Аннотация
Жумабекова Анель және Хайыркелди Ақмарал бұл зерттеу жұмысында оқушылар арасында кездесетін омыртқа жотасының қисаюы ( сколиоз) ауруының кездесу себептерін, белгілерін және оның алдын алу шараларын қол жетімді әдіс- тәсілдермен үйреніп, дәлелді айғақтар келтірген.
Мақсаты: Оқушылар арасында кездесетін омыртқа жотасының қисаюы ( сколиоз) ауруының кездесу себептерін, белгілерін және оның алдын алу шараларын үйрену, зерттеу.
Міндеті:
Керекті мәліметтер жинап, сұрыптау.
Адамның сымбаттылығы, денсаулығы негізінен алғанда омыртқаға байланысты болатындығын, өйткені ол бүкіл қаңқа сүйекті біріктіріп тұрған негізгі буын екендігін зерттеп, дәлелдеу.
Ғылыми еңбектерге теориялық сараптама жасау.
Оқушылардың денсаулығының ,сымбатының жақсаруына өз үлесімізді қосу.
Қолданылған зерттеу әдістері: Сауалнама , салыстыру , интервью, кеңес алу, мониторинг жүргізу.
Өзектілігі: Оқушыларда омыртқа жотасының қисаюы ( сколиоз) ауруының көптеп кездесуі және оның белгілері, емдеу , алдын алу жолдары туралы мәліметтерді толық білмеуі . Сколиозға шалдыққан балаларды емдеу – өте күрделі , әрі қиын. Оны емдегеннен гөрі алдын-ала болдырмаудың қамын жасаған дұрыс.
Жаңашылдығы : Оқушыларға адамның тұлғасына қарап сколиоз ауруының белгілерін анықтау, бұрын білмеген немесе толық мән бермеген кейбір әдістерді жеткізіп, адамдар арасында жанашырлық , достық, сыйластық қарым-қатынастарды нығайтуға өз үлесімізді қосу.
Болжам: Егер біз өзіміз зерттеген мәліметтерді оқушыларға жеткізе алсақ, олар бір-бірінің тұлғасына, сымбатына қарап-ақ сколиоз ауруы белгілерін алдын-ала болжап, осыған сай әрекет етуші еді, яғни өз айналамызда сымбатты жандар артады деп ойлаймыз.
Күтілетін нәтиже: Егер ,біз сколиоз ауруының белгілерін,себептерін мен емдеу жолдары туралы деректер мен дәйектерді оқушылармен біргелікте талқылап, тиімді іс- шаралар қолдана білсек, өз тұлғасына сын көзбен қарайтын , іс-әрекетін басқара білетін жастар санының артуына үлес қосамыз
Кіріспе.
Адам денесінің сымбаты жас кезден бастап қалыптаса бастайды. Бұл тек сұлулық жағынан ғана емес, анатомия және физиологиялық тұрғыдан қаралады. Демек, дене құрылысы сұлу да сымбатты келген адамдардың ішкі мүшелері дұрыс жұмыс істейді деген сөз. Әсіресе, жүрек, өкпе, бауыр мүшелері дұрыс, қалыпты жағдайда жұмыс істегенде адамның жүріс-тұрысы, әрбір қозғалыстар артық жүктеме түсірмей еркін орындалады. Ал мүсін келбеті бұзылған кезде, басын салбыратып еңкейіп жүреді. Мұндай адамның жүріс-тұрысы епсіз, қозғалысы сылбыр болады. Бұлай болатын себебі, ішкі органдардың функциялың қызметінің бұзылуынан бала өзінің қозғалысын және аяқ-қолдарының қимылын үйлестіре алмайды.
Баланың өсіп-жетіліп, тұлға ретінде қалыптасуы үшін ата-ана әрқашанда жауапты. «Бар байлығым балам» деп барын берген ата-аналардың бүгінде көңілдерінде күдік басым. Олар аптаның алты күнінде кітап толы ауыр сөмкесін арқалаған баласының денсаулығына алаңдаулы. Бұл жыл сайынғы оқу жылында сөз болатын мәселеге айналғалы қашан?! Ата-ана тұрмақ, дәрігерлердің өзі дабыл қағуда. Өйткені, соңғы кездері омыртқаның қисаюы, остеохондроз, сколиоз, майтабан секілді ортопедиялық ақаулары бар балалар көбейіп келе жатқан көрінеді. Әрине, мұның барлығы мектеп оқулықтарының салмағына байланысты емес. Бұл тек соның бір дәлелі ғана Қазір мектеп жасындағы кез келген баланың сөмкесін өлшеп көріңіз. Жай ғана кітаптардың салмағынан бөлек, спорттық киімдерін қосыңыз. Ауа райының қолайсыз күндерінде мектепке екінші аяқ киім алып баратынын да ұмытпаңыз. Сөмкенің салмағы бала түгілі, өзіңіздің қарыңызды талдырады.
Омыртқа бойында орналасқан бұлшық еттердің әлсіз болуы омырқаға түскен әр түрлі күштердің әсерінен омыртқаның біртіндеп бір бүйірге қарай қисаюына әкеледі. Бұл мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі.Адамның сымбаттылығы негізінен алғанда омыртқаға байланысты болады, өйткені ол бүкіл қаңқа сүйекті біріктіріп тұрған негізгі буын. Денсаулық — тек қана әрбір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның маңызды құрылымы. Біз жақын және қымбат адамдарды кездестіргенде, олармен қоштасқанда мықты денсаулықты тілейміз, себебі бұл толық құнды әрі бақытты өмірдің кепілі. Денсаулық бізге құрған жоспарларды орындауға, өмірдің басты амалдарын орындауға, қиындықтарды өткеруге, ал қажет болса тым көп жұмыс орындауда көмектеседі. Орынды сақталынатын және адамның өзі шынықтыратын денсаулық оған ұзақ және қозғалыста болатын өмірді қамтамасыз етеді. Адамдардың көбі гигиеналық ережелерді сақтап және салауатты өмір салтын жүргізсе, 100 жастан аса өмір сүруге мүмкіндігі бар дейтін тұжырымдама ғылыми мәліметтерде бар. Өкінішке орай, адамдардың көбі ғылыммен негізделген өмір сүру нормаларын сақтамайды. Соңғы жылдарда жұмыстағы және үйдегі еңбек ету мөлшері, сондай-ақ тағы басқа себептерге байданысты адамдарда күн режимінің жетіспеушілігі, қозғалыстың аздығы ағзаға өзгерістер енгізетін гиподинамияның пайда болуына әкеліп соқтырады.
Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis — қисық, қисайған) — омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туа бітетін және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа бітетін сколиоз омыртқа, қабырға мен жауырынның және төс сүйегінің әр түрлі себептерден дұрыс дамымауынан болады. Үйреншікті сколиоз арқа, жауырын, бұлшық еттерінің қалыпты дамымауынан болады
Теориялық бөлім.
Сколиоз — омыртқаның өз білігінен оңға немесе солға қарай қисаюы. Көбінесе кеуде және бел омыртқаларының сколиозы кездеседі. Арқа түзулігі-дененің үйлесімді дамуы, денсаулық көрсеткіші, арқаны түзу ұстау- ағзаның барлық органдары және жүйелерінің қызмет етуі үшін оптималды жағдайларын қамтамасыз етеді. Ал арқаның күрделі бұзылулары, керісінше, өмірлік күш деңгейін адамның кез-келген шағында төзімділігін мүмкіндігінше төмендетеді.
Сымбат бұзылысы 25-30% жасөспiрiмдерде кездеседi. Көлденең деформацияны “сколиоз” деп атайды. Ол ең жиi кездесетiн омыртқа жотасының бiр жаққа қисаюы, осы кезде омыртқалар денесi бұзылады, солармен бiрге қабырғалардың бұзылуына байланысты, қабырға дөңесi пайда болады. Осы өзгерістерге байланысты, омыртқа жотасының әр түрлi патологиялық өзгерiстері дамып, сүйек, дәнекер тiнiнің, нерв жүйесiнің өзгерiстеріне соқтырады.Сондықтан, омыртқалар денесiнде және омыртқа аралық дискiнде пайда болатын анатомиялық және құрамдық өзгерiстер, омыртқа жотасының өзгерiстерi “сколиоздық” ауру болып саналады. Деформациялардың күшеюi науқастың жасына, сколиоздың түрiне және дәрежесiне, себептерiне байланысты. Сколиоз ауруының қарқынды күшеюi баланың тез өсуіне байланысты.
Жас кезiнде ауырған балада деформациялардың дамуы өте тез. Бiрақта, 17-20 жаста сколиоздың дамуы тоқтайды. Сколиоз-1,2,3 және 4 деңгейлі болады. Омыртқаның өз білігінен оңға немесе солға қарай қисаюына байланысты сколиозды деңгейлерге бөледі:
1-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның аз деңгейде, өз білігінен 10 градусқа ғана қисаюы. барлық адамдар симметриялы болмағандықтан, дененің оң жағы мен сол жағында байқалмайтын айырмашылықтары бар, әрқайсымызда омыртқаның өз білігінен азда болса ауытқуы болады.Көбінесе адамдар бір ийықтың екіншісінен биік немесе бас мүшесінің бүйірге қарай бұрылып тұратындай ерекшеліктерді байқайды.
2-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның өз білігінен 11-25 градусқа қисаюы, бұл шындап ойланатын мәселе.Егер сколиоз 2-деңгейге жетсе,оны жедел түрде түзету керек-бұны арнайы жаттығулармен емдемесе, ол үдейлеп кетуі мүмкін.Бұл диагнозды негізі жасөспірімге, оның бүкірейіп жүруіне орай, онда мүлдемге сколиоз жоқ болса да, қояды!Бірақ бүкірлік (кифоз) және сколиоз-екеуі екі бөлек! Бүкірлікті 2-деңгейлі сколиозға қарағанда емдеу әлдеқайда жеңіл.
3-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның өз білігінен оңға не солға 26-40 градусқа қисаюы.
4-деңгейдегі сколиоз- омыртқаның өз білігінен оңға не солға 40 градустан артық қисаюы. 3 және 4 деңгейдегі сколиоз-бұл «ортопедтердің бас ауруы», емдеуге қиынға түсетін күрделі патологиясы. Бірақ сколиоздың бұндай күрделі деңгейі сколиозы бар адамдардың 10 % кемінде ғана кездеседі.
Сколиоздың себептері
Сколиоз көбінесе балалық және жастық шақта дамиды, әсіресе оқушының бойы өсетін кезде. Бұл 6-8 және 12-16 жаста. Сколиоздың себептері дәрігерлер үшін жұмбақ болып келеді:олардың 80 % идиопатикалық, грек тілінен аударғанда - «беймәлім себепті» сколиозы деп танылады. Идиопатикалық сколиоз көбінесе аз қозғалатын, «үйде отыратын» өмір салтын ұстанатын балаларда, компьютер мен үстел басында дұрыс отырмайтын балалар жағдайында кездеседі. Көп жағдайда бала дәптерге не клавиатураға тым төмен жақындайды, сол сәтте қай қолымен жазу жазса сол жақ иығын, денесін сол қалам ұстаған қолына қарай бұрады.Уақыт өте арқа бұлшықеті және омыртқасы осы бұрыс күйге бейімделіп, сколиозды тудырады.
«Беймәлім себепті» сколиозы жасөспірім-спортсмендерде, симметриялы емес»спорт түрімен айналысатындарда дамиды, бұл жағдайда оның шұғылданатын қолы, шұғылданбайтын қолына қарағанда баяу дамиды.Мысалы: теннисисттер, бадминтонисттер, метателей ядро және найза, мылтық ату және садақ ату кезінде. Сондай-ақ «беймәлім себепті» сколиозы жасөспірім-музыканттарда да кездеседі, «симметриялы емес» инструменттерде ойнайтындарда: скрипкашылар, ал соқпалы музыкалық аспап тарда ойнайтындар бұл аурумен ауырмайды.
Әрине аз қозғалатын, партада дұрыс отырмайтын балада сколиоз пайда болады. Сколиоз дамуы- бұл бұлшықет тонусының бұзылуы, тұқым қуалаушылық, нерв жүйесінің жағымсыз ерекшеліктері. Әрине «симметриялы спорт түрлерімен» айналысатын баладар сколиоз салыстырмалы түрде аз кездеседі.
Қалған сколиоздың 20 % туындайды:
- қан тамырларының гипермобильді синдромынан;
- омыртқа белінің зақымдануынан; рахиттен; туа біткен мойын қисаюынан;
- туа біткен немесе жарақаттың салдарынан жүре пайда болған аяқ мүшесінің ұзындығының айырмашылығы (егер айырмашылығы 2-4 см болса)
- нерв-бұлшық ет жүйесі аурулары: балалар церебральды сал ауруы (БЦС), полиомиелит немесе кене энцефалиті мен аурығандар; Сколиоз көбінесе сирингомиелия және орталық сал аурымен ауыратындарда туындайды.;
- сүйектердегі зат алмасудың бұзылуында;
- операция және қайғылы оқиға салдарынан ампутация және жарақаттан пайда болған;
- өте сирек-балаларға жүрекке жасаған операциялардан соң.
Сымбат бұзылуының түрлерін қалай білуге болады?
Ауыр түрлері кезінде көзбен ақ көрінеді, егер жеңіл дәрежелері болса омырқаларды сипап, артқы өсінділерінің томпайып тұрған жерлерінен сызып анықтауға болады.
Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады.
Еңкіш дене. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте, еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.
Қайқы бел. Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел омыртқалардың анатомиялың қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, біріншіден — омыртқаның бүгіліп-жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады.
Омыртқа жотасының қисаюы (сколиоз) Ең әуелі, омыртқа жотасының бір жағына қисаюы -иықтың ассиметриялық жағдайы, яғни, екі иықтың бір деңгейде тең тұрмауы. Бұл белгі — омыртқалар жотасының майысып кетуі.
Омыртқа жотасының қисаюы ауыру дәрежесіне қарай үш түрлі болады.
Бірінші түрінде — омыртқаның бір жағына қарай қисаюы бірден көзге түсіп байқала бермейді. Бұлшық еттерге жүктеме түскенде түзеліп кетеді. Бұл тез жазылып кететін кезеңі.
Екінші түрінде — омыртқа жотасының бір жаққа қарай қисаюы қалыптасып кеткен кезеңі. Омыртқаның бұл ауытқуы да емделу жаттығуларымен шұғылданып жазылуы мүмкін. Бұл екінші түрінде иықтың бір жағына салбырап тұрғаны бірден көзге түседі.
Үшінші түрінде омыртқаның ауытқығаны өте айқын көрінеді. Ауытқудың бұл түрінде қабырғалар шодырайып тұрады. Дене сымбатындағы бұл кемшілікті түзету өте қиындыққа соқтырады. Тек емделу жаттығуларымен шұғылдану арқылы бұл аурудың одан ары асқынуын тоқтатуға болады.
Негізгі ескеретін жағдай, омыртқаның қисықтығын, тек емделу жаттығуларымен шұғылдану арқылы ғана қалыпқа келтіруге болады. Сондықтан адам баласы өмірінің қай кезеңінде болса да өзінің денсаулығына бақылау жасап отыруы керек.
Дене сымбаттылығын дұрыс қалыптастыру үшін дене шынықтыру жаттығулары арнайы іріктеліп алынады. Адамның сымбаты бұзылған кезде спорттың жекелеген түрімен шұғылдануға болмайды. Тек қана үзбей, тұрақты түрде жалпы дамыту жаттығуларымен ғана шұғылдануға болады.
Сколиоздың алдын алу.
Сколиоздың алдын алу үшiн бала жас кезiнен бастап дұрыс тамақтану, таза ауада болу, тәртiбiмен ұйықтау, дене шынықтыру тәсiлдерiн қолдануы жөн. Бала жихазы оның бойына тән болуы тиiстi. Ұйықтағанда баланың басы кiшкентай жастықта, денесi қатты төсекте жатуы керек, бала бiр жағында жатқанда - омыртқа жотасының қисайған омыртқа доғасы астына жастық салып жатқан жөн. Ең көп назарды мектеп кезiндегi балаларға аударған жөн, себебi, 6-8 және 12-16 жастар арасында сколиоздың ең дамитын кезi. Сколиоз ауруы дамыса, амбулаторлы ем қолдану болады, емдеу дене шынықтыруды өткiзу, спортпен айналысу (шаңғы, баскетбол, волейбол, әсiресе, суда жүзу).
Алдын алу ережелері :
o Дұрыс бірқалыпты отыруға дағдылану
o Емдік массаждар қабылдау
o Салмақты омыртқа жотасына бірдей түсіру
o Ауыр жүкті бір қолмен көтермеу
o Түзу жүру
o Иықтың бір деңгейде болуы
o Тазалықты сақтау
o Дұрыс тамақтану
o Шынығу
o Көңілді жүру
o Сәнді киіну
Сколиоз кезінде омыртқаның қисаюын емдеу
Сколиозды емдеу омыртқаның қисаю деңгейіне байланысты. Неғұрлым омыртқа қисайған болса, соғұрлым оны емдеуге күш, уақыт керек. Ал омыртқаның аз мөлшерде қисаюын салыстырмалы түрде тез емдеуге болады.Этиология, ақаулар деңгейі, баланың жасы және анатомиялық ерекшеліктері, тек жаппай емдеу жақсы нәтижеге жеткізеді.
1-деңгейлі сколиозды емдеу
1-деңгейлі сколиозды емдеу-емдеу гимнастикасы.Қосымша емдеу-арқаны уқалап емдеу.
1-деңгейлі сколиозды гимнастикамен жақсы емдеуге болады, бұл жағдайда басқа емдеу түрі керек емес.2-4 айда емдеуге болады.
Ке-келген жаттығу келе бермейді, омыртқа қисығын түзеуге және арқа бұлшықетін нығайтуға арналған жаттығулар қажет.
Барлық емдік жаттығулардың бәрінен дене салмақ түсірмейтін «өз денең» жаттығулар арқылы сколиозды емдеу керек.Өйткені қисайған омыртқаның білігіне – штанга көтеру, ауыр гантел, гір көтеру ауырға түседі.Ал күш салынғанғ қиындатылған жаттығулар сколиозды үдейте түседі.
2-деңгейлі сколиозды емдеудің негізгі тәсілдері:
-омыртқа қисығын түзеу және арқа бұлшықетін нығайту үшін емдік жаттығулары (Мысалы: В.И. Дикульдің арнайы тренажерларды қолдану арқылы; бейімделген йога, пилатес);
- Эббота-Шено түзетуші корсет кию;
- Катарина Шрот тәсілі арқылы тыныс алу жаттығуы.
Қосымша емдеу тәсілі: уқалау, мануальді терапия, арқа бұлшықетінің электростимуляциясы.
Тиімділігі аз және күмәнді емдеу тәсілдері: жүзу, арнайы ұлтарақты пайдалану. Қальций препаратын қолдану.
3 және 4 деңгейлі сколиозды емдеу
3 және 4 деңгейлі сколиозды емдеу өте күрделі үрдіс. Негізі сколиоздың бұл түрін емдеу қиын. Тек оның дамуын азда болса тоқтату және бірнеше градустық қисаюын алып тастау ғана мүмкін. 3 және 4 деңгейлі сколиозды емдеуде корсет кию ғана тиімді. Катарина Шрот тәсілі арқылы тыныс алу жаттығуы ,В.И. Дикульдің арнайы тренажерларды қолдану арқылы, мануальді терапия, арқа бұлшықетінің электростимуляциясы, оңтайланған жүзу, хатха-йоганы қолданған жөн.
Осы арқаға байланысты аурулар алдын алу 10 жастан кеш емес шақта басталады.
Дұрыс түзу арқа сымбаты-бұл түзу және мықты арқа.
Дұрыс арқаны ұстаудың ережелері:
1. Үстел, парта, теледидар немесе компьютер алдында түзу отыр, бүкірейме!
2. Орындықтың шетіне отырма-бұлай отыру қолайсыз әрі бұдан арқаң ауырады.
3. Арқаң ауыра бастаса, дене тұрысыңды өзгерт;
4. Үстел басында ойнағанда, жазғанда, оқығанда арқаңды тік ұста;
5. Сергіту сәтінде міндетті түрде:
аяғыңның ұшында тұрып, қолыңды жоғары көтеріп, созыл;
жүзіп жүрген сияқты қолдарыңды алға және артқа соз;
«диірмен» жаттығуын жаса;
10 рет отырып тұр;
қабырға және орындықтан 10 рет қолыңды бүгіп, жаз;
баяу басыңды оңға және солға жоғары және төмен бұр;
10 рет көзіңді қыс.
6. Бір орында отырмай үзілісте жүгір немесе жүр!
7. Егер үйде отырсаң-әр бір сағат сайын сергіту жаттығуын жаса!
8. Міндетті түрде спортпен шұғылдан-ол өте пайдалы әрі көңілді!
Адам басының тiк жағдайы, омыртқа бағанасының тiк болуы, иықтарының, жауырындар бұрыштарының симметриялық орналасуы, омыртқалардың өсiмдiктерi тік сызығында болуы, белдiң үшбұрышының симметриясы қалыпты сымбатының белгiлерi болып саналады. Омыртқа бағансының осы белгілерден ауып кетуi сымбаттың бұзылысы болып саналады.
Сколиоздың емi үш байланысты кезеңдерден тұрады:
1. қисайған омыртқа бағанасының бөлiгiн жұмылдыру;
2. пайда болған өзгерiстердi дұрыстауы;
3. омыртқа бағанасының осы дұрысталған жағдайда тұрақтылау.
Сколиоздың консервативтi емiне емдеу гимнастикасы, массаж, электростимуляция, корсет кигiзу, аялау қозғалыс тәртібі, диета кiредi.
Емдеу гимнастикасын жасағанда:
1. негiзгi жаттығуларды күнде қайталау керек, орындау жылдамдығы - баяу не орташа, шеткi жағдайларда 2-5 секундке қимылдарды тоқтату. Жаттығуларды iшiнде жатып орындағанда баланың иегi кеудесiне тиiп, ал көзi төмен қарап тұруы керек,
Ескерту: бұл мүгедектік біздің тәжірибеде неғұрлым ерте емделсе сол ғұрлым нәтижесі жақсы болады. Біз қисығының жартысына дейін емделіп жазылуына кепілдік береміз.
Массаж (уқалау, сылап-сипау) жасау
Ағзаға массаж жасау адамзаттың ерте кезден қолданып келе жатқан емдеу әдіс-тәсілдерінің бір түрі болып табылады. Ықылым заманнан бері массаж жасауды сынықшылар, халық емшілері және медицина ғылымы емдеудің негізгі құралы ретінде тәжірибеде күні бүгінге дейін пайдаланып келеді.
Массаж жасау — пайдалану мазмұнына қарай негізгі екі топқа бөлінеді. Жалпы спорттық массаж және емделу мақсатында қолданылатын массаж болады. Жалпы спорттық массаждың мақсаты шаршаған ағзаны тездеп бастапқы қалпына келтіру мақсатында қолданылады.
Негізінен емделу мақсатында массаж жасайтын адам, ең әуелі адам анатомиясы мен физиологиясын жақсы білуі керек. Ағзаның нақтылы ауырып тұрған жерін тауып, сол жерге массаж жасауы тиіс. Массаждың буынға және қалың бұлшық етке қалай, қандай тәсілдермен жасалатынын меңгерген дұрыс. Массаждың классикалық тәсілдерін білу керек. Қалың бұлшық еттің қай жерден басталып, қай жерде аяқталатындығын білгеннен кейін ғана қай бағытта жасалатынын анықтап алады. Ол үшін саусақтың ұшымен сипап отырып анықтап алуға болады. Себебі, массаж саусақтың ұшымен және алақан күшімен орындалатындығы ескертіледі. Осылайша, бір мүшеге жасап болғаннан кейін екінші мүшеге жасауға ауысады.
Емделу мақсатында қолданылатын массаж орындалуына байланысты екі топқа бөлінеді. Біріншісі — әр адам өзіне-өзі массаж жасай білуі керек. Бұл массаж жасаудың негізгі тәсілі болып табылады. Өзіне-өзі массаж жасай білудің, әсіресе, бүгінгі тіршілікте өзіндік рөлі зор.
Екіншіден — массажды арнайы білімі бар адамдар жасайды. Оларға ерекше талап қойылады. Бұл мамандар әр түрлі науқасқа массажды қалай жасайтынын біледі. Демек, денсаулықты сақтау үшін өзіңе-өзің және досыңа массаж жасауды үйрену керек.
Массаж жасаған ортада тазалық сақталады. Ұзақ уақыт массаж жасайтындай жағдай болғанда, ол адам өзінің күш-қуатын дұрыс пайдалана білуі керек. Массаж жасайтын адамның тырнағы болмайды, қолына әшекей бұйымдар тағылмайды. Қол тазаланып жуылады, массаж жасаған кезде қол терлемеуі керек. Массаж жасалатын адамның жағдайы массаж жасайтын адамға қолайлы болуы керек. Отырып, немесе тұрып жасаса да массаж жасайтын адам шаршамауы шарт. Себебі, массаж жасаудың жағдайы қолайсыз болса, ол адам тез шаршап қалады. Мұндай жағдайда адамдардың өзара келісімі болады.
Адамның өзіне-өзі массаж жасауы
Әдетте, массаж аяқтан жоғары қарай жасалады. Егер де аяқтың, қолдың сынған жері болса, буынның шыққан жері болса, онда сол жерге бөлек жасалады. Олай болмаған жағдайда жалпы массаж табаннан жоғары қарай жасалады. Әркім өзінің мүмкіншілігіне қарай қолы жеткен жерге дейін массаж жасай алады. Массаж адам үшін ең пайдалы емделу жаттығуларының бірі болып табылады. Мүмкіндік болғанша, екі адам үзбей, біріне-бірі ақылдасып отырып массаж жасаса өте тиімді болады.
Адам өзіне-өзі массаж жасағанда, денесін босаңсыта білуі керек. Екіншіден, адамның әрбір мүшесіне орта есеппен 10-15 минут уақыт аралығында массаж жасалады. Әркім өзіне-өзі массаж жасаған кезде іс нәтижелі болу үшін, яғни, тез шаршап қалмас үшін өзінің күш-қуатын тиімді пайдалана білуі керек. Мүмкіндік болғанша, ең әуелі массаж ауырған жерге жасалады. Содан кейін ғана жалпы массаж жасауға көшуге болады.
Массаждың жасалуы екі жағдайда жүреді. Біріншіден, құрғақ массаж деп аталады. Бұл жағдай массаж жасаған жерге ауыр тиеді. Себебі, құрғақ үйкеліс кезінде еттің қызуы тез көтеріледі, сондықтан массаждан кейін денені жылы ұстау керек. Екіншіден, май, вазелин майын, әр түрлі крем майларын қолдану арқылы орындалады. Массаж жасағанда құрғақ жасаған массаждан гөрі маймен сылап-сипау ағзаға жеңілдеу тиеді. Сондықтан маймен жасалатын массаж ұзағырақ орындалады. Жалпы маймен жасалатын массаж сүйек, буын үстіне жасалғанда өте пайдалы. Ал қалың бұлшық етке құрғақ массаж пайдалы болады. Себебі, құрғақ массажда үйкеліс күші жоғары болғандықтан, бұлшық етке де жүктеме түседі. Егер де маймен сылап кететіндей жағдай болса, онда бұлшық етке онша әсер етпейді.
Жалпы дененің қай мүшесіне массаж жасалса да, сылап-сипау бағыты буынға қарай орындалады. Өйткені, еттің арасындағы сарысудың (лимфа) қозғалыс бағыты осылай жүреді.
Классикалық массаждың орындалу тәсілдері. Сипау
Массаждың барлық түрі сипаудан басталады. Себебі, массаж жасайтын мүшені сипау арқылы, яғни, жұмыс істеуге дайындау керек. Сондай-ақ, осы сипау арқылы массаждың барлық түрі аяқталады. Демек, массаж жасалып болғаннан кейін, сол мүшенің жағдайын бастапқы қалпына келтіру керек.
Сипау әдісі, сол массаж жасайтын мүшені қозғамай, қай бағытта жасалатындығы анықталғаннан кейін ғана орындалады. Сипау үш бағытта жүреді. Ең әуелі, алақанның қарымымен орындалады. Екіншіден — алақанмен ауысып сипау арқылы орындалады. Үшіншіден — алақанның қарымымен сипап, аздап күш түсіру арқылы орындалады.
Сипау әдісінің келесі бір түрінде теріні саусақтың ұшымен шымшылап созып жасайды. Бұл әдіс екі қолмен кезек-кезек орындалады. Бұл жүйе терінің созылғыштық қасиетін қалыптастырады. Демек, теріге уақытынсыз әжім түспейді. Терінің астындағы ұсақ қан тамырларының жұмыс істеу жүйесін реттейді. Алақанның қарымымен орындалған сипау — көктамыр және артериялық қан тамырларының жұмысын реттейді. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Салдарынан, бүкіл адам ағзасының жұмыс істеу қызметі реттеледі.
Сипау әдісін орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Сипау кезінде ағзаны босаңсыта білмеген адамның ағзасына тигізетін пайдасынан гөрі зияны көп болуы мүмкін. Себебі, массаж қабылдайтын ағзаның өзі сипау кезінде жүйке жүйесі қарсылық жасайды. Бұл көпшілігінде, адамның өзіне-өзі массаж жасаған кезде пайда болатын жағдай. Олай болатын себебі, адам өзі массаж жасаған кезде күш-қуатын жұмсайды, сол кезде бүкіл ағзаның жұмыс істеу қабілеті іске қосылады. Осы кезде массаж жасап жатқан мүше де босаңсудың орнына қатайып кетуі мүмкін.
Сипау әдісінің орындалуы
Сипау әдісі ең әуелі, алақан қарымының толық жазылуымен орындалады. Әсіресе, қалың бұлшық еттің үстінде алақанды бірінің үстіне бірін қойып орындауға болады, аздап та болса жүктеме ретінде күш түседі. Бұдан кейін алма-кезек алақанның қырымен ұрып орындалады. Бұл әдіс те бұлшық еттің қалың жерінде қолданылады. Келесі әдіс — теріні саусақтың ұшымен шымшып тарту арқылы орындалады. Бұл әдіс ағзаға өте пайдалы. Терінің созылғыштың қасиетін жетілдіреді. Ең соңында массаждың барлық әдісі қолданылып болғаннан кейін шапалақтау әдісі орындалады. Әдіс ағзаның функциялық қызметін қалпына келтіру мақсатында орындалады.
Сылау
Массаждың сипау әдісінен кейін орындалатын әдіс. Сипалау әдісімен салыстырғанда бұл әдістің өзіндік ерекшелігі сол, күш қолданылып орындалады.
Сылау әдісінің түрлері — алақанның қырымен үйкелеу арқылы орындалады, алақанның қырымен алма-кезек ұру арқылы орындалады (бұл әдіс, сипау кезіндегі орындаумен салыстырғанда қаттырақ күш түсірумен орындалады). Екі қолмен айналдыра (спираль түрінде) орындау.
Сылау әдісінің міндеті — бұлшық еттің созылғыштық қасиетін жетілдіру болып табылады. Уақытында жетілмеген бұлшық ет талшықтарын жетілдіру, бұлшық ет сарысуындағы жиналған керексіз қоспаларды ыдырату арқылы адам денесінен шығару. Бұлшық еттің қан айналымын жақсарту. Әсіресе, адамның буындарында жиналып қалатын тұз құрамын ыдырату арқылы жұмыс функциясын жақсарту.
Сылауды қолдану адам ағзасы үшін ең пайдалы тәсіл. Сондай-ақ, сүйектің сынған жеріне сылауды қолдану да өте маңызды. Бұл буын тарамыстары мен сынған жердегі сүйектің қосылған жеріндегі қозғалмай қалған бұлшық еттерін жетілдіреді.
Сылау әдісін орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Сылау әдісін орындау кезінде ағзаны міндетті түрде босаңсытып ұстау керек. Қалың бұлшық етке сылау әдісін қолдану кезінде массаж жасаушы адамның біраз күш-қуатын жұмсауға тура келеді. Бұл сылау әдісінің ағзаға тигізетін пайдасы осында.
Мүмкіндік болғанша, сылау кезінде май крем, сылауды жеңілдететін заттарды қолданбаған жөн болады. Себебі, сылаудың әсерін төмендетеді және массаж жасаушының көп күш-қуаты кетеді. Сылауды ұзақ уақыт бір жерде қолдануға болмайды. Сылау әдісін ағзаның барлық бағытында орындауға болады.
Сылау әдісінің орындалуы
Сылау екі қолдың қарымымен кезек-кезек орындалады. Екі қолдың кезегімен сылау арқаға, іш-құрылысына, жамбасқа және қол-аяққа жасалады. Бетке, мойынға, қолға бас бармақтың, немесе ортаңғы саусақтың қарымымен жасалады. Екі алақанның қарымымен егеу арқылы сылау өте тиімді болады. Екі қолмен айналдыра сылау буынға, аяққа, қолға жасалады. Саусақтың ұшымен айналдыра сылау арқа, бел омыртқа қабырғаға жасалады. Айналдыра сылауды орындау күшті талап етеді.
Қыздыру Массаждың сипау, сылау әдісінен кейін қыздыру орындалады. Бұл әдістің сипау, сылаумен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Адамның мүшелерін керіп, созып, бүгіп, жазып, айналдыра, бұрау, айқастыру. Қыздыру массажы негізгі екі бағытта орындалады. Біріншіден — адамның мүшелерінің қозғалысы тура өн бойынан орындалса, екіншісі — мүшелерді айқастыру және айналдыра бұрау. Қыздыру әдісінің міндеті, бұлшық еттің созылғыштық қасиетін жетілдірумен қоса, буындардың қозғалмалы қабілеттілігін жетілдіру. Мысалы, көптеген адамдардың тізелері толық өз деңгейіне дейін бүгілмейді, болмаса малдас құрып отыра алмайды. Бұл деген буын жүйесінің толық қанды жұмыс істемегендігінен болады. Массаждың қыздыру әдісі, әрине, білетің адам жасаса 20-30 минут жалпы дамыту жаттығуымен шұғылданғандағы жүктеменің көлеміндей әсер етеді.
Сілкілеу Сілкілеу әдісі — массаж жасаудың соңғы түрі. Бүл әдісті қолданудың мақсаты, алдыңғы жолғы қыздыру әдісіндегі жүктемені тарқату, яғни, бүгіп-жазғандағы, бұрап-созғандағы бұлшық еттердің жұмысын реттеу болып табылады. Әрбір мүшені созып тұрып сілкілеген кезде барлық бұлшық еттер дірілдейді. Осы кезде ағзаның қан айналысы күшейіп, жүйке жүйесінің тамырлары қозғалып, адамның жалпы бойы сергіп қалады.
Сілкілеу әдісінің негізгі үш түрі болады — негізгі сілкілеу, созғылау және итеру. Сілкілеу әдісі негізінен аяқ пен қолға қолданылады. Итеру әдісі де аяқ пен қолға пайдаланылады. Созғылау барлық дерлік мүшеге қолданылады. Мысалы, белгілі бір деңгейде басты да иектің астынан ұстап созуға болады. Сондай-ақ иықты, қол мен аяқты айқастыра созуға болады. Сілкілеу әдісін орындағанда, айталық созғылап, арасында үзіліс жасап, үзіліс кезінде, осы созылған мүшеге шапалақтау, екі алақанның қырымен ұру, төрт саусақтың ұшымен тарау, т.б. әдістерді жасап, сілкілеуді қайта бастайды. Осылайша, бірнеше рет сілкілеу әдісі қайталанады. Сілкілеу әдісі тек массаж жасап тұрған жерге ғана әсер етпейді. Сілкілеудің арасындағы үзіліс кезінде массаждың барлық дерлік түрі қолданылады. Сондықтан сілкілеу массажын бір мүшеге жасаған кездің өзінде ол барлық денеге әсерін тигізеді. Сілкілеу массажының ең негізгі рөлі, яғни, ағзаға тигізетін пайдасы адамның бойындағы уақыты келгендегі сөніп бара жатқан рефлекстерді қалпына келтіреді. Мүшені сілкілеген кезде ағзаның қай жерінде болса да, ауырып тұрған белгісі білінбей кетеді. Себебі, сілкілеген мүшенің амплитуда көлеміне байланысты қан тамырлары тарылып және кеңіп тұрады.Сондай-ақ, асқазан-ішек құрылысының жұмыс істеу функциясы жүйеге келеді. Ішкі бездерінің жұмыс істеу жүйесі реттеледі. Бүкіл ағзада зат алмасу жүйесі қалпына келеді.
Зерттеу бөлімі.
Біз бұл зерттеу жұмыстарын 2015 жылдың мамыр айынан бастадық. Біздің бұл тақырыпты таңдауымызға түрлі себептер болды. Соның бірі біздің байқауымызша орта буыннан бастап оқушылар бір иықты сөмке ұстайды, және олардың жүрісі өзгешелеу болды, яғни олар бір жағына қарай қисайып жүретінін байқадық.
Оқушылардың сколиоз ауруы туралы білімдерінің аздығына көз жеткіздік. Оқушыларға өзіміз тапқан материалдарды реттеп, баяндама жасадық. Оқушылардың қызығушылығы басым болды, бізге сұрақтар көп қойылды. Кейбір сұрақтарға өзіміз жауап беруге қиналдық, ал ондай «қиын» сұрақ қойған оқушыларға мектеп дәрігеріне, биологиядан сабақ беретін мұғалімдерге баруға кеңес бердік . Өзіміз де ол кісілермен үзбей байланыста болдық.
Анкеталық сұрақтар. 26 оқушы, мамыр 2015.
Сұрақ: Сколиозбен ауырудың басты себептері қандай?
Жауап: Оның себебі әр адамда әр түрлі. Айталық оқушылардың барлығы дерлік таңғы жаттығу жасамайды. Және мектеп оқушылары 15 жасқа дейін рюкзак ұстау керек. Ал бізде бастауыштар ғана одан кенйін бір иықты сумкалар ұстайды. Ал енді біреулер бойы ұзын болып соған қысылып бүкірейіп жүреді. Осының бәрі омыртқа жотасының қисаюына әкеп соғады.
Сұрақ: Сколиоздың басқа ағзаға немесе басқа ауруға зиянын тигіземе?
Жауап: Адамның денесіндегі омыртқа өсіп тұрған тал секілді. Омыртқаның ішінде жұлын болады. Егер жұлын қисайып өз міндетін дұрыс атқара алмаса, ол онда адам жүйке дүйесіне кері әсерін тигізеді. Содан жүйке аурулары пайда болады. Омыртқаның бір жері қисайып кетсе,қалған дене мүшесінің барлығы зақымдалады. Ал нервқа әсер еткен соң сабақта оқығың келмейді, ұйқыңда келе береді, адамның асқа деген тәбеті болмайды. Ол аурудың зияны өте көп.
Сұрақ: Осы аурумен ауратын адамдарға ішіп-жеуге тыйым салынаиын немесе пайдалы деген тағамдар барма?
Жауап: Ондай жоқ.
Сұрақ: одан құлан таза айығып кету мүмкінбе?
Жауап: әрине, мүмкін. Ол үшін бассейнге барып, жаттығу жасап, партада, жүріп-тұрғанда өзін барынша тік ұстауға тырысу керек. Содан кейін ол біртіндеп қалпына келе бастайды. Ал 16-18 жас аралығында адам сүйегі қата бастайды, осы кезде емдеу өте қиынға соғады.
Сұрақ: Алдын алу үшін не істеп жатырсыздар?
Жауап: жылда күзде, 8-9 сыныптағы оқушыларды мектеп аралап тексеріп, сколизбен ауратын оқушылардың тізімін жазып алып, олармен жұмыс жүргізіп массаж істейміз. Сұрақ: Қазір тіркеуде қанша оқушы тұр? Жауап: 4 қалалық емхана бойынша 69 оқушы.
Хирург дәрігерден интервью: Хван С.А.Сколиоз считается детской болезнью. Но если раньше ей подвергались дети в основном 10-12, а то и 15 лет, то сегодня это заболевание значительно помолодело.
Последствия сколиоза:
косметический деффект осанки;
нарушения взаимоотношений внутренних органов;
деформация грудной клетки;
нарушение функций сердечнососудистой и дыхательной систем;
в тяжелых случаях возможны нарушения функций спинного мозга.
Вас должны насторожить следующие признаки:
одно плечо, лопатка или бедро находятся выше, чем другое;
складки под ягодицами или коленями асимметричны;
расстояния между опущенными по бокам руками и телом неодинаковы;
характерен небольшой наклон головы в сторону выпуклости искривления (дуги) позвоночника в грудном отделе, таз же смещается в противоположную сторону;
выпячивание рёбер на выпуклой стороне деформации;
одна рука кажется длиннее другой из-за наклона верхней части тела;
талия имеет асимметричные треугольники;
асимметрия в положении сосков молочных желез;
может смещаться пупок со средней линии живота;
деформации более наглядны при наклоне вперёд.
Сынып оқушыларын бақылау нәтижесі: 21 - 28. 05.2015. және 16.01.2016.
Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады. ( Ондай оқушы жоқ.)
Еңкіш дене. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте, еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады. ( Ондай оқушы жоқ.)
Қайқы бел. Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел омыртқалардың анатомиялық қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, біріншіден — омыртқаның бүгіліп-жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады. (Ондай оқушы жоқ.)
Бір иығы бір иығынан аз ғана жоғары. ( І тексеру қорытындысы: 1 оқушыда анық білінеді, ал екінші оқушыда білінер , білінбес; ІІ тексеру қорытындысы : 1 оқушыда ғана белгілер сақталған).
“Терезе ” деформациясы. Бүйір тұсынан төмен түскен қолдар мен бүйір тұсының арасындағы кеңістік. (І тексеру қорытындысы: 1 оқушыда азырақ байқалады; ІІ тексеру қорытындысы: 1 оқушыда азырақ байқалады,яғни бұрынғыдай. ) Екінші тексеру нәтижесінен кейін біз қатты қуандық , өйткені бір оқушыға болса да пайдамызды тигіздік.
Негізгі ескеретін жағдай, омыртқаның қисықтығын массажбен, емделу жаттығуларымен шұғылдану арқылы да қалыпқа келтіруге болады. Сондықтан адам баласы өмірінің қай кезеңінде болса да өзінің денсаулығына бақылау жасап отыруы керек.Дене сымбаттылығын дұрыс қалыптастыру үшін дене шынықтыру жаттығулары арнайы іріктеліп алынады. Адамның сымбаты бұзылған кезде спорттың жекелеген түрімен шұғылдануға болмайды. Тек қана үзбей, тұрақты түрде жалпы дамыту жаттығуларымен ғана шұғылдануға болады. Дұрыс дене мүсінінің қалыптасуына бимен, спортпен (жүзу, атқа салт мініп жүру) шұғылдану жағымды әсерін тигізеді.
Арқа бұлшық еттеріне арналған кейбір жаттығу түрлері:
1.Арқамен жатқан күй. Сколиозбен ауыратын адам алдын –ала тізесі мен басын қосып,әткеншек сияқты қозғалады.Түзу ұсталған аяқтарымен адымдап, шалқасынан жатып,”педаль айналдырады.”
2.Етпетінен жатқан күй. Сколиозбен ауыратын адам қолдарымен сандарын қысып, алма- кезек түзу ұсталған аяқтарын көтереді. Етпетінен жатқан күйде аяқ – қолдарын көтеруге тырысады.
3.Тұрған күй. Сколиозбен ауыратын адам әр түрлі күйде жүреді. Төрт тағандап тұрып, аяқ- қолдарын кезекпен көтереді.Мысықша созылып, омыртқаға түсетін жүкті оңайлатады.
Қазіргі кезде өскелең ұрпақтың денсаулық мәселесіне үлкен назар бөлінеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл-ауқаты туралы қамқорлық біздің мемлекетіміздің саясатының басты міндеттерінің бірі деп айтылған.
2014 жылдың 17 ақпанында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыс қазақ драма театрының ғимаратында «Қарағанды облысы, Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарында табан аяқ пен сколиоз ауруларының алдын алу бойынша денсаулық сақтау технологиясын енгізу» тақырыбындағы әдістемелік–практикалық семинар өткізді. Ұйымдастырушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Салауатты Қазақстандық» республикалық қоғамдық бірлестігі, Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен білім басқармасының қолдауымен өткізді.
Қорытынды:
Жалпы, адам баласының дене қозғалысының , сымбатының түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Өз денесін емін-еркін ұстап жүретін адам қашан да көз тартарлық көрікті болып жүреді. Негізінде адам баласы іштен сымбатты болып тумайды. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады.
Дүниежүзінің өркениетті елдерінің барлығында дерлік халық денсаулығы, әсіресе жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық және мемлекететтік саясаттың басым бағдары болып табылатынын баса айтқымыз келеді. Барлығымыз бірігіп, денсаулығымызға көңіл бөліп ,өз тұлғамызда кемістік болмауына қол жеткізейік!
Мінсіз, сымбатты тұлға біздің ұранымызға айналсын !
Пайдаланылған әдебиеттер:
Балалар энциклопедиясы . Атамұра . 2012ж.
Биологиялық анықтамалар.
Биологиядан оқулықтар . 8 сыныпқа арналған .
Биология және салауаттылық .Алматы
Валеология журналдары . 2003- 2005 ж.
Ғаламтор желісі.
Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.
Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. — Алматы: Мектеп, 1988.
«ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №8 жалпы білім беретін орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Секция: Биология
Тақырыбы: «Оқушылар арасында омыртқа жотасының қисаюы (сколиоз) ауруының кездесу себептері және оның алдын-алу жолдары»
Жоба авторлары: Жумабекова Анель және
Хайыркелди Ақмарал
10 «А»сынып оқушылары
Жоба жетекшісі: Бозаева Рабига Абуовна
химия, биология пәндері мұғалімі
Теміртау, 2016 жыл
Ғылыми жобаны орындау күнделігі
р/с
|
Ғылыми жобаны орындау күнделігі.
|
1
|
Оқушылардың аты-жөні:
Жұмабекова Анель, Хайыркелди Ақмарал
|
Мектебі: «Теміртау қаласының №8 ЖББОМ»КММ
|
2
|
Жоба жетекшісі:
Бозаева Р.А.
|
Сыныбы:
10 «А»
|
3
|
Жобаның тақырыбы: «Оқушылар арасында омыртқа жотасының қисаюы (сколиоз) ауруының кездесу себептері және оның алдын-алу жолдары»
|
|
Ізденіс кезеңі.
|
1
|
Жобаны таңдау себептері:
|
Біздің бұл тақырыпты таңдауымызға түрлі себептер болды. Соның бірі біздің байқауымызша орта буыннан бастап оқушылар бір иықты сөмке ұстайды, және олардың жүрісі өзгешелеу болды, яғни олар бір жағына қарай қисайып жүретінін байқадық.
|
2
|
Жобаны орындауға қажетті талаптар, орындалу шарттары:
|
Тақырыптың жаңашылдығы және мақсаты мен міндеттерінің сәйкестігін басшылыққа алдық.
Орындау шарттары: нақты мағлұматтар мен дәлелдемелер келтіру,тақырыпқа сай жұмыс жасау
|
|
Құрастыру кезеңі
|
1
|
Ізденіс жұмысында жобаға қанша нақты нұсқалар қаралды:
|
Ізденіс кезеңінде жобаға көптеген нұсқаларға,ғалымдардың зерттеулеріне сүйендік. Өз мектебіміз оқушыларын зерртей отырып , нақты мәліметтерді жинай білуге тырыстық
|
2
|
Тиімді нұсқаны таңдауда қандауда қандай мәселені көздедіңдер:
|
Жұмысымыздың қызықты әрі тартымды болуын көздедік
|
3
|
Таңдаған нұсқалар –
ыңның басқа нұсқаға қарағанда
айырмашылығы:
|
Тақырыбымыз өзімізге өте ұнады. Тақырыбымызға байланысты бұрын таныс емес, толық білмеген мәліметтерді, пайдалы жаттығуларды, қызықты оқиғаларды білдік
|
|
Технология кезеңі
|
1
|
Жобаны орындауға барысы қанша кезеңге бөлінді:
|
Жобаны орындау барысы мынадай кезеңдерге бөлінді:
1.Жобаға сай мәліметтер іздестірдік.
2. Кітапханамен байланыс жасадық
3. Ғаламтордан мәліметтер алдық
4. Зерттеу жұмыстарын жүргіздік
|
2
|
Жобаны орындау ба- рысында болған өзге- рістер мен толықты-
рулар:
|
Біз жұмысымыздың мазмұнына сай слайд жасадық, қол жетімді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып жаңа мәліметтермен зерттеу обьектісін толықтырдық.
|
|
Қорытынды кезең
|
1
|
Жобаны орындау барысында қандай қиындықтар болды және одан қалай шықтыңыздар:
|
Жобаны орындауда ешқандай қиындықтар бола қойған жоқ. Бірақ қазақша мәліметтердің аздығы қиындау болды
|
2
|
Жобаға өздеріңіз қандай баға қояр едіңіз?
|
Біз алдағы уақытта өз жұмысымызды әрі қарай жандандырып көбірек оқушыларды қамти отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы жұмысымызға жақсы деген баға қоямыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |