Өсімдікте бірінші және екінші ретте синтезделетін кейбір биологиялық белсенді заттар. Қазіргі кезде Қазақстанда 6000-нан астам өсімдік шикізатының түрі белгілі. Осы өсімдіктерде бірінші ретте синтезделетін – көмірсулар, ақуыздар, ферменттер және липидтер. Сонымен қатар өсімдік шикізатында макро- және микроэлементтер болады. Ал екінші ретте синтезделетін қосылыстарға – полифенолдар, алкалоидтар, антрахинондар, тағы басқа көптеген кластар жатады. Біз полифенолдардың ішіндегі флавоноидтарға тоқталайық. Флавоноидтар өсімдіктерде гликозид және бос (агликон) күйінде кездеседі, олардың құрылысында орын басар ретінде алкил, ацил немесе басқа функционалды топтар болуы мүмкін. Таза күйінде олар су мен спирттерде еритін кристалды немесе аморфты заттар болып табылады. Дифенилпропанды С6-С3-С6 қаңқасы бар флвоноидтар органикалық қосылыстардың түрлі және кең таралған тобы. Олар бір-бірінен гетероциклді С сақинасының тотығу дәрежесімен ажыратылатын 2,3-дигидро бенз-γ-пиран - флаван-3-олдар немесе катехиндер, флаван-3,4-диолдар т.б. Көмірсулар: - ДНК, РНК, гликопротеидтер, липополисахаридтер, хитин құрамына; - кейбір дəрілер құрамына; - адам өміріне қажетті өндірістік заттар құрамына кіреді. Басқа тағамдық заттармен салыстырғанда көмірсулар бір түрден, екінші түрге белгілі энергия тудырып жеңіл айналады, сол энергия адам өміріне өте қажет. Көмірсулар – полиоксиальдегидтер немесе полиоксикетондар жəне олардың туындылары. Моносахаридтер – көмірсулардың элементар бөлігі, оның молекуласы қаныққан көмірсутек атомының тізбегінен тұрады, олардың əр қайсысында гидроксил тобы болады да, біреуі альдегидке дейін немесе кетон тобына дейін тотыққан болады. Көмірсулардың жіктелу жүйесі Фишер формуласынан перспективалы Хеуэрс формуласына өту көрсетілген. D-глюкоза жəне D-фруктозаның пиранозалы жəне фуранозалы түрлері аномерлі ортасы α- жəне β- аномерлер конфигурациясы жазылған
Достарыңызбен бөлісу: |