кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен салалары зерттеу;
кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастырушылық нысандарын анықтау.
1. Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны, мақсаты
2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 2-бабында: Кәсіпкерлік деп - азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қызметі болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.