Алиаскаров думан тоқтарұлы қазақстан моноқалаларының инновациялық даму үрдістерін географияда оқытудың әдістемелік негіздері


-тақырып. Туристік әлеуеті (4 сағ.)



Pdf көрінісі
бет41/62
Дата13.12.2022
өлшемі6,67 Mb.
#162633
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62
Байланысты:
Aliaskarov D.T

11-тақырып. Туристік әлеуеті (4 сағ.) 
11 
Экскурсиялық 
саяхат (қаладағы 
және қала 
маңындағы тарихи-
географиялық 
маңызы бар туристік 
нысандарға саяхат ) 
Мұражайлар (тарихи, өлкетану, ашық аспан асты, 
мемориалдық мұражай-үйі және т.б.). Архитектуралық 
нысандар. Мәдени-ағарту және спорттық нысандар. 
Рекреациялық сауықтыру мақсатындағы нысандар 
(саябақтар, арасандар, шипажайлар). Тарихи-рухани 
орындар. Ерекше қорғалатын табиғи-географиялық 
нысандар. Табиғат ескерткіштері.
12-тақырып. Қала экологиясы. Қоршаған ортаны сауықтыру (4 сағ.)
12 
Экскурсиялық 
саяхат, ғылыми 
жобалау жұмыстары 
Қала халқының өсуіне байланысты мәселелер. Ірі 
өнеркәсіптер, зауыттар мен комбинаттар. Автокөліктердің 
көбеюі. Қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуы: а) 
тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы; б) өндірістік 
орындардың қалдықтарымен ластануы. Қоршаған ортаны 
ластайтын ірі өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысу. 
Оқушылардың табиғатқа көзқарасы. Қоршаған ортаны 
сауықтырудың алғышарттары. 


81 
Жалпы, оқушыларды ғылыми ізденіс іс-әрекеттеріне үйрету көптеген 
ғалымдар мен педагогтардың еңбектерінде көрініс тапқан. Ғылыми-зерттеу іс-
әрекеттері дамыта оқытудың негізгі психологиялық заңдылықтарын 
айқындайды [111- 114]. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 7-9 сыныптарға 
арналған «География» пәні бойынша, типтік жаңартылған білім беру оқу 
бағдарламасында оқу жобасы туралы айтылған. Бұл ғылыми-зерттеушілік, 
шығармашылық немесе практикалық сипаттағы мәселелерді шешу бойынша 
нәтижеге бағытталған білім алушының немесе білім алушылар тобының оқу-
танымдық іс-әрекеті. Ол жалпы мақсатпен, белгілі бір әдіспен, әрекеттердің 
орындалу реттілігімен, толық қабылданған шешім және нәтижелермен, алынған 
нәтиженің белгілі бір тәсіл арқылы рәсімделуімен сипатталады [65]. Білім беру 
үдерісінде жобалау әдісін пайдаланудың тиімділігі, зерттеушілік құзыреттерді 
қалыптастырудың негізі бола алатынын қарастырайық. 
Зерттеушілік жобаның құрылымы ерекше болады. Алдымен мұндай 
жобаның тақырыбының көкейкестілігі, маңыздылығы анықталады. Қандай 
әдістер 
арқылы 
орындалатындығы 
көрсетіледі. 
Әдістердің 
ішінде 
эксперименттік және тәжірибелік жұмыстар, олардың қалай жинақтап 
қорытындылайтындығы белгіленеді. Жобаның мұндай түрі ғылыми зерттеу 
жұмысымен ұқсас жүргізіледі. Осы ретте, біздің зерттеуімізге негіз болған 
моноқалалардың инновациялық даму мәселелеріне қатысты жобалық жұмыс 
орындаудың маңызы артады. Мысалы, жоғарыда келтірілген күнтізбелік 
жоспардағы «Қала экологиясы»
 
тақырыбын өткенде білім алушыларға жобалау 
әдісін пайдаланып, оқу-зерттеу жобасын жасатуға болады. Бұл бізде Текелі 
және Жезқазған моноқалаларының қоршаған ортасын сауықтыру мысалында 
орындалды. Төменде орындалған жобалық жұмыстың үлгісі ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет