамасыз етіледі;

  • тұрақсыз қаржылық күй – қорлар мен шығындар өзіндік айналым құралдарының, ұзақ мерзімді қарыз көздерінің және қысқа мерзімді несиелер мен қарыздардың есебінен қамтамасыз етіледі, яғни қорлар мен шығындарды қалыптастырудың барлық негізгі көздері есебінен;

  • дағдарыстық қаржылық күй – қорлар мен шығындар оларды қалыптастыру көздерімен қамтамасыз етілмеген, кәсіпорын банкрот қарсаңында тұр.

Кәсіпорынның нығайған баланс мәліметтерінің негізінде оның қаржылық тұрақтылығымен көрінетін көрсеткіштерді зерттеуге болады.

Қорлардың қалыптасуындағы алуан түрлі қаражат көздерінің түрлерін мұқият көрсету үшін көрсеткіштер мен олардың есептелуіне жүйесі пайдаланылады. Баланстың міндеттері негізінде қорлардың қамтамасыздық көрсеткіштерін есептейміз:

1) Есептеу кезеңінің соңына меншік айналым қаражатының болуы (СОС) келесі формула бойынша есептелінеді

СОС = К – ДА,

мұндағы К – меншік капитал, мың теңге;

ДА – ұзақ мерзімді активтер, мың теңге.

2) Қорларды қаржыландырудың меншік және ұзақмерзімді қарыз көздердің болуы (СД) формула 2 бойынша есептелінеді

СД = СОС – ДО,

мұндағы СОС – меншік айналым капиталы, мың теңге;

ДО – ұзақмерзімдік несиелер мен қарыздар, мың теңге.

3) Қорларды қалыптастыратын негізгі көздердің жалпы көлемі (ҚНК) келесі формула бойынша есептелінеді

ОИ = СД + КЗС,

мұндағы СД – меншік және ұзақмерзімді қарыз көздері, мың теңге;

КЗС – қысқамерзімдік несиелер мен қарыздар, мың теңге.

Қосалқы қорларды қалыптастырудың негізгі көздерінің жалпы мөлшері қорларды қалыптастыру көздерінің меншік және ұзақмерзімді қарыздарымен тең болады..

Нәтижесінде кәсіпорында қорлардың қаматамасыздығын және оларды қалыптастырушы қаражат көздерінде тапшылықтың немесе артықтығы бар- жоқтығын анықтауға болады:



  1. артықтық (+), жеткіліксіздік (-) СОС. формуласы бойынша есептеледі

ΔСОС = СОС – З,

мұндағы СОС – меншік айналымдық қаражаты, мың теңге;

З – қорлар, мың теңге,

2) Қорларды қалыптастырушы өзінің және ұзақмерзімді қаражат көздерінің артықтығын (+), жеткіліксіздігін (-) келесі формула бойынша есептелінеді

ΔСД = СД- З,

мұндағы СД – меншік және ұзақмерзімді қарыз көздері, мың теңге;

З – қорлар, мың теңге.

3) Қорларды жабудың негізгі қаражат көздерінің жалпы көлемінің артықтығы (+), жеткіліксіздігі (-) формула 6 бойынша есептелінеді

ΔОИ = ОИ – З,

мұндағы ΔОИ – қорларды жабудың негізгі көздері, мың теңге;

З – қорлар, мың теңге.

Қаржыландырудың сәйкесінше қаражат көздерімен қорлардың қамтамасыздығының келтірілген көрсеткіштері үшфакторлы үлгіге (S) кіреді және келесі формула бойынша есептеледі

S = (Δ СОС; Δ СД; Δ ОИ),

Аталмыш үлгі компанияның қаржылық тұрақтылығының типін сипаттайды. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төрт үлгісі кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет