58
қағидаттары белгіленді: субсидиарлық (мемлекет
және т.б. институттардың
қызметі мен ұйымдастыру принципі, бұл қағидатқа сәйкес жоғарғы органдар
төменгі органдар шеше алмайтын міндеттерді мойнына алады
),
серіктестік,
қалалық мәселелерді шешудегі мемлекеттік және жеке секторлар, экологиялық
тұрақтылық, нарықтық тетіктерге болжалды тірек, нарықтық тиімділік және т.б.
3.
Стамбұл декларациясы және Хабитат Күн тәртібі (1996 ж.)
,
жергілікті муниципалдық құрылымдарды қолдау бойынша іс-шаралар жоспары
және жүзеге асыру тетіктері бекітілген.
Жоғарыда келтірілген шет елдер тәжірибелерін талдау барысында, әлемдік
нарықтағы шикізат бағасының құбылуы, табиғи ресурстарға деген сұраныстың
азаюы, қаржы-экономикалық дағдарыстың салқыны - табиғи ресурстарды
өндіруге және өңдеуге маманданған елді-мекендер үшін тұрақсыз жағдай
қалыптастыратыны анықталды. Бұл жағдай - әлем елдеріндегі бір салалы
экономикасы бар шағын қалаларға тән ортақ мәселе.
Шет елдердегі бұл мәселенің негізгі шешімі: олардың экономикасын
әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру, экономиканың
шикізаттық емес салаларын дамыту, білім беру мен ғылымды көңіл бөлу,
мемлекет тарапынан әлеуметтік және заңдық қолдау қажет екендігін көрсетіп
отыр.
Достарыңызбен бөлісу: