Макроэкономика жалпы түсінік



Дата02.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#156289
Байланысты:
макроэкономика


МАКРОЭКОНОМИКА

Жалпы түсінік


Экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.

Жалпы түсінік


Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т.б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды.

Тарихқа шолу

Тарихқа шолу


Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1-жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж.М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа-тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді.
Макроэкономикалық талдаудың негізгі әдісі — [макроэкономикалық үлгілер]. Үлгілерді жасау кезінде жалпы ұлттық өнім (жалпы ішкі өнім), ұлттық табыс, бағаның орташа деңгейі, т.б. сияқты жиынтық және біріктірілген көрсеткіштер пайдаланылады.

Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:

Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:


ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау
ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау
инфляцияның табиғатын талдау
мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу
экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюнктуралық өзгерістердің себептерін зерттеу
ұлттық экономикалардың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу
экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу

Макроэкономикалық реттеу

Макроэкономикалық реттеу


Макроэкономикалық реттеу - экономиканы басқару тәсілі. Макроэкономикалық реттеу жалпы елдің экономикалық жүйесінің жұмыс істеуіне бағытталған. Макроэкономикалық реттеуде нарыққа қатысушылардың іс-қимыл ережелері белгіленіп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізіліп отырады. Бұл мағынадағы нарықтық қатынаста макроэкономикалық реттеу мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзін-өзі реттеуі ұштастырылады.

Макроэкономикалық тәсіл 

Макроэкономикалық тәсіл 


Макроэкономикалық тәсіл — экономикалық құбылыстарды зерделеу тәсілі. Мұнда объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымдары ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс істеуінің жалпылама, сыртқы көрсеткіштері ғана зерделенеді. Макроэкономикалық тәсіл экономиканы зерттеуге макроэкономикалық ғылым (жалпы экономиканың тұрақты жұмыс істеуін зерделейтін ғылым) тұрғысынан қарау дегенге саяды. Ол мемлекеттің жалпы елдің экономикасына ықпал ететін саясат ретіндегі макроэкономикалық саясаттың негізгі ұстанымын білдіреді.

Макроэкономикалық көзқарас

Макроэкономикалық көзқарас


Макроэкономикалық көзқарас - экономикалық құбылыстарды зерделейді. Микроэкономикалық көзқарастан өзгеше түрде зерттеу объектісі. Мұнда экономикалық жүйе сырттай біртұтас жүйе ретінде қаралып, объектінің ішкі байланыстары, ішкі құрылымы толық ескерілмейді, тек экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің жалпылама көрсеткіштері ғана зерделенеді, онда да осы көрсеткіштер экономикалық жүйенің элементтерін құрайтын өзара әрекеттегі өнім екеніне қатыссыз тұрғыда зерделенеді. Микроэкономикалық көзқараста объект іштей қаралады, ішкі құрылым, оның элементтері арасындағы ішкі байланыстар зерделенеді.

Қорытынды

Қорытынды


Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы және өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған: Губаидуллина Гульназ.
Тексерген: Кемпишова Айжамал Райхановна.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет