Ғалымдар
|
Теорияларының негізгі түсініктері
|
Карл Менджер (Karl Menger) (1871ж)
| - кәсіпкер шешім қабылдауда төрт кезеңді ұстану керек: ақпараттарды жинау, экономикалық есептеулер, өнімді таңдау және өндірістік жоспардың орындалуын басқару
|
Альфред Маршалл (Alfred Marshall) (1890ж)
| - кәсіпкер мен менеджер өз қызметтерінде ерекшеліктерге ие, сәйкесінше оларға түрлі талаптар қойылады
|
Джозеф Шумпеттер (Joseph Schumpeter) (1910ж)
| - кәсіпкерліктің мәні жаңа өндіргіш күштерді ұйымдастыру болып табылады
- кәсіпкерлік қызмет бағыттары: 1) жаңа өнім немесе қызмет түрлері; өндірістің жаңа әдістері; өткізудің жаңа нарықтары; қамсыздандырудың жаңа көздері; ұйымдастырудың жаңа нысандары.
- кәсіпкер – әлеуметтік-экономикалық инноватор
- кәсіпкер өзінің еңбегімен жаңа пайда түрін – кәсіпкерлік табысты жасайды
|
| |