Педагогикалық басқару жүйелерінің негізі — ғылыми басқарманың нысаны
Педагогикалық ғылымды жəне тəжірибені түсіну үшін көбісі біртұтас педагогикалық үдерісті басқарманың ғылымның айқындамаларынан байқауға тырысады жəне оған тиянақты қатал сипат береді. Өзге жəне өз еліміздің зерттеушілерінің айтуы бойынша, басқару тек техникалық, өндірістік процесс жəне қиын əллеуметтік жүйе саласында ғана керек емес, ол педагогика саласында да өте маңызды болып табылады. Жалпы басқару, ол айқындалған ақпаратқа негізделе отырып, талдау жасау, бақылау, нысананы мақсатқа жетуі үшін реттеу жəне дұрыс шешім қабылдау. Басқару нысаны болып техникалық, биологиялық, əлеуметтік жүйелер табылуы мүмкін. Əлеуметтік жүйенің ең кең тараған түрлерінің бірі білім жүйесі жəне өзіне тəн елдің, мекеннің, облыстығы, қаланың жəне ауданның барлық жүйелерін қамтиды. Жалпы мектептік білім бұл динамикалық əлеуметтік жүйе сияқты мектепішілік басқарудың нысаны болып табылады. Осыған байланысты мектепті басқару жəне олардың компоненттерін, бөліктерін жəне басқа да қатысушы жүйелерін жалпымектептік білім жүйесі деп қарастырсақ болады. Бұл жүйеге жалпы педагогикалық процесс, сынып оқыту жүйесі, мектеп жұмысын тəрбиелеу жүйесі, қатысушының эстетикалық тəрбие жүйесі кіреді. Жалпы мектепті басқаруды бөлшектеп қарастыру мектепішілік басқарудың мазмұнын көрсетеді [1]. Мектепішілік басқару өз алдына мақсатқа жету, педагогикалық жүйені жалпылама танып білу, нысана заңдылықтарын қарастыру арқылы барынша оңтайлы шешім қабылдау болып табылады. Педагогикалық процесс қатысушыларының жүйесі тізбе сияқты бірінен кейін бірі келесі функцияларды атқарады: педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу. Мектепішілік басқаруды дəстүрлі жүйеде түсіндіретін болсақ, ол субъектінің белгіленген нысанаға басқарушылық жүргізуі; сапаны жақсарту мақсатында басқарушылық жүйенің тигізетін əсері, педагогикалық еңбекке байланысты ғылыми элементтерді енгізу болып табылады.
Қазіргі таңда ықпал ету философиясының орнына, мектепте екіжақты келісім, бірігушілік философиясы орын тапты жəне мектеп басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толықтырылып отыр. Менеджмент теориясы ол жекеше басқару, яғни менеджердің қызметі, яғни оның өзіне деген сыйы, өз қызметкерлеріне сенім артуы жəне олардың табысқа жетуіне ықпалын тигізуі. Менеджменттің нақ осы бөлігі мектепішілік басқаруды толықтырып отырады. Менеджмент идеясының дамуы, олардың мектеп жағдайларына əсер етуі жеке бір бағыттың пайда болуына əкеледі, ол мектепішілік менеджмент. Мемлекеттік басқарудың артықшылығының бірі (білімді), ол мемлекттік білім басқарудың жалпылама бағытқа өтуі [2]. Бұл бағытқа өтудің бірден бір себебі мемлекет пен көпшіліктің ойын біріктіру арқылы ұстаздарға, қатысушыларға, ата-аналарға таңдау еркіндігін беру, яғни оқыту тəсілдерін, оқу ұйымдарын таңдауы. Таңдау құқығы жəне еркіндік адамды тек білім нысаны етіп қана қоймай, білім ұйымдарын, тəсілдерін, қарым-қатынасты таңдайтын белсенді тұлға етеді. Білім жүйесінің беделінің арта түсуі, ол білімге байланысты материалдық, қаржылық мəселелердің шешілуі. Ұйымдастырылған білім жүйесінде маңызды болып. Білім жүйесін дамыту бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама ұйымдық басқарушылық жоба болып табылады, яғни оның мазмұны мемлекеттік саясаттың, білім жүйесінің қағидалары жəне жүргізілетін талдаудың жағдайы, білімнің даму болашағы арқылы анықталады. Сондықтан бағдарламаның үш маңызды бөлімдері қарастырылады: талдамалық, білім жүйесінің дамуы мен жағдайы туралы; концептуалды, бағдарлама қызметінің бағыттары мен тəсілдері туралы; ұйымдастырушылық, көрсетілген қызметтің маңыздылығын анықтайды. «Білім туралы» ҚР Заңында көрсетілген, білімді мемлекеттік басқару жүйесінде келесі қағидалар көзделген, яғни олар жалпы адамдық құндылық, адам өмірі мен денсаулығы, тұлғанаң еркін дамуы; ұлттық тəрбие жəне отанға деген сүйіспеншілік, яғни тəрбиенің жəне білім кеңістігінің бірігуі. Ұлттық тəрбие жəне дəстүрді сақтау мақсатындағы білім жүйесі, білімнің жалпыға қолжетімділігі, білім жүйесінің бөлімдерге, даму түрлеріне жəне қатысушыларына үйренуі, білім жүйесінің еркіндігі. Білім орындарының дербестігі: білімді жалпығы ортақ ету, яғни қатысушының ұлтына, тіліне, жынысына, жасына, денсаулық жағдайына, əлеуметтік, тұрмыстық, қызмет беделіне, тұрғылықты жеріне, дініне қарамастан, біліммен қамтамасыз ету