3 Дәріс Кәсіпкерлік ортасының мәні. Бәсекелестік және кәсіпкерлік орта



Дата07.02.2022
өлшемі0,76 Mb.
#83731
Байланысты:
IT 3-Кәсіпкерлік ортаның мәні

3 Дәріс Кәсіпкерлік ортасының мәні. Бәсекелестік және кәсіпкерлік орта

1. Кәсіпкерлік ортасы

2. Бәсеке түсінігі мен түрлері, дамуы

3. Бәсекелік артықшылық пен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және оған әсер ететін факторлар

3 Дәріс сабағындағы негізгі түсініктер

  • Кәсіпкерлік орта;
  • бәсеке;
  • бәсекеге қабілеттілік;
  • бизнес;
  • өндіріс;
  • экономикалық белсенділік;
  • экономикалық ресурстар;
  • акционерлік қоғам;
  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
  • концерн;
  • ассоциация;
  • консорциум ;
  • синдикат;
  • картель

2. Бәсеке түсінігі мен түрлері, дамуы

Бәсеке – қандай да бір құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғам арасындағы күрес.

Бәсекелестіктің негізгі қағидаларына мыналар жатқызылады:

  • Жарыспалылық
  • Адалдық
  • Заңдылық
  • Тұтынушылардың құқықтарын сақтау.

Бәсекенің мәні оның негізгі функцияларында көрініс табылады. Олар:

  • Өндірушінің тұтынушылар сұранысына бағытталуын қамтамасыз етуі;
  • Өндірістің тиімділігінің өсімін ынталандыру;
  • Тауар өндірушілерді дифференциялау;
  • Бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындарды жою(тарату);
  • Тауарлар сапасын арттыру және бағасын төмендетуді ынталандыру.

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады:

  • Жеке-дара – нарықтық қатынастардың қатысушылары тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алудың ең жақсы жағдайын тандауға ұмтылады;
  • Жергілікті – шектеулі территорияда нарықтық қатынастардың қатысушыларының арасындағы бәсекелік күрес;
  • Салалық – нарық салаларының біріндегі бәсекелік күрес;

Салааралық – нарықтың түрлі салалары өкілдерінің сатып алушыларды өз жақтарына тартуы үшін бәсекелесуі;

  • Салааралық – нарықтың түрлі салалары өкілдерінің сатып алушыларды өз жақтарына тартуы үшін бәсекелесуі;
  • Ұлттық – белгілі-бір елдің ішіндегі отандық сатушылар мен сатып алушылырдың бәсекелесуі;
  • Халықаралық – әлемдік нарықта түрлі елдер мемлекеттері мен шаруашылық бірлестіктері, кәсіпорындарының бәсекелік күресі.

Бәсеке тікелей және жанама болуы мүмкін.

Бәсеке тікелей және жанама болуы мүмкін.

Тікелей бәсеке – бір өнім түрі немесе сауда маркасы ішінде болатын бәсекелік күрес.

Ал жанама бәсеке – бәсекелік күрес әртүрлі санаттағы өнімдер арасында орын алады, бірақ сатып алушылық тандау кезіңде баламалар ретінде әрекет етеді.

Бәсеке жүргізу әдісі бойынша бағалық және бағадан тыс болып бөлінеді.

Бағалық бәсеке – баға жөнінде және бағаны көтеру, арттыру және төмендету көмегімен жүргізілетін бәсекелік күрес.

Бағадан тыс факторларға сапа, жаңашылдық, дизайн, погрессивтілік, халықаралық стандарттарға сәйкестілік, техникалық қызмет көрсетудің жеделдігі (сервис) жатқызылады.

2. Бәсекелік артықшылық пен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және оған әсер ететін факторлар

Нарықтық экономика жағдайында бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ету фирманы дамытудың негізі болып табылады.

Бәсекелік артықшылық деп кәсіпорын қызметінің экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық сферасында бәсекелестерден басымдықпен көрінуін айтамыз. Оны түрлі экономикалық көрсеткіштермен өлшеуге болады(табыс, жоғары табыстылық, нарықтық үлесі, сату көлімі).

Бәсекелік артықшылық – өнімнің өзіндік құнының төмен нәтижесі, жанашылдық енгізу, нарық қажеттілігіне тез әсер ету (бейімделу), персоналдың біліктілігі мен еңбек өнімділігінің деңгейі, өндірілетін өнімдердің сапасы мен техникалық деңгейі, басқарушылық шеберлігі, басқарудың әртүрлі денгейлерінде стратегиялық ойлаудың жоғары болуы және өзге ұтымды жағдайларды білдіреді.

Бәсекелік артықшылық – өнімнің өзіндік құнының төмен нәтижесі, жанашылдық енгізу, нарық қажеттілігіне тез әсер ету (бейімделу), персоналдың біліктілігі мен еңбек өнімділігінің деңгейі, өндірілетін өнімдердің сапасы мен техникалық деңгейі, басқарушылық шеберлігі, басқарудың әртүрлі денгейлерінде стратегиялық ойлаудың жоғары болуы және өзге ұтымды жағдайларды білдіреді.

Бәсекеге қабілеттілік- қандай да бір объектінің белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас объектілермен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті ( потенциалды) қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі – компанияны басқару проблемасының барлық спектрі бойынша оның бәсекелік артықшылық нәтижесі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет