Күні: 9.04. 2014ж.
Сағаты:
|
Қазақ әдебиеті
|
11- сынып жаратылыстану-математика бағыты
|
Сабақ тақырыбы:
|
Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы (1-сағат)
|
Жалпы мақсат:
|
Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы.
Романда көтерілген ел бірлігі,ұлт мүддесі
Бүтін бір халықтың екі империя арасында таласқа түсуі
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
11-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті оқулығы
Романның қысқаша мазмұны жазылған бетшелер
6 қалпақ
|
Оқу нәтижесі:
|
Жазушы өмірі мен шығармашылық жолынан мағлұмат алады
Романның қысқаша мазмұнымен танысады
Бас кейіпкердің тарихи тұлға екенін таниды
АКТ пайдалана алуы
|
Негізгі идеялар:
|
Бұл - тек Демежанның тағдыры емес,қазақ халқының тағдыры
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Оқулық тапсырмалары,
интерактивті тақтадағы тапсырмалар.
|
Оқыту әдістері:
|
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер:
Диалогтік оқыту: сұрақ- жауап, диалог. СТО: Миға шабуыл.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: формативті бағалау:стикерлер, қол шапалақтау. Жиынтық бағалау.
Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық
|
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Психологиялық тренинг
(2 мин)
|
Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру үшін «Велосипед секілді амандасу» тренингін ұйымдастыру.
|
«Велосипед секілді амандасу» тренингі арқылы бір - бірімен амандасу, (ортаға шығып жасау) Әр оқушы бір- бірімен әртүрлі іс әрекетті жасау арқылы амандасады.
|
Топқа бөлу
(2 мин)
|
Әр түрлі түстегі, формадағы конфеттер шашу арқылы топқа бөлу.
|
Шашу теру арқылы топқа бөлінуі
|
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 5 мин )
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|
«Миға шабуыл» стратегиясын қолдана отырып, үй тапсырмасының дайындық дәрежесін білу
1.С.Жүнісовтің қандай шығармаларын білесіңдер?
2.Повестің негізгі тақырыбы не?
3. Басты кейіпкерлері кімдер?
4.Олардың тағдырлары арқылы не айта аласыңдар?
|
Оқушылар негізгі сұрақтарды анықтап, ой қорыту жасап түйіндейді , идеяларын толықтырады
|
ІІІ. Жаңа тақырып
1.Ой қозғау
3 минут
|
Тағдыр сөзіне ассосация жасату
Тақтаға «тағдыр» сөзі жазылады
|
Тағдыр сөзін естігенде ойына не оралады,соны тізбектеп жазады
|
2.Мағынаны тану
1-тапсырма
10 минут
|
Роман бойынша қысқаша мазмұны жазылған бетшелер таратылып беріледі.
|
Жұптық жұмыс
Бетшелер бойынша романды мазмұндап шығады
|
3.Ой –толғаныс
2-тапсырма
5 минут
|
Топтық жұмыс:
1-топ:Р-бүгінгі ұрпақ
А-Демежан
Ф-хат
Т- еліңіз үшін еткен игі ісіңіз үшін рахмет!
2-топ: «Демежанның қара ағашы»- бүгінде саялы жасыл бақ (постер қорғау)
тапсырмаларын береді
|
1.Оқушылар Демежанға хат жазады.
2.Оқушылар Демежан тағдырын бүгінгі өмірмен байланыстырады.
|
ІV.Қорытындылау
7 минут
|
« 6 қалпақ» әдісі
Ақ қалпақ-оқиғаның болғанына фактілер келтіреді
Қара қалпақ- кемшіліктерін, ұнамсыз жақтарын баяндайды
Жасыл қалпақ- өлең шығару, сурет салу
Қызыл қалпақ- эмоциясын білдіреді(қорқу,мұң,қуаныш)
Сары қалпақ-жағымды ,өзіне ұнаған жақтарын айтады
Көк-қорытындылайды,не үйрендің, үлгі алдың?
|
Оқушылар өзіне берілген қалпақтар бойынша өз ойларын айтып шығады.
|
V. Үй тапсырмасын беру (2 мин)
|
Романды оқып,Демежан бейнесін,мінезін,ақыл-парасатын айқындайтын тұстарын жазып келу
|
Тапсырманы жазып алады.
|
VI. Бағалау (3 мин)
|
Формативті бағалау
(Түрлі түсті жетондар бойынша)
жиынтық бағалау
|
Өзін-өзі бағалау
Бағалауға қатысады
|
V.Рефлекция
(3 мин)
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы ойларын білу үшін стикерлер тарату
|
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын «Тілек ағашы» арқылы жеткізу, стикерлерге жазу, ілу.
|
Неге қол жеткіздім?
|
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі бойынша оқушылардың тілдік қорын молайтуға ; көркем шығарманың негізгі идеясын тану арқылы өз халқының тарихы мен тағдырын таныта алуға ,АКТ мүмкіндіктерін мол пайдалана алуға; ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс тұрғысынан оқуға қол жеткіздім.
|