Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет45/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

1.
 
Тұрғын үйлер және қоғамдық-іскерлік зонасы.
Зона негізін Кеңгір 
бөгенінің оңтүстік және батыс бөлігінде араласа орналасқан 
тұрғын үйлер
мен 
қоғамдық-іскерлік
орталықтары құрайды. Қалада тұрғын үйлердің: блокты 
тығыздығы жоғары құрылыс нысандары (көпқабатты және аз қабатты учаскесіз 
тұрғын үйлер), тұрғындардың жеке үй-жайлары (учаскесімен), маусымдық 
тұрғын үйлер кездеседі. Білім беру мекемелері, денсаулық сақтау және 
әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, дене шынықтыру және спорт 
ғимараттары, басқару, іскерлік, қоғамдық, ғылыми, банктік, діни, мәдениет


86 
Сурет 24 - Жезқазған қаласы аумағын функционалдық зоналарға 
бөлудің үлгісі (моделі) 


87 
және өнер мекемелері, қоғамдық тамақтану және сауда орындары қаланың 
қоғамдық-іскерлік орталығын қалыптастырады. 
2.
 
Өнеркәсіптік зона.
Бұл зона қаланың шығыс-оңтүстік-батыс бөлігін, 
яғни қаланың негізгі бөлігін қоршай орналасқан. Жезқазған қаласының 
өнеркәсіптік 
белдеуін 
«Жезқазғансирекмет» 
РМК 
және 
«Қазақмыс 
корпорациясы» ЖШС құрамына кіретін 20 кәсіпорыннан тұратын бөлімшелер 
құрайды. Олар: №1 және №2 «Жезқазған түсті металлургия» кен байыту 
фабрикасы, мыс қорыту зауыты, «Қазкат» зауыты, Жезқазған жылу электр 
орталығы, құю-механикалық зауыты, темір-бетон конструкциясы зауыты, 
Жезқазған мамандандырылған құрылыс-жөндеу басқармасы, ксантогенат 
өндірісі бойынша тәжірибелік-өндірістік қондырғылар аумағы, №1 автокөлік 
кәсіпорыны, темір жол көлігі өнеркәсіптік кәсіпорыны, құрылыс-жөндеу 
басқармасы, энерготехнологиялық жабдықтарды жөндеу және құрастыру 
бойынша мамандандырылған басқармасы, оттегі станциясы, электр жөндеу 
цехы, жеңіл автокөлік кәсіпорыны, жол құрылысы кәсіпорыны, кенсіз 
материалдар тау-кен кәсіпорыны, «Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорыны» 
АҚ, медициналық орталық қазандығы, «Орленок» соматикалық белгісіндегі 
(тән аурулары) балалар шипажайы қазандығы. 
3.
 
Ауыл, орман шаруашылығы және қала құрылысы мақсатындағы 
жерлер.
Қаланың болашақ даму бағыты ретінде саналатын бұл зона - қаланың 
солтүстігінде орналасқан. Қала тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен 
қамтамасыз етуде (мысалы: жылыжай кешендерін орналастыруға), орманды 
алқаптардың үлесін арттыруда және қала құрылысын дамытуда бұл зонаның 
маңызы зор.
4.
 
Рекреациялық зона.
Бұл зонаға көпшілік қауымның демалыс орындарын, 
өзендер, су қоймалары және жағалау алаптарын жатқызуға болады. Атап 
айтқанда, қаладағы Наурыз және Жастар саябағы, Ғарышкерлер бульвары, 
«Металлург» стадионы маңындағы саябақ, Кеңгір бөгенінің және Қара Кеңгір 
өзенінің жағалаулары рекреациялық зонаға негіз болады.
5.
 
Су насандарының зонасы.
Зона негізін Қара Кеңгір өзені мен қаланың 
солтүстік бөлігінде орналасқан Кеңгір бөгені құрайды. Қала халқын ауыз сумен 
қамтамасыз етуде, қаладағы ірі зауыттар мен кен байыту фабрикаларында, яғни 
өндірісті сумен қамтуда және қала маңындағы елді-мекендер тұрғындарының 
ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануында бұл су нысандарының маңызы 
зор. Сол себепті, аталған су нысандарын жеке функционалдық зона ретінде 
қарастыруға болады.
6.
 
Арнайы белгіленген аумақтар зонасы.
Бұл зона қаланың шығыс, 
оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде шашырай орналасқан. Бұлардың ең ірісі 
- №1 және №2 «Жезқазған түсті металлургия» кен байыту фабрикасының 
қалдық қоймасы. Қалалық жылу электр орталығынан шығарылған күл 
үйінділері, тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытша сақтау орындары және 
зираттар арнайы белгіленген аумақтар зонасын құрайды.
7.
 
Пайдалануға қолайсыз және пайдаланылмаған аумақтар зонасы

Қаланың оңтүстік және шығысында өнеркәсіптік, арнайы белгіленген аумақтар 
және инженерлік инфрақұрылымдар зоналары аралығындағы жерлер. Бұл 


88 
зонадағы кей жерлерде (қалдық қоймасы маңында) антропогендік өзгерістер 
қатты байқалса, кей жерлерде тозығы жеткен инженерлік инфрақұрылымдар 
(ескі аэропорттың ұшу алаңы) кездеседі. Сол себепті мұндай жерлерде қала 
құрылысын дамыту тиімсіз. Тек арнайы іс-шаралар (абаттандыру, инженерлік 
т.б.) кешенін жүзеге асыру арқылы оңалтуға болады. 
8.
 
Инженерлік және транспорттық (көлік) инфрақұрылымдар зонасы.
Бұл зонаға қаланы сыртқы ортамен байланыстыратын республикалық және 
облыстық маңыздағы көлік жолдары (автомобиль және темір жолы), темір жол 
вокзалы, автостанция, коммуникациялық байланыс желілерінің ғимараттары, 
қаланы және өнеркәсіп орындарын жылумен және сумен қамтамасыз ететін 
инженерлік желілер жатады.
Қала мен оның маңының табиғи ортасының ерекшеліктеріне талдау жасау 
нәтижесінде жергілікті ландшафт құрылымында әртүрлі функцияға ие болатын 
элементтердің мынадай қасиеттерге ие болатыны анықталды (25-сурет). 
Сурет 25
 - 
Жезқазған қаласы мен маңындағы аумақтың табиғи-экологиялық 
каркасына негіз болатын элементтер 
Жалпы, қаланың жер көлемі - 859 872 га. Жезқазған қаласының жер 
қатынастары бөлімінің ресми деректері бойынша 

139

, қала аумағындағы жер 
құрылымында ауыл шаруашылық жерлері басым (6-кесте). Бұл өз кезегінде 
табиғи-экологиялық каркас ауқымын ұлғайтады.
Кесте 6 - Жезқазған қаласының жер санаттары бойынша құрылымы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет