Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып бірқатар маңызды қызметтерді атқарады. Олардың қатарына жалпы экономикалық, ресурстық, шығармашылық – ізденушілік (инновациялық), әлеуметтік, ұйымдастырушылық функциялары жатады.