Факторларды бағалау моделі арқылы есептеп, ХҚО рейтингтерін ұсынады, ал ол өз кезегінде келесіден тұрады



Дата02.07.2018
өлшемі106,86 Kb.
#46056
GFCI туралы
GFCI (Global Financial Centers Index) 2007 жылдың наурызынан бастап, Лондон қаласында штаб-пәтері орналасқан, әлем бойынша 300-ден астам ассоциаланған сарапшылары бар, Z/Yen Group Limited компаниясымен әзірленген, 80 халықаралық қаржы орталықтарының (ХҚО) рейтингтік бағалауының мамандандырылған әдістемесі болып табылады.

GFCI Лондон Сити басқарушысы Corporation of London муниципалды органы үшін, сондай-ақ Z/Yen компаниясының көптеген клиенттері мен серіктестері, баламалы ХҚО қарағанда, Лондон қаржы орталығын позициялау әрі талдау мақсатында әзірленеді.

GFCI есебі әр 6 ай сайын шығарылып, сондай-ақ тоқсан сайын Z/Yen мамандарымен мәліметтерді жаңарту бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізіліп отырады.

GFCI индексі Факторларды бағалау моделі арқылы есептеп, ХҚО рейтингтерін ұсынады, ал ол өз кезегінде келесіден тұрады:



  1. Оnline анкеталау, яғни шетелдік кәсіби инвесторлардың айтылымдары.

Online анкеталау – бұл Z/Yen компаниясының тобымен жасалатын, тұрақты негізде жіберіліп отыратын халықаралық қаржы мамандары мен кәсіби инвесторлардың сұранымы.

Респонденттерді олар жеке білетін қаржы орталығын бағалауды сұрайды, сондай-ақ осы ХҚО бәсекелестігі туралы олардың көзқарасы жайлы пікірлерін есепке алады.

Барлығы 2 786 халықаралық қаржы мамандары және кәсіби инвесторлар сұралып, қаржы орталықтары бойынша 25 749 бағалар алынды.


  1. Инструменталды факторлар (сыртқы факторлар) – бұл бәсекелестіктің 5 негізгі облысында шоғырланған (Бизнес ортасы, Қаржы секторының дамуы, Инфрақұрылым, Адамзаттық капитал, Репутация), қаржы орталықтарын бәсекелестікке әкелетін көптеген факторлардың комбинациясы.

Осы облыстардың қаржы орталықтарымен орындалуы туралы куәліктер мына қайнар көздерге негізделеді: Economist Intelligence Unit, БҰҰ, Дүниежүзілік экономикалық форум және т.б.

GFCI 102 факторды қолданады, оның 37 факторы алдынғы GFCI’13 бастап жаңартылған. Бұған қоса, қандай да бір қаржы орталықтары және қалалар бойынша ресми ақпараттың жоқтығы бағаға кері әсерін тигізеді, мұндай индекстер рейтингке қосылмайды.




Бизнес ортасы:

Институционалды және нормативтік базаны реттеу

Салық салу режимінің тартымдылығы – табыс, корпоративті, инвестициялық табыс салықтар құндарының бәсекелестігі. Салық салудың тұрақтылығы мен мөлдірлігі

Сыбайлас жемқорлық деңгейі – политикалық тұрақтылық және заңнаманың рөлі, бизнесті жүргізу шынайылығы

Қатысушылар үшін экономикалық бостандық – сыртқы байланыстардың макроэкономикалық ортасы, халықаралық қаржы нарықтарына қол жетімділігі. Қаржы орталығында бизнесті жүргізу жеңілдігін сипаттайтын басқа факторлар, бизнес жүргізу үшін тұрақты және алдын ала болжамды орта

Қаржы секторыныың дамуы:


Қаржы делдалдығының деңгейі – капиталдың бар болуы мен клиенттердің қол жетімділігі

Қаржы құралдарының (акциялар мен облигациялар) көлемі, саны, жылдамдығы мен сауда құны, өнеркәсіп көлемі

Бір қаржы орталығында шоғырланған қаржы мекемелерінің саны, жұмыспен қамту

Кластеризация эффектісі – бұл ұлттық және әлемдік деңгейлерде бәсекеге қабілетті компаниялардың бірыңғай нарық, технологиялар, жұмыскердің қажеттілігін, шеберлігін бөлісетін, өнімділікті көтеретін кәсіпорындардың географиялық шоғырлануы, сондай-ақ профильді ЖОО, ҒЗИ және т.б. болуы мүмкін

Инфрақұрылым:


Офистік құрылыстардың қол жетімділігін бағалау – офис үшін жалға алу құны, жалға алуға жеңілдетілген салық салу, коммерциялық жылжымайтын мүліктің сапасы

Қаланың жол-көліктік инфрақұрылымының дамуы, халықаралық маңызы бар аэропорттар мен вокзалдарға аса көңіл аударылады

Телекоммуникациялық каналдардың сапасы мен жылдамдығы

Қауіпсіздіктің жалпы деңгейі – қоршаған орта туралы қамқорлық. Атқарушы және қалалық биліктің жауапкершілігі мен тұрақтылығы

Адамзаттық капитал:


Білікті персонал, мәдениет және шетел тілдерін білуге қол жетімділігі

Персоналдың мобильдігі – еңбек және тәжірибе нарығының, тәжірибелі персоналдың икемділігі

Бизнестік білімді алу мен дамыту мүмкіндігі

Өмірдің сапасы мен деңгейі

Қаржы орталығының аумағында адамзаттық капиталдың тікелей дамуы. Жұмыспен қамту бассейні: компания тұрақты негізде жұмыс істейтін қызметкерлерге қарағанда, 10-15 % аса жоғарғы ақылы шұғыл, бірақ нақты емес келісім бойынша, жұмысқа тұрғызуға жоспары бар қызмет тізімі немесе адамдар тобы

Репутация:


Қаржы орталығындағы физикалық орынға жанама ықпал ететін факторлар – қаланың брендісі және оның танымалдығы

Бағалар деңгейі – инфляцияның өмір қызметінің құнына әсері, елдің түрлі қалаларындағы баға қалыптасуының алуандығы

Қатысушылардың экономикалық көңіл-күйі – мәдени түрлілігі мен тартымдылығы

Қаржы орталығының аумағында өмір сүру сапасы – инновациялар деңгейі, өзге орталықтармен салыстырмалы позициялау.

Сонымен қатар, рейтингте бәсекелестіктің түрлі аспекттерінің профилін белгілейтін 3 түпкілікті шаралар есепке алынады:



Кәсіпқойлық – инвестициялар, банкілік іс, сақтандыру, кәсіби әрі мемлекеттік қызметтер мен реттеу салаларындағы жоғарғы потенциал.

Басқа қаржы орталықтарымен байланыс жасау қабілеттілігі – бүкіл әлемге танымал дәрежесі, сондай-ақ берілген қаржы орталығының өзге орталықтарымен ынтымақтастығы туралы резидент емес кәсіпқойларының ой-пікірі.

Алуан түрлілігі – бизнестің жан-жақтылығы, сондай-ақ индекстердің комбинациясын қолдану арқылы қарапайым не қиын амалдармен өлшеу мүмкіндігі.

ХҚО түрлері. ХҚО талдауы бәсекелестік факторларының 5 түпкілікті бөлімдеріне сәйкес оларды алдын ала айтуға келмейтін және тұрақты қаржы орталықтары деп бөлуге болады.

Алдын ала айтуға келмейтін орталықтар инструменталды факторларға өзгеруінің жоғары сезімталдығына қарай ең жоғарғы даму потенциалына ие, мысалы: Тель-Авив, Рим, Катар және т.б.

Тұрақты орталықтарда (алдынғы қатарлы ХҚО: Лондон, Гонконг, Нью-Йорк, Сингапур) инструменталды факторларға қарай өзгеруінің төмен сезімталдығы тән. Егер қандай да бір қаржы орталығының рейтингі біршама өзгерілсе, бес негізгі факторлардың бірімен ғана ұсынылған жағдайда да, оның потенциалды өсімінің немесе қаржы орталығының рейтингі бойынша төмендеу тенденциясын анықтауға болады.
GFCI’13 салыстырғанда,

GFCI’14 бәсекелестік факторлары бойынша

Азиялық халықаралық қаржы орталықтарының ТОП 5


Рейтингтегі орны

ХҚО

Бизнес

орта

Қаржы секторының дамуы

Инфрақұрылым

Адамзаттық капитал

Репутация

Түсіндірмесі

3

Гонконг

-

-

-

-

(-) 63

Тұрақты ХҚО, 5 факторлардың өзгеруіне сезімтал емес

4

Сингапур

-

-

-

-

(-) 57

Тұрақты ХҚО, 5 факторлардың өзгеруіне сезімтал емес

5

Токио

+2

көтерілді



+3 көтерілді

+1 көтерілді

+1 көтерілді

(+2) 53

Тұрақты ХҚО, 5 факторлардың өзгеруіне сезімтал емес

10

Сеул

-

+7 көтерілді

-

-

(-) 50

Динамикалы дамып келе жатқан ХҚО

15

Сидней

-

-

-

-

(-) 32

Тұрақты ХҚО, 5 факторлардың өзгеруіне сезімтал емес

Қаржы орталықтарының тартымдылығын бағалау мақсатында, инвесторларды олардың географиялық орындары бойынша жіктейді: Еуропа, Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Таяу Шығыс/Африка, Азия/Океания, сондай-ақ Оффшорлар. Қаржы орталықтарына баға беретін географиялық аймақтарды назардан тыс қалдырмаған жөн, себебі Солтүстік Америка мен Оффшорлардың инвестициялау бойынша жағымды ой-пікірлері рейтингте бірден 32-орында Тель-Авивтің пайда болуына әкеп соқты. Барлық респонденттердің саны 1592, жекелей алғанда, Еуропа 659, Солтүстік Америка 237, Латын Америкасф 11, Таяу Шығыс /Африка 68, Азия/Океания 373, сондай-ақ Оффшорлар 244.


Қазақстан және отандық қор нарығында қалыптасқан жағдай туралы сөз қозғайтын болсақ, бәсекелесті қаржы орталығын құру үшін мемлекет тарапынан үлкен күш-қуат жұмсалғаны бәрімізге мәлім.

GFCI индексін санауына Алматы қаласының қаржы орталығы әлі кірмеді, алайда АӨҚО 2012 жылы GFCI рейтингінің анкеталау моделіне «Болашағы бар қаржы орталықтарының тізімінің» (GFCI 11.5) алдын ала рейтингісіне енді. GFCI’14 рейтингі нәтижелері бойынша Алматы анкеталауға жаңа ғана енгізілген, бірақ әлі инвесторлар тарапынан жеткілікті баға алмаған қала ретінде аталады.

Сонымен қоса, Annual Global City Competitiveness Index 2012 мәліметтері бойынша Алматы 120 қалалардың ішінен рейтингте 100-орынға табан тіреді, ал елордасы Астана рейтингке енгізілмеген. Global Competitiveness Index ақпараттарына сәйкес Қазақстан 2012-2013 жж. әлемнің 144 елдерінің ішінен 51-орында.



Айта кететін жәйт, Қазақстанның геополитикалық орны АӨҚО-ң ТМД кеңістігінде капитал тарту орталығы мәртебесіне ие болуы әбден ықтимал.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет