Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет24/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T
1574347730325 (1)
Экономикалық көрсеткіштер
жұмыспен қамтылудағы 
өзгерістер
еңбекақының жылдық қорының 
өзгерістері
мекемелер мен ұйымдағы 
өзгерістер
Әлеуметтік көрсеткіштер 
үй шаруашылықтарының 
орташа табысы
жұмыссыздық деңгейі
кедейшілік деңгейі
жан басына шаққандағы табыс 
мөлшері


48 
Сурет 15 – АҚШ-тағы ескі өнеркәсіптік қалаларды жаңғыртудың бағыттары 
(Brookings Institution деректері бойынша құрастырылды) 
Ескі өнеркәсіптік қалалар арасында ірі қалалар да бар. Олардың бірі – 
өнеркәсіптік дамудан іскер қалаға айналған Балтимор қаласы. Мемлекет 
қалаларды қалыптастыру мен қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады. 
Штаттар қалалық аумақтардың қаңқасын жобалап және инфрақұрылымдық 
және қаржылық жобаларды бекітеді, инвестициялық және әлеуметтік 
жобаларды қолдайды. АҚШ-тағы Мэриленд штатында орналасқан Балтимор 
қаласы қазіргі жаңғырту саясатын берік ұстанып, ақылды даму стратегиясын 
жүргізу арқылы қоршаған ортаны көгалдандыру, қала ортасын тұрғындар үшін 
аса қолайлы аумаққа айналдыру бағытында жетістіктерге жетуде. Дегенмен, 
дамудың жаңа бағытына көшіп, жаңғыртуды қажет ететін өнеркәсіптік қалалар 
арасында тұрғындарының саны 30 000 мен 200 000 аралығында болатын шағын 
және орташа қалалар басым. Олар өз кезегінде ірі қалалардың даму үлгілерінен 
тәжірибе алады.
Қаладағы жағдайды өзгерту
тозған инфрақұрылымды жаңарту
қала дамуына ықпал ететін жобаларды 
инвестициялау
нарықта сұранысқа ие болатын
сайттарды жасау
Көршілес аумақтарды таңдамалы дамыту
тұрғын үй қорын аралас пайдалануды 
қолдау және қосымша табыс көзіне 
айналдыру
қалаішілік нарықты ұлғайту арқылы 
тұрғындардың сатып алу қабілетін 
арттыру
қаланың тарихи бөлігін сақтау және 
қалпына келтіруге инвестиция тарту
Экономикалық қуатты арттыру
белсенді орталықтарға инвестиция салу
бәсекеге қабілетті салаларға басты назар 
аудару 
аймақаралық байланыстарды нығайту
Орташалар табын дамыту
тұрғындарға бәсекелестік біліктіліктер 
беру
табысы төмен қызметкерлерге жаңа 
жұмыстар қарастыру
қала аудандарында кедейшілікпен 
байланысты шығындарды қысқарту
Қала негізін нығайту
көшелерді қауіпсіз ету
кәсіпорындар мен тұрғындар үшін 
бәсекелік орта қалыптастыру
мектептердің маңын өзгертіп, гүлдендіру


49 
Огайо штатындағы өнеркәсіптік қалалардың даму мәселелерін ғылыми 
тұрғыда зерттеуде Жер саясаты жөніндегі Линкольн институты (Lincoln 
Institute of Land Policy)
ғалымдарының үлесі зор. Бұл мекемеде жүргізілген 
зерттеу жобаларының бірі – «Revitalizing America’s Small and Medium Sized 
Legacy Cities» (Американың шағын және орташа ескі қалаларын жаңғырту) деп 
аталады [84].
Үлкен Огайо саяси орталығының (Greater Ohio Policy Center –GOPC) 2016 
жылғы маусымда жариялаған «Акроннан Занесвиллге дейін: Огайодағы шағын 
және орташа ескі қалалардың жағдайы қалай?» деп аталатын есебінде Огайо 
штатындағы тұрғындар саны 20 мыңнан асатын ескі өнеркәсіптік қалаларында 
жалпы саны 1 млн-ға жуық адамдар тұратыны және бұл қалалардың штат 
экономикасына қосатын үлесінің аса маңызды екендігіне басты назар 
аударылған [85]. Бұл штаттағы шағын және орташа қалаларда Үлкен Огайо 
саяси орталығының 2000-2014 жылдары жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 
мынадай қорытындылар жасалған:
-
Огайодағы шағын және орташа қалалар мен олардың төңірегіндегі 
аумақтар соңғы онжылдықтарда тұрғындар санының азаюы, негізгі өнеркәсіп 
салаларының қысқаруын бастан кешіруде. Соңғы экономикалық дағдарыстың 
ықпалынан шағын қалалардағы жағдай одан әрі ушыға түсті. 
-
Орташа қалалардың қаламаңы аумақтарында халық санының азаюы, 
экономикалық жағдай мен тұрғын үй нарығында тұрақсыздық қаупін 
төндіруде. Мысалы, Акрон, Дейтон, Толедо, Кантон және Янгстаун тәрізді 
орташа қалаларда жылжымайтын мүлік нарығы күрт қысқаруға ұшырады.
-
Қала шағын болған сайын, экономикалық проблемалар ұлғая түсуде: 
үлкенірек қалалардың даму мүмкіндіктері де шектелгенімен, үлкен мәселелер 
әлі туындаған жоқ.
Зерттеушілер Огайо штатындағы шағын және орташа қалалардың дамуына 
қатысты ғылыми негізделген ұсыныстар жасаған. Бұл ұсыныстарда күшті 
аудандарды қолдауға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді стратегияларды 
жүзеге асыру; жекелеген қалалардағы экономикалық дамуды жақсарту үшін 
жергілікті 
айрықша 
ресурстарды 
пайдалану 
жоспарларын 
жасау; 
инвестициялық жағдайды жақсарту үшін аймақтық ынтымақтастыққа қолдау 
көрсету және мемлекеттік шараларды жоспарлау мен жүзеге асыруда жергілікті 
жердің өзіндік ерекшеліктерін ескеру, яғни «бір өлшем барлығына дәл келеді» 
деген саясаттан аулақ болу атап көрсетілген [85]. 
2015 жылдың ақпанында Үлкен Огайо саяси орталығы «Көршілес 
нарықтарды қайта құру: Шағын кәсіпкерлікті қолдау және Огайодағы елді 
мекендерде мүлікті коммерциялық мақсатта қайтадан пайдалану» тақырыбында 
дөңгелек үстел өткізген [84]. Бұл шаралар шағын және орташа қалалардағы 
жергілікті әкімшілік пен іскер топтарға бос қалған жылжымайтын мүлікті 
қандай мақсаттарға қайта пайдалануға қатысты ақыл-кеңестер беруге 
бағытталған.
Біз америкалық тәжірибені пайдаланып, Қазақстандағы өнеркәсіптік 
моноқалаларда да жұмысын тоқтатқан кәсіпорындардың ғимараттары мен 
босаған тұрғын үй қорын іскерлік мақсатта қайта пайдалану мәселелерін осы 


50 
тектес жолмен шешуге әрекет жасау қажет деп есептейміз. Сонымен қатар, 
дағдарыстық жағдайдағы моноқалалар экономикасын қайта жаңғыртуда келесі 
қалалардың тәжірибесін тартымды үлгі ретінде қарастыруға болады.
 
Флинт (Мичиган штаты) – 1819 жылы негізі қаланды, 1855 жылы қала 
мәртебесіне ие болды. Алғашқыда ағаш өңдеу өнеркәсібі жақсы дамыды. XX ғ-
дың басында «Buick» және «Chevrolet» компаниялары қызметі нәтижесінде 
Флинт қаласы АҚШ-тағы ірі автомобиль өндірушіге айналды. 1908 жылы В. 
Дюран Флинтте атақты «General Motors» компаниясының негізін қалады. 1960 
жылары автомобиль құрастыру жұмыстары жемісті болды. Уақыт өте келе 1973 
жылғы мұнай дағдарысы автоөнеркәсіпке негізделген қала экономикасына кері 
әсер 
етті. 
Қала 
экономикасын 
«құтқару» 
жолында 
экономиканы 
әртараптандыру ісі қолға алынды. Басымдық шағын өндірушілерге және 
қызмет көрсету саласына берілді. Аумақтың географиялық орналасуын тиімді 
пайдалану негізінде логистикалық қызметтер дамыды. Соңғы жылдары білім 
беру 
саласы 
қарқынды 
дамуда. 
Мичиган-Флинт 
және 
Кеттеринг 
университеттерінде 
заманауи 
студенттік 
кампустар 
құрылды. 
Университеттерде 20 мыңға жуық студенттер білім алуда, нәтижесінде 
заманауи Флинт АҚШ-тағы университеттер қаласы санатына қосылды. Әйтсе 
де, жүзеге асырылған іс-шаралар кешеніне қарамастан халық саны біртіндеп 
азаюда (1960 жылы – 197 мың, 2000 жылы – 125 мың, 2012 жылы – 100 мың) 
[86], осыны ескерген Forbes журналы Флинтті АҚШ-тағы тез «өліп» бара 
жатқан 10 қаланың қатарына қосқан.
Янгстаун (Огайо штаты) – темір кені мен тас көмірдің ірі кен орындары 
бар және көлік желісі жақсы дамыған қала. Қала мәртебесін 1867 жылы алды. 
XIX ғасырдың аяғында бұл қала ірі металлургиялық орталық саналды. 1970 
жылдан бастап металлургиялық құлдырау басталды, нәтижесінде 1977 жылдың 
19 қыркүйегі «Қаралы дүйсенбі» ретінде тарихта қалды. «Youngstown Sheet and 
Tube» компаниясы барлық металлургиялық кәсіпорындардың жабылғанын 
хабарлады. Сол уақытта қалада бір мезгілде 40 мың жұмыс орны (қаладағы 
халық саны 130 мың шамасында) жоғалды [77, б.459; 87]. Металлургиялық 
күйреуден соң жұмыспен қамту мүмкін болмады. Дағдарыстық жағдайдан 
шығу жолында билік жүргізген іс-шаралар кешені өңдеу өнеркәсібіне 
негізделді. Сонымен бірге, қаладағы жұмыссыздықты жою үшін кәсіпкерлікпен 
айналысатындарға жеңілдіктер жасалды, бизнес-инкубаторлар жұмыс жасады, 
жаңа технологиялық дамушы компанияларды ынталандырды. Қала білім 
орталығы ретінде де жақсы дамыды. 13 мыңға жуық білім алатын Янгстаун 
университеті ірі жұмыс беруші болып саналады. Экономиканы әртараптандыру 
талпынысы біршама өз жемісін берді, жан басына шаққандағы табыс көлемі аз 
болғанымен, жұмыссыздық мәселесі өз шешімін тапқан.
Бирмингем (Алабама штаты) – АҚШ-тағы Азаматтық соғыстан кейін 1871 
жылы негізі қаланды. Тас көмір мен әктастың және темір кенінің мол қоры бар 
бұл қала темір жолдардың қиылысқан қолайлы аумағында орналасқан. Қала 
қара металлургияның орталығы ретінде дамыды. 1930, 1957, 1960 жылдардағы 
дағдарыс салдары экономикалық құлдырауға негіз болды. Қазіргі таңда қала 
экономикасы әртараптандырылған. Негізінен басымдық медициналық 


51 
қызметтерге берілген, сонымен қатар, сауда, қаржылық операциялар, ғылыми 
зерттеу жұмыстары, автомобиль бөліктері өндірісі мен металл өңдеу салалары 
жақсы дамыған. Кейде тіпті Бирмингемді «кіші Детройт» деп те атайды. 
Медициналық қызмет секторының жақсы дамуы қаланы әлемге танытты. 
Алабама университетіндегі Медициналық Орталық, Бирмингем Оңтүстік 
зерттеу институты, Оңтүстік-Шығыс бейкоммерциялық зертханасы әлемдегі 
емделуі қиын аурулармен (қатерлі ісік, қан-тамыр аурулары, қант диабеті және 
т.б.) күресуде. Қолайлы географиялық орналасуы инфрақұрылымды дамытуға, 
көлік-логистикалық орталықтарын құруға бастама болды [87-88]. Қазіргі таңда 
Бирмингем - өнеркәсібі әртараптандырылған және жаңа технологиялық 
дамумен, инновациялық жетістіктермен ерекшеленеді. Бирмингемнің даму 
жолы - депрессиялық жағдайдағы монопрофильді (бір салалы) құрылымнан, 
экономиканы әртараптандыру мәселесін сәтті шеше білген үлгі ретінде 
саналады.
Жапонияға жоғары деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілік және қала 
құраушы кәсіпорындар мен муниципалдық биліктің ынтымақтастығы тән.
Камаиси - Иватэ Префектурасының оңтүстік-шығысында, Санрику 
жағалау сызығының орталық бөлігінде орналасқан. Қаланың негізгі 
географиялық артықшылығы теңізге жақын орналасуында және балық 
шаруашылығы қала дамуында ерекше рөлге ие. XIX ғ-дың аяғы ХХ ғ-дың 
ортасына дейін қала Жапония ауыр өнеркәсібіндегі болат құюдың орталығы 
ретінде дамыды. 1960 жылдары қала құраушы Kamaishi Steel Works 
кәсіпорынында 12 400 адам жұмыс істеді (бұл қала халқының 36%). Уақыт өте 
келе, ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік компания дамуына кері әсер 
етті. Салдарынан 1989 жылы компанияның соңғы домна пеші жабыларда мұнда 
1 350 адам ғана жұмыс істеді. Аталған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді 
шешуде жергілікті билік пен қала құраушы кәсіпорын бірлесе отырып іс-
шаралар кешенін бекітті. Негізгі басымдық ғылымды қажетсінетін өндіріске 
жағдай жасау үшін және бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін технопарктер 
құруға, электроника мен ақпараттық жүйелерді дамытуға берілді. Әлеуметтік 
жауапкершілік тұрғысынан ұлттық ерекшелік маңызды саналды. Жапонияның 
ұлттық ерекшелігі: компания қызметкерлерді жұмыспен қамтуда негізгі 
басымдық «ғұмырлық жалдау» жүйесіне берілді. Бұл жүйе бойынша 
қызметкерлер мен компания арасында келісім-шарттар жасалады. Келісім-шарт 
«тұрақты» және «уақытша» болады. «Уақытша» келісім-шарт жасасатындар 
белгілі бір мезгілге ғана негізделсе, «тұрақты» келісім-шарт жасайтындарға 
әлеуметтік жауапкершілік маңызды болды. «Тұрақты» жұмыскерлер оқу орнын 
бітіргеннен зейнет жасына дейін жұмыс жасауға міндеттелді. Сол себепті 
оларға әлеуметтік жеңілдіктер (жеңілдікпен үй алуға, кредит алуға, 
медициналық қызметтер, сауықтыру үшін демалыстар т.т.) жасалды. 
Камаисидегі «тұрақты» жұмыскердің әлеуметтік жағдайын мойнына алған 
компаниялар мен муниципалдық биліктің ынтымақтастығы жұмыссыздық 
мәселесін шешудің баламалы нұсқасы саналды [77, б.460]. 
Қытайдың
 
шағын және орта қалаларын зерттеу негізінде, ғалымдар 
мынадай нақты іске асыру стратегиясын тұжырымдаған: 1) қызмет көрсету-


52 
өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы бағыты, 2) қалалық жобалаудың 
шығармашылық бағыты, 3) іс жүзінде шағын қалалардың тартымдылығын 
арттыру үшін нақты нысандарды салу [89]. 
Зерттеушілер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет